Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы
№
120 орта
мектеп
бастауыш сынып мұғалімі
Исаева Айша Қаржаубайқызы
«Сабақ беру
үйреншікті жай ғана шеберлік
емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп
Ж.Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Сол айтқандай күнделікті ұстаз
өміріне сабақты өткізуде қиыннан-қиыстырып, бала жүрегінен жол таба білуі
керек.
Қазіргі заман талабы балалардың
мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Қызығушылығын
ояту үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Ойын дегеніміз - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы әдіс ретінде дербес дидактикалық категория,
халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа
баулитын құралдың бірі. Ойын барысында мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылардың
серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары
артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап, кәрілікке
жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында
баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы
қалыптасады. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы
зор. Әрбір сабақта қолданылатын ойын түрлерінің белгілі мақсаты болады.
Ойынның
мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру тиянақтау, пысықтау.
Ойынның міндеті - баланың қызығушылығын
ояту, белсенділігін арттыру. Ойын
таңдағанда тақырыпқа сай ойындар алынады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі
сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Соның ішінде рөлдік ойындар
белгілі мақсатта тілді меңгертуге, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік
ойындар негізінен тұрмыстық, қоғамдық- саяси, ғылыми, кәсіптік қарым-қатынасты
ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.
Осы орайда «Танысу» ойыны :
Сіздің қолыңызда қажетті кітап болмай тұр. Сіз
оны бейтаныс замандастарыңыздың қолынан
көрдіңіз. Енді сол сәтті пайдаланып, сол кісімен танысыңыз. Кітабын сұрай
отырып, әңгіме арасында тілдік әдеп формаларын пайдалануыңызға болады.
-
Сәлеметсіз бе?
-
Кешіріңіз, қолыңыздағы кітапты қайдан алдыңыз?
-
Сәлеметсіз бе, мен бұл кітапты Абай дүкенінен сатып алдым.
- Мен
осы кітапты іздеп жүр едім. Кітаптың бағасы қанша?
-
Кітаптың бағасы 500 теңге.
-
Рақмет. Сау болыңыз!
- Сау
болыңыз!
«Дүкен» ойыны. Бұл ойынды ойнағанда балалар сатушы мен сатып
алушы әрекеттеріне еліктейді.
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе?
- Сіз не аласыз?
- Маған нан, сүт, сары май, он жұмыртқа беріңізші.
- Алыңыз. Сізден алты жүз теңге. Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!
Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың ойын үстінде
таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігін арттатынын атап
көрсеткен.Сабақта ойналатын дидактикалық
ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға
ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.
«Қайталай ғой» ойыны
1 - ойыншы
бір жемістің атауын атайды.
2 - ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің
атауын қосады.
3 - ойыншы екеуінде қайталап, тағы бір
жемістің атауын қосады.
Мысалы: алма
- алма, алша -
алма, алша, шие
Оқушыларға жемістердің
атауларының орнын сақтау ескертіледі. Ойынды 7-8 балаға дейін ойнауына
болады.
Дамыта оқыту
жүйесінде грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор. Грамматикалық ойындар
арқылы сабақта оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын
қарастырады, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Оқуға құлшынысын,
қызығушылығын арттырады.
«Адасқан әріптер» ойыны.
Дыбыстарды
тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар.
1. р,
о,б ( бор)
4. қ, ы, а, з, қ ( қазық)
2. а,
ш, а, ғ ( ағаш) 5.
а, л, а, д ( дала)
3. к,
т, е, р, е, м, е ( керемет) 6. і, м, б, л, і
( білім)
«Сыңарымды
тап» ойыны.
Шарты: бірнеше
сөздер тізбегі беріледі, оқушы сыңарын табады. Нәтижеде оқушы сөз тіркесін
жасай отырып, сын есімді меңгереді.
Мысалы: ......
алма
....... үй
...... жапырақ ...... доп
....... дәптер ...... нан
...... көйлек ....... кітап
Белгілі педагог В.А.Сухомолинский айтқандай « Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, фантазиясыз толық
ақыл-ой тәрбиесі болмайды!» Ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ
салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта
үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты
болмақ.
Қорыта келгенде, ойын - балалардың негізгі іс-әрекетінің бір
түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Ендеше
баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.