Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
05.01.2015
8856
1049
Нисанова Тыныштык Танатовна
Нисанова Тыныштык Танатовна қазақ тілі пәнінің мұғалімі,№16 орта мектеп
Сабақтың мақсаты: - қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білімдерін
кеңейту, мәтін бойынша сөздік қорларын қалыптастыру.
- тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға
үйрету, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
- ұлттық киімнің қадір-қасиетін түсінуге, бағалауға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технология, іздендіру, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киімдер үлгілері, слайд- суреттер, тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, жаңа сабақтың мақсат- міндеттерімен таныстыру.Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Ойын арқылы «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шапан шашылды...» сұрақтарға жауап береді
ІІІ. Қызығушылығын ояту. Проблемалық жағдаят.
- Біз қонаққа немесе қыдыруға шықсақ қандай киім киеміз?
- Әдемі, таза киімдерімізді киеміз.
- Ал, ұлттық мереке, мейрамдарға қандай киімдер киеміз?
- Ұлттық киімдер киеміз.
Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киімдер»
«Кластер» құрастыру арқылы оқушылар киім атауларын жазады.
қамзол
тақия шапан
Қазақ халқының
ұлттық киімдері сәукеле
кимешек
бөрік
Ұлттық киімдер киген оқушылар шығады.
ІV.Ұлттық киімдер туралы слайдтар көрсетіледі.
Топтарға конверт тарату, конверт ішінде сәукеле, шапан, қамзол суреттері беріледі. Топтарға қандай сурет тиеді, сол ұлттық киім туралы әңгімелейді.
V. Топтық жұмыс «Түртіп алу» стратегиясы бойынша кестені толтыру.
Білемін Бұл мен үшін жаңалық Білгім келеді
Мәтін №1
Ұлттық сырт киімдер- бүрмелі көйлек, жейде, шалбар, қамзол, шапан, тон, ішік.
Қамзол - әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, мақпалдан тігіледі. Қамзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «кәзекей» деп те атайды. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол сәнді болады.
Барқыт- плюш
Мақпал -бархат
Жең- рукав
Түйме –пуговица
Зергер –ювелир
Әшекейлеу- украшать
Қаусыру-накладывать одну полу одежды на другую
Мәтін №2

Шапан - қазақ халқының сыртқы киіміне жатады. Қазақтар шапанды аса бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрмет. Шапанды қалың матадан, арасына жүн, мақта салып тігеді. Оны сыйлы адамдарға, қонақтарға, үлкен кісілерге сыйлық ретінде береді.
Бағалау-ценить
Иық –плечо
Құрмет- уважение
Жүн-шерсть
Мәтін №3
Ұлттық бас киімдер- кимешек, бөрік, тымақ, қалпақ, сәукеле, тақия.
Сәукеле — қыздардың ұзату тойында киетін сәнді, әшекейлі бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеле биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді Оны асыл тас,алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Төбесіне үкі тағады.
Ұзатылған қыз- замужняя девушка
Жіңішкере береді- утончается
Асыл тас- драгоценный камень
Меруерт-жемчуг
Маржан-коралл
Топтарға ортақ сұрақтар:
1) Суретте не бейнеленген?
2) Ол қандай киімге жатады?
3) Оны кімдер киеді?
4) Неден тігілген?
5) Қалай әшекейленген?
Топтардың пікірлерін тыңдау.
VI. «Кім жылдам?»ойыны
Әр топ өзіне ұнаған ұяшықтағы сандарды таңдайды. Сандарға сәйкес сұрақтар беріледі.
1. Барқыттан тігілген қыз-келіншектер киетін жеңсіз киім. (Қамзол)
2. Аңның, малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ)
3. Үлкендер де, балалар да, әйелдер де киетін сыртқы киім. ( Тон)
4. Биік төбелі, ақ киізден, қалын матадан жасалады. (Қалпақ)
5. Тек қана қалындық киетін бас киім. (Сәукеле)
6. Әжелер киетін киелі бас киім (Кимешек)
7. Киімге байланысты мақал айтып беріңдер.
8. Ерлердің сыртқы киімінің бірі. (Шапан)
9. Етегіне желбіреуіш салынған әйелдер киімі. (Көйлек)
VIІ. «Венн диаграмма» әдісі. Оқушылар күнделікті және ұлттық киімді салыстырады.
VIІІ. Қорытындылау: Сонымен, балалар, қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі ұлттық киім түрлерінен де байқалады. Ұлттық киімдер тұрмыстық және рухани ескерткішіміз, мәдени қазынамыз болып саналады.
IX.Бағалау
X. Үйге «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең жазып келу.
Сабақтың өздік талдауы.
7 «Б» сынып оқушылары белсенді,зерек, қабілетті. Білімдері ортадан жоғары. Сабағымды жоспарлауда мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.
Сабақта төмендегідей міндеттер шешілді: а) білімділік; б) дамытушылық; в) тәрбиелік. Сабақтың құрылымы осы міндеттерді пайдалы шешу үшін таңдап алынды. Сабақта топтық жұмыс, жүппен жұмыс, жеке жұмыс орындалды. Сабақ сұрау уақыты жүйелі пайдаланды, әр топ өз пікірлерін ортаға салып талқылады. Сабақтың этаптары арасында бір- бірімен байланыс болды. Сабақтың негізгі кезеңдері «Қызығушылығын ояту», «Ой толғаныс», «Рефлексия».
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілдеріне аса көңіл бөлдім. Сабақта оқу көрнекілігі пайдаланды (слайдтар, киім үлгілері). Оқушылардың тіл табысудың арқасында сабақта жақсы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Оқушылардың қабілетін және білім игеруін бақылау бағалау парақтарынан көруге болды. Жалпы сабаққа белсене қатысқаны үшін топ оқушылары «4» пен «5» деген бағаларға ие болды. Сабақта қойылған міндеттер толық іске асырылды. Сабақ мақсатына жетті.
Сабаққа қосымша материал
Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
Әйелдердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
Әйелдердің қандай бас киімдері бар ?
Ерлердің қандай бас киім түрлерін білесіңдер?
Қазақ халқының ұлттық киімдері неше түрге бөлінген?
Бір киер киімдерді қай кезде киген?
Бір киер киім қандай матадан тігілген?
Етістіктің райы нешеге бөлінеді?
Сырт киімді неге байланысты кию керек?
Киім кигенде қандай ерекшеліктерді ескеру керек?
Етістіктің шартты райы қалай жасалады?
Етістіктің қалау райы қалай жасалады?

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.