Уақытыңды бағала.Қаратпа сөз.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік:
оқушылардың білім, білік дағдыларын анықтау, қазақ тілі саласынан алған
білімдерін, уақыт туралы білімдерін тексеру.
Ә)
дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік
қорларын тексеру, тиянақты нақты жауап беруге ,өз ойын ауызша айта білуге,
алған білімдерін қолдана білуге баулу.
Б) тәрбиелік : оқушылардың өздеріне деген сенімін,
жауапкершілікке баулу, көп білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, нәтиже сабақ
Көрнекілігі: тапсырмалар,
кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, тапсырмалар орындау, өздігінен
жұмыс істеу, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен
амандасып, кезекшімен сұхбаттасу,т/д сұрақтары.
* Сабаққа деген
дайындықтарын тексеру.
2. Үй жұмысын тексеру:
*** 2- тапсырманы тексеру
*** демалыс
туралы айту
3. Білімдерін жан- жақты тексеру:
* Сөздерді аудару:
Бос уақыт, теледидар көру, өткізу, жоспарлау,
шаңғы тебу, меніңше, айналысу, әуестену, шұғылдану, сурет салу, саяжай, балық
аулау, саяхатқа шығу, серуендеу
4. /// Өздігінен жұмыс істету, тапсырмаларды
жазбаша орындау:
*** Қыстырма
сөздермен 3 сөйлем құрып жазу, мәтіннің ішінен 5 сөздің құрамын анықтау.
5. Қаратпа сөздер
ережені
түсіндіру,сөйлемдер құру
Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару
мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде
басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді.
Қаратпа сөз болатындар:жалқы есімдер, туыстық атаулар,
эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан
кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі
жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді
көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл).
6. Тыңдалым: Мәтінді мұғалім оқып, тыңдатады
Кім уақытын бағалай білсе,
Сол ғана биіктерге жетеді...
Менің есім Асқар.
Мен мектепке аптасына алты күн барамын, сондықтан менде тек бір күн ғана
демалыс – жексенбі. Бірақ солай болса да, мен бос уақыт тауып дем алып жүрмін.
Уақыт аз болса, сабаққа серуенге барамын, не отбасымен бірге театрға барамыз.
Ал уақыт көптеу болса, тарихи орындарға саяхатқа баруды жақсы көремін. Қолым
босаса, менің жақсы көретін демалысымның бірі – кітап оқу. Қызық, пайдалы кітап
оқып біткен соң бір жеңілдеп, демалып қаламын. Бос уақытын дұрыс өткізу әр
адамның өзіне байланысты.
Оқылым: Мәтінмен жұмыс істеу: оқушылар кезектеп
оқиды,жаңа сөздерді көшіріп жазып,сөзтіркестер құрады.
Жазылым: Тапсырмалар: 1сөйлемге синтаксистік
талдау; 2 сөзге морфологиялық талдау жасау. Тапсырмалардың орындалуын тексеру.
7. Білімдерін бекіту: Қарапта сөздерді қолдана отырып, мәтін бойынша диалог
құру.
- Білімдерін қорыту: Мәтіннің мазмұнын айту, сөздерді қайталау
Үйге тапсырма: ережені,
сөздерді жаттау, «Мен өз уақытымды қалай өткіземін?» эссе жазу.
Бағалау.Қоштасу
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.