Қазақ тілі "Зат есімнің жіктелуі" 4 сынып
22.06.2015
11010
0
Жиенбаева Гульзада Конусбаевна
Сабақтың мақсаты:
Зат есімнің жіктелуінің мәнді белгілерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, зат есімнің жіктелу үлгісі көрсетілген кесте арқылы зат есімдерді жекеше , көпше түрде жіктеп жазуға үйрету.
Сабақтың түрі : Білімді пысықтау
Сабақтың стратегиялары:
"Топтасу”, "Миға шабуыл” топпен жұмыс, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу, "жиынтық бағалау”,"рефлексия 2 жұлдыз, 1 тілек.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу ұстаңдар. Елестетіп керіңдер:
Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеулеріңе қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдеріңді, эмоцияларыңмен тілек қалауларыңды шайып, жүректеріңнің қаузын ашты.
Нұр сендердің бойларыңа ақырын тарай бастағанын елестетіңдер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және көмекке мұқтаж жандарға көмектеседі. Нұр жайлап аяқтарыңа да келіп жетті. Аяқтарың нұр шашуда. Олар сендерді тек жақсылық жасау үшін адал жолмен жүргізеді. Одан әрі нұр сендердің ауыздарыңа, тілдеріне тарады. Тіліңіз әрқашан тек шындықты және ізгі сөздер айтады. Нұр көзімізге де келіп жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, бастарыңа тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Ендеше бүгінгі сабағымызға сәулелі оймен, жарқын көңілмен оралайық.
Балалар сабаққа дайынбыз ба? Оқу құралдарымыз түгел ме?
Ендеше үйге қандай тапсырма берілді?
Жақсы балалар үй тапсырмасын дұрыс орындаппыз, үй тапсырмасы түсінікті болса келесі мына сұрақтарға жауап берсеңдер «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша:
1. Балалар сендер қандай сөз таптарын білесіңдер?
2. Зат есім дегеніміз не?
3. Зат есім қалай түрленеді?
4. Көптік жалғауларды атаңдаршы.
5. Зат есімде қанша септік бар?
6. Бағытты нұсқайтын септік ол қай септік? (Барыс септігі Кімге? Неге?)
7. Мезгіл мен мекендік мағынаны білдіретін септік.
( Жатыс септігі – Кімде? Неде?)
8. Нысанды көрсететін септікті атаңдар. ( Табыс септігі- кімді? Нені?)
9. Затты меншіктейтін септік. (Ілік септігі – Кімнің? Ненің?)
10. Зат есім неше жақта тәуелденеді? І -менің, ІІ-сенің, сіздің, ІІІ-оның
11. Зат есім қалай жіктеледі? Ереже және жекеше, көпше түрінде
12. Сөйлемде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)
Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымызда зат есімнің жіктелуін пысықтаймыз. Ол үшін біз арнайы тапсырмаларды орындауымыз керек.
- дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып, оқулыққа назар аударайық.
Қане 1- жаттығуға қарап тапсырмасын оқып шығайық.
Берілген сөздерді көшіріп жазып, қай жақта тұрғанын айт.
Сен – сазгерсің – ІІ жақ жекеше
Мен – кітапханашымын- І жақ жекеше
Біз –оқушымыз- І жақ көпше
Мен-баламын- І жақ жекеше
Біз –жолаушымыз- І жақ көпше
Ендігі кезекте «Серпілген сауалдар» стратегиясы бойынша «Менің мамандығымды сипатта» атты тапсырманы ауызша орындайық.
Мен сендерге қима-қағаздар таратам, ол қима-қағаздарда арнайы сөздер жазылған. Әр топ өздері осы қағазда жазылған мамандықты сипаттап, тұспалдап береді екінші топқа жасырады (І топ-дәрігер, ІІ топ-әнші) осы сөздерді жекеше және көпше түрде жіктеп шығайық.
Мен дәрігермін Біз дәрігерміз
Сен діргерсің Сендер Дәрігерсіңдер
Сіз дәрігерсіз Сіздер дәрігерсіздер
Ол дәрігер Олар дәрігерлер
Мен әншімін Біз әншіміз
Сен әншісің Сендер әншісіңдер
Сіз әншісіз Сіздер әншісіздер
Ол әнші Олар әншілер
Топтарды смайликпен бағап отыру.
Енді оқулықтағы 2-жаттығуға қарайық. Метаграммаларды көшіріп жазып, шешуін тап. Жіктік жалғаулы зат есімнен болған баяндауышты тауып, астын сыз.
Бойында өсем тоғанның, өсем І жақ
Кіргізем дәмін тағамның. (жуа)
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын. (жуас) адаммын І жақ
Жақсы енді балалар мен бір сөз айтам «биші» сөзін көпше түрде жіктеп беріндерші.
Біз бишіміз
Сендер бишісіңдер
Сіздер бишісіздер
Олар бишілер. Олай болса өзіміздің ұлттық биі «Қара жорғаны» билеп бір серігіп алайық. Сергіту сәті.
Тамаша ендігі кезекті «Зат есімді шарлау» атты тапсырмаға да келіп жеттік. 2 топқа сөздер берем І топ (қалам) сөзін септейік, ал ІІ топ (қайшы) сөзін тәуелдейік.
Топтарды бағалап отыру.

Енді оқулыққа оралып 3-жаттығуды орындайық. Ол үшін тақтаға назар аударып, әр топтан 2 оқушы кезек-кезек шығып футболшымын, суретші, құрылысшы, ұстаз сөздерін жіктеп жазады.
Қай топ мүшелері қатесіз орындаса сол топ жеңеді.
Ендігі кезекте "Моншақ”ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты: зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата білу.
Ойынның шарты: Қағазға жекеше және көпше түрінде берілген сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жекеше, бір көпше түрде жіктелген сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: заңгермін, баламын, оқушымыз, жүргізушісің, кезекшісің, інісің, оқушымын, қызымыз, адамсыңдар, мұғалімсіз, қазақпын, сатушысыңдар.
Келесі кезекте балалар біз сендермен терме диктант жазайық.
Мен Ақұштап Бақтыгереева апамыздың өлең жолын оқимын, ал сендер оқылып отырған өлеңнен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған.
Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.
Жазып болсақ, оқып шығайық.
Сонымен балалар біз сендермен зат есімнің түрленуінің бірі жіктелуді өттік. Қай жақтарда жіктеледі екен?
Олай болса зат есімнің түрленуін толық бекіту үшін «Семантикалық картамен» жұмыс жасап осымен зат есімді бекітейік.
Әр топты бағалау. Ең көп смайлик жинаған топ жеңімпаз атанады.
Рефлексия: 2 жұлдыз, 1 тілек
Әр оқушы өзінің бүгінгі сабақтан алған әсерімен, сабақтан ұнаған жерлерін жазып, оқып, өзінің атынын жанына, тиісті смайликтің астына апарып іліп шіғады.
Үйге тапсырма беру: 5 – жаттығу.
Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.