Қазақ тілі 2-3 сынып. Сабақтың тақырыбы: қазақ тілінен аймақтық компонентті қолдану
Қазақ тілі 2-сынып
р/с |
Өтілетін сабақ мазмұны |
Жұмыс
түрі |
1 |
Мәтін |
Бұл қандай
мәтіннің түріне жатады?
Семей мұражайы Семей қаласында өлкетану мұражайы бар. Ол 1883 жылы
ашылған.Оны ашқан -Михаэлис.Қазақ халқының бұрынғы өмірін,тұрмыс салтын
бейнелейтін заттар бар.Мұражайда үш бөлім жұмыс істейді.Семей ұлы Абайдың
туған жері.Мұражайды құруға Абай Құнанбаев көп еңбек сіңірген.Мұражайда
Абайдың досы Достоевскийдің құжаттары,хаттары,суреттері бар. |
2 |
Сыныпта өткенді
қайталау Алфавит |
Өз ауылыңда өсетін көкөністер және жемістер туралы
жұмбақ іздеп,алфавит ретімен жаз |
3 |
Я әрпінің жазылуы
|
Өзің бақылап жүрген құс ұясының суретін сал |
4 |
Дауыссыз дыбыстардың
түрлері |
Ауыл маңындағы дәрілік өсімдіктерді іздестір. Сөздерден
дауыссыздарды тауып, оларды үшке бөліп жаз. Үнді: ... Ұяң: ... Қатаң: ... |
5 |
Сөйлемдегі
сөздердің байланысы |
«Қыстап қалған құстарға қамқорлығым» тақырыбына шығарма
жаз |
6 |
Зат есім
|
Қысқы табиғат құбылыстарын қатыстырып әңгімеле |
7 |
Сын есім |
Шығыс Қазақстанда мекендейтін бір аңды сипаттап бер. Қандай аң? Түсі қандай? Оның құйрығы қандай? Ол қандай жерді мекендейді? |
8 |
Жыл бойы өткенді
қайталау
|
«Менің ауылым» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыр |
Қазақ тілі 3-сынып
рс |
Өтілетін сабақ мазмұны |
Жұмыс
түрі |
1 |
2-сыныпта өткенді қайталау |
Туған жерің туралы әңгімеле |
3 |
Мәтін |
Аталған тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құра Тақырып: «Ауыл тарихы» Тірек сөздер: 2шағын бөлімше,1942 жыл,Қызылжар,
Талапкер, Екпін, Амангелді колхозы, құс , мал, егін,шаруашылығы, 1997-1998 жыл,ұжым |
4 |
Х,Һ дыбыстары |
Мектеп
кітапханасының пайдасы жөнінде әңгімеле |
5 |
Сөйлем |
Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1.Көкпекті ауданы шетсіз шексіз кең даласымен
ерекшеленеді бұл өлкеге дала өсімдіктері өседі өлкені мекен еткен адамдар да
тамаша сондайдан мен мұндалап көрінетін Толағай тауы алыстан көз тартады. 2. «Толағай» аңызын айтып бер |
6 |
Бастауыш |
Сөйлем ішінен
бастауышты тап.
«Құлынжын
қорықшасы» Ауылдан біраз
қашықтықта орналасқан «Құлынжын» қорықшасында көптеген аңдар:сілеусін, қоңыр
аю,түлкі,қоян,қасқыр, елік, бұлан,қабан шошқа мекендейді.Тырна,жабайы
қаз,үйректер, дуадақ,үкі,шіл қорғауға алынған.Құлынжүн өзені маңында
қайың,көктерек,тобылғы ағаштары өседі. Изен, жусан шөптері алыстан көз
тартады. Балалар қызығып теретін жидектері де мол.
Олар:қарақат,қызылқат,жабайы құлпынай,қойбүлдірген,сиырбүлдіргендер. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.