Қазақ тілі 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында. Сұраулық шылаулар
Сыныбы |
Күні |
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат аясында Сұраулық
шылаулар. |
|
Мақсаты |
Табиғатты
қорғай білу, сұраулық шылауларды дұрыс қолдана білу, экологиялық сауаттылыққа
тәрбиелеу. |
|
Күтілетін нәтиже |
Лексикалық
сөздерді игереді. Сұраулық шылауларды қатыстыра отырып, мәтін бойынша
сұрақтар құрай алады. Адамның табиғатта алатын ерекше орнын түсінеді. Табиғат
тақырыбында еркін сөйлеп, досымен сұхбат жүргізеді. |
|
Керекті жабдықтар |
Қосымша
мәтіндер, плакат, мақал-мәтелдер, аудио материалдары, флипчарт. Видеоролик. |
|
Сабақ барысы |
||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе
3мин |
Оқушылармен
амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Релаксациялық
музыка жіберу. Топқа бөлу
(күн, ай, жұлдыз) |
Күн сәуле шашқаның үшін
рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет! Аспан
таза ауаң үшін рахмет! Ағаш
көлеңкең үшін рахмет! Оқушылар топқа бөлінеді.
|
Тұсаукесер 10мин |
Сұрақтары бар қорап әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау.
Табиғатты нелер құрайды? Табиғаттың бір бөлшегі кім? Табиғаттағы ғажап
құбылыстарды атап берші. Видеоролик
көрсету.
|
Оқушылар өткен
тақырып бойынша өткен материалдарды қайталап шығады. Сұрақтарға жауап беріп
отырады.
Көрсетілген
видеоролик бойынша ой қозғау жасалады. Табиғатты қалай қорғау керектігін
айтады. Табиғат аясында демалған кезде өздерінің арттарын қалай жинап
кеткендерін естеріне түсіреді. |
Негізгі бөлім
3мин
10мин
5мин |
Белсенді тақтадан екі
бағанға жазылған сұрақтар шығады.
Қазір қай жыл мезгілі? Қазір көктем мезгілі ме? Сен мектепке нешеде
келесің? Сен мектепке түсте келесің бе? Алманың дәмі қандай? Алма дәмді ме? Мәтінде кездесетін
жаңа сөздермен танысу. Сұраулық
шылаудың алгоритмін шығару. «Табиғатқа шыққанда» мәтіні бойынша 3 топ
сұраулық шылауларды пайдалана отырып 2 сұраулы сөйлемнен дайындайды. Сергіту сәті жасалады.
Жұптық жұмыс. Жалған ұйғарымды тап әдісі 3 – жаттығу (142-бет) бойынша
сөйлемдердің біреуін қате жазамыз. Көршісі
қате жазылған сөйлемді табу керек.
|
Оқушылар
бірінші бағандағы сұраулы сөйлемдердің екіншісінен айырмашылығын табады.
Мысалдар келтіреді.
Оқушылар жаңа
сөздермен танысады. Сұраулық
шылаудың ережесін мұғалімнің көмегімен жасайды. Оқушылар
мәтінмен жеке танысып шығады. Содан соң топта талқылай отырып, сұраулы
сөйлемдер құрайды. Топтар өздеріне
берілген тапсырманы орындап болған соң бір-бірін тыңдап, бағалайды. Оқушылар
тапсырмалардан соң біраз сергіп қалады.
Оқушылар
дәптерге сөйлемдерді жазады және
көршісіне ұсынады. Оқушы міндеті жалған яғни қате сөйлемді табу.
Өзара бағалау жүргізіледі. |
Қорытынды
10мин |
Стикерлі диалог әдісі
арқылы сабақ бойынша жаңа сөздерді
қалай игергендіктері тексеріледі.
4. – Ал өте
көңілсіз фигураны ешкім таңдамайды деп ойлаймын, өйткені бәрің еңбектеніп,
сабаққа қатысып отырсыңдар. Үйге тапсырма:
2 – жаттығу. «Табиғатты
қорғау – біздің міндетіміз» атты шағын шығарма. |
Бір оқушы
тақтаға шығып, сөздерді, егер қиналып қалса келесі оқушы жалғастырып алып
кетеді. Төрт түрлі
смайликтер.
|
Сабақтың өзіндік талдауы 3 «д» сыныбы үлгерімі, білім сапасы жағынан
белсенді сынып боп есептеледі. Бұл сыныпта үлгермейтін оқушы жоқ. Сабағымның
кіріспе бөлігінде ынтымақтастық
атмосферасын орнату мақсатында балаларға өлең жолдарын оқыттым. Содан соң
оқушыларды бірлесе жұмыстануға
дағдыландыру үшін ай, күн, жұлдыз деген топтарға бөлдім. Өткен сабақты
қайталау негізінде «Сұрақтары бар қорап» әдісін тиімді қолдандым деп ойлаймын.
Себебі бұнда төмен, жоғары дәрежелі сұрақтар қамтылды. Сондықтан барлық
балалар белсенді жауап беруге тырысты. Осыдан соң, тұсаукесер бөлігінде өткен
сабақты жаңамен байланыстыра отырып сабақтың тақырыбын видеоролик көрсету
арқылы ашуға тырыстық. Балалар видеодан не көргендерін, не байқағандарын және
менің түрткі сұрақтарымның арқасында сабақты аша білді. Лексикалық тақырыппен
қатар грамматикалық тақырып бірге жүретіндіктен екі бағанға жазылған
сұрақтардың ішінен сұраулық шылауларды еш қиындықсыз тапты. Негізге бөлімде
балалар топ болып мәтінмен танысып, сол бойынша тапсырмалар орындады. Менің
бұл алғашқы сабағымда балалардың топта бірлесе жұмыстана алмауы – бұл тәсілге
үйренбегендігі. Бірақ мен оларды қайта-қайта топтық жұмысқа итермелеп
отырдым. Бірге жұмыстану – білмегеніңді сұрау, өзгеге қол ұшын беру деп
ескертіп жүрдім. Дарындылар өздері түсініп алып, сыныптасына көмектескісі
келмеді ме, әлде топ құрамы ұнамады ма, әйтеуір топ болып орындаймыз дегеннің
өзінде жеке жұмыстануға ауысып кетіп отырды. Бірақ, қайткенде де тапсырмалар
орындалып отырды. Осы тапсырмалардан балалардың шаршауын басу мақсатында
сергіту сәтін жасаттым. Осы сәтте әр жерден жайраңдаған жанарларды байқап,
сергіту сәтінің сабақта қажеттігіне көзім жетті. Жеке тапсырма кезінде әр
оқушы бойынан бір ұшқынды байқауға, оларды бақылауға тырыстым. Оқушылар бұл
тапсырма арқылы өз сыныптасын бағалауды үйренді деп ойлаймын. Бұл жерде
«Жалған ұйғарымды тап» әдісімен балалар бір-бірлерін тексеріп өтті. Сабақтың
қорытынды бөлігінде «Стикерлі диалог» әдісін ұйымдастырып көрдім. Оқушылар
стикерлерге сұрақтар сонымен қатар жаңа сөздер жазу арқылы пысықтап өтті. Сабақтың соңында оқушы тек материалдың мазмұнын
біліп қана қоймауы керек, жұмыстың тиімділігін, қажеттілігін сезінуі керек
деген ой түйдім. |
||
Сабақ бойынша өзгертулер |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.