Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы׃ Ұлттық шешендік өнер
Сабақтың мақсаты
1)
шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде
білім беру:
2)
шешендік сөздегі термин сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, тура және
ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту:
3)
қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып
сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Түрі:
аралас
Әдісі:
баяндау, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс
Көрнекілігі:
интерактивті тақта арқылы сызбалар, тапсырмалар
Пәнаралық
байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың
барысы.
- Ұйымдастыру
кезеңі.
- Үй
тапсырмасын тексеру кезеңі
Шешендік
өнер дегеніміз не?
Шешендік
сөз дегеніміз не?
Шешен
деп кімді айтамыз?
(Грамматика
бойынша өткенді қайталау)
- Жаңа
тақырыпты түсіндіру кезеңі
Шешендік өнер барлық халықтарда бар. Соның ішінде
ғылым ретінде, жеке сала ретінде қалыптасуға Ежелгі Греция, Ежелгі Рим, Ежелгі
Үнді, Көне Қытай жазбалары негіз болған.
Қазақ әдебиеті, мәдениеті көшпелі тұрмысқа байланысты ауызша жеткеніне қарай
шешендік өнер де ауызша таралып дамыған. Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі
айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық есінде сақталған. Сондықтан
кейінгі ұрпаққа түрлі нұсқада жеткендері де бар. Ұмыт қалған, әр дәуір,
жылдардағы түрлі саяси-әлеуметтік өзгерістерге қарай жоғалған сөз үлгілері де
аз емес.
Қазақ халқында шешендік өнердің дамуы елдің саяси өмірімен
байланысты. Ел басқарған ханның емес, халық сөз ұстаған бидің, жыраудың
айтқанына құлақ асқан. Ел ішіндегі дау, жанжал, ұрыс, қақтығыстың барлығы би,
шешендердің бір ауыз сөзімен шешіліп, жол тауып отырған.
Қазақ
ұлттық шешендік сөздерді:
- Ел
ішіндегі дау-дамай, жанжалдарды реттейтін;
- Билік,
төрелік айтатын, заң шығаратын;
- Ұлттық
сана-сезім, рухани байлық негіздерін қалыптастыратын сөздер деп
топтастыруға болады.
- Оқулықпен
жұмыс
5-жаттығу. Көне
жазба ескерткіштерінде сақталған бұрынғы шешендердің өздеріңізге ұнаған нақыл,
ақыл сөздерін жаттап алыңыздар; Топ-топқа бөлініп, әрбір тақырыпқа қатысты
шешендік сөздердің мағынасына талдау жасаңыз.
Тәрбие
мәселесі |
|
Адамгершілік,
кісілік туралы |
|
Ашу
– дұшпан |
|
Ерлік,
батырлық |
|
Берілген нақыл сөздерге толық морфологиялық талдау жасау
Тәкаппарлықты
тәңірі сүймес.
Көңілі
пасық ерде дәулет болмас.
Баба
атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.
Ел
пайдасын ойласаң, өз пайдаң соның ішінде.
Көкірегін сөзіне
фонологиялық талдау жасау
- Топтық
жұмыс: Берілген шешендік сөздерді оқып, мағынасын ашу
І топ
Шалдың
үш түрі бар
Сырым
Бөкен биге сәлем бере барса, қарт:
-Қай
баласың?-депті
-Даттың
баласымын, - депті Сырым.
-Қой
баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау!-дейді Бөкен.
-Отындық
ағаштан оқтық мүскін шығады деген қайда? Шалдың үш түрі болады деуші еді:
қадірсіз шал, қазымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысысың?-депті Сырым.
Сонда
Бөкен селк етіп:
-Балам, қадірсіз десең халқымнан сұра, қазымыр десең қатынымнан сұра, қыдырма десең көршімнен сұра, - депті.
ІІ
топ
Жігіттер:Ассалаумағалейкум,
би аға!
Шешен:Уалейкумассалам! Жолболсын, жігіттер!
Жігіттер: Би аға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынатуға келдік. Шешен:Олай
болса, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
-Тәттіде не тәтті?
-Қаттыда не қатты?
-Жұмсақта не жұмсақ?
1-жігіт:Тәттіде
бал тәтті.
Қаттыда тас қатты.
Жұмсақта
мамық жұмсақ
Шешен;Ай, балам-ай, таппадың? Ал енді сен жауап берші.
2-жігіт: Тәттіде ананың
сүті тәтті.
Қаттыда атаның жүрегі қатты.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың, балам.Мұратыңа жет
6. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
І деңгей:
Берілген сөз тіркестеріне толық синтаксистік талдау жасаңыз
ІІ деңгей:
Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз
ІІІ деңгей: Асты
сызылған сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасаңыз.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.