Омонимдер
Тақырыбы:
Омонимдер
Мақсаты:
білімділік: Оқушыларға омоним сөздің емлесін мысалдар келтіру
арқылы ұғындыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары
арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс
сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін
жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, жаттығу
, ой жинақтау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер:
тірек сызба
Сабақ
түрі: дәстүрлі
Сабақ
типі: жаңа сабақ
Пәнаралық
байланыс: әдебиет
Сабақ
барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру
«Жақсы деген немене,
Жаман деген
немене» (ойтолғау)
Қайталау сұрақтары:
Сөз дегеніміз не?
Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы деген не?
Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
б) Жаңа
сабақ
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, тірақ мағыналары әр түрлі
сөздердің тобын білдіреді.
Мыс: Қара- қара шалбар
(сын есім, қандай?); қара ниет - ойы арам ; кісіге
қара (етістік, не істе?)
(Тақтада үш омоним сөз беріледі де, үш қатардағы оқушылар мысал келтіреді.)
І қатар-Ат-
ІІ қатар-Қал-
. ІІІ
қатар-Жүз-
Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы
жасалған. Түбір сөзге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.
Мыс: Арық-1.
Зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы.
2. Сын- жүдеу ,семіз емес.
в) Жаттығу жұмыстары
62-жаттығу. Тыйым сөздерді
көшіріп жазыңдар. Осы тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін
сөздердің астын сызыңдар.
63-жаттығу. Мысалдарда кездесетін омоним сөздерді қатыстырып сөйлем
құраңдар.
«Зерделі
сұрақ,дәлелді жауап». Жекелеген
оқушылармен жұмыс.
Мысал |
Ереже
|
1.Жастық |
Көп мағыналы сөз (омоним)
|
Мысал |
Ереже
|
2.Тамақ |
Омоним (көп мағыналы сөз)
|
Мысал |
Ереже
|
3.Бақ |
Көп мағыналы сөз (Көп мағыналы сөз)
|
Мысал |
Ереже
|
4.Жүз |
Көп мағыналы сөз (омоним)
|
г) Бекіту
Омоним сөздер дегеніміз қандай
сөздер?
Көп мағыналы сөз бен омоним
сөздің айырмасы қандай?
д) Үйге тапсырма
64-жаттығу. Мәтіннен омоним бола алатын сөздерді теріп
жазып,мысалмен дәлелдеңдер.
68-жаттығу. Өлең
шумақтарында омоним кездесетіндей әзіл өлең құрастырып көріңдер.
е) Бағалау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.