Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері
Сабақтың тақырыбы |
Одағайдың түрлері |
Сабақтың мақсаты |
1. Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс
танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы
түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. |
|
2. Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы
шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру |
|
3. Тәрбиелік: Жан- жақтылыққа баулу , пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ. |
Қолданылатын әдістер |
Сұрақ-жауап,
тілдік талдау, түсіндіру, іздендіру, ой-қорыту, қорытындылау,иллюстративті |
Қолданылатын көрнекіліктер |
Интерактивті тақта, оқулық, дидактикалық
материалдар,кесте сызбалар |
Сабақтың барысы: |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын
тексеру. |
Үй тапсырмасын тексеру. «Біліміңді байқап көр» |
Алдымен алған білімдерінді анықтап алайық. І. Сұрақ-жауап «Біліміңді
байқап көр» 1. Одағай сөздер дегеніміз не? 2. Одағай сөздер қандай көңіл- күйді білдіреді? 3. Нені шақыру үшін қолданылады? 4.Не себепті одағай сөйлемде оқшау айтылады? 5. Одағайдың лексикалық (негізгі)мағынасы бар ма? 6. Одағай сөйлем мүшесі бола ала ма? ІІ. Жекелей
жұмыс оқушылар
сөйлемдерін оқиды, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады. Мұғалім қорытады |
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабаққа кіріспе. 3.1 Кестемен жұмыс -Сонымен қорытып жіберейік. -Одағайдың неше түрі бар екен? Кім айтып жібереді? 3.2.Одағайдың
түрлерін топтау 1-топ: Көңіл күй одағайлары 2-топ: Жекіру одағайлары 3-топ: Шақыру одағайлары
3.3. Одағайдың
жазылуына байланысты 1. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін
үтір қойылады. Япырм-
ау , қайда сол жылдар?! 2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі
жағынан үтір қойылады. Тұрсам , о
тоба- ай, айнала көк шалғын! (Таңырқау) 3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан
үтір қойылады. Мұны бастаған кім , ә! (Ренжу) 3.4.
Сызбамен жұмыс: 1. О, ________
. 2. _________ , O, __________! 3. _________ , O !
|
Жаңа
сабақты бекіту.
Сергіту сәті |
4.1.Интерактивті тақтамен жұмыс (Оқушы шығып тақта қарындашпен белгілеп тұрады,
сөйлем толық оқылады) Сөйлемдер одағаймен толықтырылады.
Керек
сөздер: Түу, Уһ, бәрекелді, өй, шіркін, қызыл, мектеп, жүгірді, жиырма. 4.2
Одағайларды тауып, қай түріне жататынын ажыратып, тыныс белгісін қойып
көшіріңдер. Туу,
бауырын сағынып қалыпты ғой!- деп елжірейді шешесі. Пай- пай,
мыналар төбелесетін болды ғой! Тұрам , о тоба, етігім жоқ. Шіркін- ай, ауа
қалай таза еді, адам тоярлық емес екен!- дедім мен. Соны айтшы, бәсе!
Аһ- уһ, шаршадым, Демалсын саусағым. Бір минут тыныштық, Көзіме тым ыстық. 4.3 Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша одағайларды қатыстырып, әңгіме
құрау.
|
Бекіту сұрақтары |
1.-Бүгін
сабақта не істедік? -Не білдік? -Не үйрендік? 2.Бағалау
парағы бойынша |
Үйге тапсырма |
317- жаттығу. 6- сынып қазақ әдебитеінен
одағайдың үш түріне екі- екіден алты сөйлем құрастыру. |
Қортындылау
|
«Бақытты
сәт» 1. Одағайдың қандай түрлері бар? 2. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері
қойылады? 3. Көңіл- күй одағайлары нені білдіреді? 4. Жекіру одағайлары нені білдіреді? 5. Төрт- түлік малға байланысты айтылатын қандай
одағайларды білесің? 6. Одағайдың басқа сөз таптарынан өзгешелігі? |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.