Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қордай ауылы Абай атындағы № 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анықбаева М.
Сабақтың мақсаты:Қос сөздердің
мағынасын білуі керек.Сөздердің түрлерін
ажыратып, жазылуын білуі қажет.
Сабақтың міндеттері: 1. Қос
сөздердің түрлерімен таныстыру, жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.Сөз туралы
кеңінен мағұлмат беру.
2. Танымдық қабілеттерін арттыру.
Сөздік қорларын байыту. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Әдемілікке, ұқыптылыққа,
жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :бекіту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,
дүниетану.
Сабақтың әдісі: СТО,бағалау,оқытудың
жаңа технологиялары.
Көрнекіліктер: тест,белсенді тақта.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру
кезеңі .Психологиялқ тренинг.
-Әрбір адам? -Досым, сыныптасым.
-Әрбір сабақ? -Үйрену, оқу, іздену.
-Әрбір ісің? - Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, оқушылар бүінгі
сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
2 .Ой қозғау.
Желтоқсан айындағы мерекелер.Топпен
таныстыру.Ұрандарын айтқызу.
3 .Поэзия минуты. Тәуелсіздікке
арналған өлең. Мәнерлеп, жатқа айту.
4. Ойға шабуыл. Блиц турнир.
-Дыбысты немен таңбалайды? әріп
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге дауысты,дауыссыз
-Дауысты дыбыстар тілдің қатысына
қарай нешеге бөлінеді? Жуан,жіңішке,қосарлы.
- Қосарлы дауысты дыбыстарды айт.
-Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай
қалай бөлінеді? Ашық, қысаң.
-Дауысты дыбыс еріннің қатысына
қарай қалай бөлінеді?еріндік,езулік.
-Фонетика нені зерттейді? Дыбыстарды
-Дауыссыз дыбыстар нешеге
бөлінеді? Қатаң, ұяң, үнді.
-Пунктуация нені зерттейді? Тыныс
белгілерді.
-« Жаны зәр түбіне жету» сөзінің
мағынасы. Қорқу
Орфография нені зерттейді?
Сөздердің дұрыс жазылуын
- Қосымшаны тіл білімінің қай саласы
зерттейді? Морфология
-Сан есімнің сұрақтары? Қандай?қай?
-Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
Етістік
-Дауыстылардың саны қанша? 12
-Сөз таптары нешеу? 9
-Бір сөз табынан жасалып, бір ғана
сұраққа жауап береді. Сөйлемнің бірыңғай
мүшесі
-Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы,
тұрлаусыз.
-Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш,
баяндауыш
-Құрмалас сөйлем деген не?
-Сөйлем түрлерін айт, түрлендір.
Хабарлы,сұраулы, лепті.
5.Сөз топтастыру.
6 Жаңа сабақ . Ертегі « Лексика
патшалығы»
7.Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу. Әр топ өз атын жазу.Дыбыстық
талдау. Сөйлем құрастыру. Ауызша сөз тіркестерін айту,сөз мағынасын ажырату.
8. Оқулықпен жұмыс. 56-жаттығу.Сөздерден
сөйлем құрап жаз.
Деңгейлік тапсырма:
1-топ: Сөйлемде бірыңғай мүшелер
болсын.
2-топ: Құрмалас сөйлем.
3-топ: Сөйлемде қыстырма сөз болсын.
57-жаттығу. Мәтінді, оқып, қос
сөздерді теріп жаз, бірінші сыңарларының тұлғасына назар аудар.
Деңгейлік тапсырма:Қос сөздердің
түріне әр топқа бөлу, сөздер айтқызу.
9. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік.
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Еемен, тәуелсіз, азат ел көрдік.
Ойын: «Қызықты грамматика» Логикалық
сұрақтар, слаид.
10. Сабақты қорыту. Тестпен жұмыс.
11. Бағалау.
12.Үйге тапсырма:58-жаттығу 83-бет.
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ.
Қазақ тілің өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі-өмірің де, өлең де,
Қазақ тілі- болашаққа жетелеп
Ұрпақтарды танытады әлемге.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.