Қазақ тілі "Наурыз" 4 сынып
02.03.2015
3155
0
ХИЗАТ АҚМАРАЛ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау, диалог, топтық жұмыс, іздену, кері байланыс, дұрыс-бұрыс
Керекті жабдықтар: кеспе қағаздар, флипчарт, интербелсенді тақта, семантикалық кесте, бағалау парағы, үлестірмелі материал.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзін тану, қазақ әдебиеті, этнопедагогика, ән-күй
Негізгі түсініктер: Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу Өткен сабақпен байланысы: қазақ халқының салт-дәстүрлері Бағалау:
*Бақылау
* Жұмысты бағалау (формативті бағалау)
* Сапалы білімді бағалау Көрнекіліктер: бәйшешектер, бағалау парақшалары, тапсырмалар, семантикалық кесте, құрал-жабдықтар
Сабақтың мақсаты:
Лексикалық тақырыпқа сүйене отырып, грамматикалық тақырыпты игеру, оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.
Міндеттері:
1. Грамматикалық тапсырмалар орындай отырып, Наурыз мерекесінің қыр-сырымен таныстыру.
2. Қазақ тілінде жүйелі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге, адамның табиғатпен үндестігін түсіне отырып, Жер-ананы қорғауға баулу.
Күтілетін нәтижелер: тақырып бойынша әңгімелеседі, тапсырмаларды орындайды. . Өз бетімен жұмыс жасап, дұрыс жіктеуді, тәуелдеуді үйренеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін үйренеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу:
2. Сыныпты түгендеу:
Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
ІІ. Тіл дамыту кезеңі:
1. Қазір қандай жыл мезгілі?
2. Көктем айлары қандай?
3. Қазір қандай ай?
4. Бүгін нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
6. Ауаның температурасы қандай?
7. Көктемгі мерекелерді білесіңдер ме? Олар қандай мерекелер?
ІІІ. Өтілген материалды еске түсіру.
1. «НАУРЫЗ» сөзі бойынша миға шабуыл жасау.
2. Оқушылардың Наурыз мерекесі жайлы нені білетіндерін анықтап алу.
ІҮ. Сабақтың эпиграфы:
"НАУРЫЗ – жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі”
Н.Назарбаев.
ІҮ. Сабақтың мақсат -міндеттерімен таныстыру.
1. Оқушыларға сабақтың жалпы барысын баяндау, міндеттерін айқындап беру.
2. Топқа бөлу: Көктемнің алғашқы гүлі-бәйшешек пен Наурыз мейрамының символы-қызғалдақ гүлдері арқылы топқа болу.
3. Топтың ережесімен таныстыру.
-бір-біріне көмектеседі,
- ақырын сөйлейміз,
- бағалау парақшасына әділ баға қою.
Ү. Негізгі бөлім.
1-тапсырма. Әр топ өздерінің атауларын «қызғалдақ» және «бәйшешек» сөздерін тәуелдеу арқылы қорғайды /тапсырма постерде орындалады/
Әр дұрыс жауап үшін интербелсенді тақтаны қызғалдақтар мен бәйшешектер құлпыртатын болады.
2-тапсырма. «Адасқан сөздер» сөйлемдерді дұрыс құру.
Қызғалдақ Бәйшешек
Мерекесі, наурыз, тойланады, көктемде. Тазартады, адамдар, бұлақтарды.
Күні, бұл, қуанады, балалар. Дәмді, адамдар , пісіреді, тағамдар.
Кісілер, үлкен, береді, бата. Салады, мерекеде, жастар, ән.
Наурыз мерекесіне адамдар дайындалады. Бұлақтарды тазартады.
-Әр бала той-мерекеге тақпақ, ән жаттайды, сендердің жаттап келген «жақсы сөздерің –жарым ырыс» емес пе?! Ендеше мерекелік өлеңдеріңді айта отырып, бұлақтың көзін ашамыз.
3- тапсырма. «Бұлақ көрсең, көзін аш» оқушылардың жаттаған тақпақтары бұлақты тастардан тазартады.
1. Балалар өлең жаттап,ән айтады: оқушылар Наурызға дайындаған өлеңдерін айтады.
Жақсы ма, ата, қалыңыз,
Менің атым-Наурыз.
Балдай тәтті сары уыз,
Алып келдім, алыңыз.
Көктем басы-Наурыз,
Той мереке-сәніміз.
Көктем келіп,
Мал төлдеп,
Уыз іштік бәріміз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түні теңеген.
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық наурызкөжеден.
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің – көктем,
Әсем едің, шіркін, неткен,
Наурызым!
Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар.
Сылқылдайды бал бұлақтар,
Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым!
Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!
Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!
Бұл әлем қалғығандай,
Ұшты көкке ән қырандай.
Наурыз көже дәмді балдай,
Сенің көшің сәнді қандай,
Наурызым!
Аталардың – Қара Нардың,
Ақ жаулықты Аналардың.
Бас иетін саған әр күн,
Ақ батасын ала барғын,
Наурызым!
4-тапсырма. Бұлақ көзі ашылды, «Өмір нәрі-су» тастардан тазарды, енді көшет отырғызуға болады.
«Көшет отырғызу»
Әрбір дұрыс жауап үшін бір көшет отырығызылады.
Наурызда салт-дәстүріміз жаңғырып, үлкендер жастарға өнеге көрсетеді.
Бұл қай дәстүр?
Қызғалдақ Бәйшешек
1. Әр отбасы 7 жасқа толған баланы мектепке береді. Ата- анасы, туыстары "құтты болсын!” айтып, балаға сәт-сапар тілейді.
1. Бұл салт үшін арнайы жіп дайындалады.
Қаз – қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам,- деп басталатын жыр айтылады.
2. Бұл жаңа туған сәбидің құрметіне жасалатын той. Мұнда "Балаңыздың бауы берік болсын!” деген құтты болсын айтылады. Жастар жиналып ән салып, домбыра тартады. 2. Жақсылық күндері, алыс сапардан жолаушы келгенде, зор қуанышты күндерде әжелер құрт, кәмпит, теңге шашады.
Грамматикалық тапсырма Грамматикалық тапсырма
3. «Тазарту» сөзін жіктеу /жекеше/ 3. «Отырғызу» сөзін жіктеу /жекеше/
4. «Тазарту» сөзін жіктеу /көпше/ 4. «Отырғызу» сөзін жіктеу /көпше/.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген осы- құтты болсын!
Мереке ән-күйсіз болмайды. Ән айтып, көңіл көтеріп, бой жазайық!
Сергіту сәті
«Наурыз – думан» өлеңін айту
Наурыз – думан
әні: Т.Сарыбаевтікі сөзі: М.Мақатаевтікі
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!
Қайырмасы: Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын болғанда,
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.
Осынау игі кең жерге,
Наурыз тойы келгенде.
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Наурыз тойы келгенде.
Көзде шаттық, іште желік,
Шақыратын бір үміт.
Наурыз көже ішуші едік.
Үйден-үйге қыдырып.
«Наурызкөже» құрамын үйренейік.
1. Тойқазанға таза ақ көңілмен су құйылады.
2.Тілекпенен тұз салады.
3.Соғым басы- ет салынады.
4.Ақ мол болсын деп сүт қосады.
5.Егін мол болсын деп бидай, күріш, тары салады.
6. Ел берекелі болсын деп айран қосады.
7. Ел бай болсын деп май салады.
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
Наурызкөже 5 түрлі тағамнан дайындалады.
Наурыз мерекесінің басты тағамы –Бесбармақ
Наурызкөжеге айран қоспайды.
Наурызкөжені үйден-үйге қыдырып жүріп ішеді
Наурызкөже мерекеде сатылады.
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер Тәуелдік жалғаулы сөздер Жіктік жалғаулы сөздер Көптік жалғаулы сөздер
Тазартамын
Мерекесі
Тойлайсың
Дәстүрім
Қызғалдағыңыз
Баталар
Отырғызады
Тілейміз
Қонақтар
Оқулықпен жұмыс.
Наурызда берілетін бата.
Сөздік жұмысы
Қадірлі-уважаемый
Кісі-человек
Ынтымақ –солидарность
Бірлік- единство
Құт-береке- благосостояние
Жақсылық- добро
103 –беттегі мәтінді оқу, сұрақтарға дұрыс жауап беру.
Батаны оқу
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң, жол болсын!
Бекіту:
Екі топқа постерлік тапсырма «Сен Наурыз мерекесін қалай тойлайсың?»
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды:
«Синквейн» әдісі бойынша 5жолды өлең құру.
1. Наурыз
2. Қызықты, көңілді.
3. Қыдырады, тазартады, пісіреді.
4. Наурыз мерекесіне адамдар дайындалады.
5. Ұлыстың ұлы күні.
Екі топтың өсірген қызғалдақтары мен бәйшешектері арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Бағалау парағы бойынша оқушыларға баға қою.
ҮЙГЕ:104 БЕТ, СӨЗДІКТІ ЖАТТАУ, БАТАНЫ ЖАТТАУ.
Бағалау: қызғалдақтар саны мен бәйшешектер саны есептеліп қорытынды шығарылады. Кері байланыс: қызыл стикер- «маған түсініксіз, сары стикер –«аздап қиындықтар болды, маған кейбірі түсініксіз», жасыл стикер –«маған сабақ ұнады, бәрін түсіндім».

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.