Қазақ тілі 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақ вальсінің королі- Шәмші. Төл сөз. Төлеу сөзді қайталау.
Мұғалім: Камзина Бақыт Айдарханқызы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы
туралы алған білімдерін пысықтау,әр түрлі тапсырмалар арқылы бекіту, ауызекі
сөйлеу дағдыларын арттыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік танымын, ойлау, еске сақтау,
сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Ұлтқа, Отанға, туған жерге, анаға деген құрмет
сезімдерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды өз елінің мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке, отансүйгіштікке,
ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Композитордың бейне – слайдтары, интерактивтік
тақта, эпиграф, сызба тіректері, грамматикалық кестелер, магнитофон.
Сабақтың түрі: Тақырып бойынша жалпылау сабақ, аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Интерактивтік тақта қолдану тәсілі, сұрақ –
жауап, әңгімелеу, түсіндіру, тыңдату, ән айту.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қаз.әдебиеті, музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сыған серенадасы. Мелодия ойнап
тұр
-Сәлеметсіңдерме,
балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін қай күн?
-Аптаның қай күні?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемнің нешінші айы?
-Сыныпта оқушылар түгел ме?
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
1 флипчард
Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз өткен модульде өнер адамдары туралы
көп білім алдық, шығармашылықтары туралы білдік. Оның ішінде атақты композитор,
қазақ халқының королі атанған, ел құрметіне ерекше бөленген Ш.Қалдаяқовтың
өмірі мен шығармашылығын оқып білдік. Ендеше біз бүгінгі сабағымызда алған,
білгенімізді ортаға салайық.( портреті және әні). Бұл сабақта Шәмшінің өмірі
мен шығармашылығы туралы айтамыз.
Сабақты мынадай
жолдармен бастайық.
Эпиграф: «Ән аға, жан аға, сені аңсап шарқ ұрып шағала..
Екі топқа бөлініп
жұмыс жасаймыз.
1
топ. Мұрагер 2 топ. Сазгер
ІІІ. Жаңа сабақ
2 флипчард
1.Балалар, біз
модульге байланысты көптеген сөздерді оқып білдік, соның ішінде бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді қайталап
алайық:
(оқушылардың жауаптары фишкалармен бағаланады)
Интерактивтік тақтада сөздер
жазылған:
сазгер өнер
туған ел халық
саз ұялатады
дарынды сезім
Осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер
құрастырамыз.
3 флипчард "Шәмші
әндері»
2. Енді балалар Шәмші туралы әңгімелейміз.
( 2 топтан 4 оқушы әңгімелейді)
3. Келесі тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
Мұрагер Сазгер
а) Ш.Қалдаяқов кім а)Шәмші қай
жерде туған?
ә) Шәмші қандай сазгер
ә)Шәмшінің әндері қандай?
б)Композитор қанша туынды б)Қай әні
әнұранға айналды?
жазды?
в)Біз қандай әндерін білеміз?
в)Композитордың
қандай әндерін
атай аласың?
4. «
Ақ ерке – Ақ Жайық» әні орындалады.
5.
Көптеген атақты адамдар Шәмшінің өнерін жоғары бағалаған. Соның ішінде ақын
Мұқағали, Мұхтар Шахановтың Шәмші туралы
өлеңдерін оқып білдік. Қазір соларға тоқталайық.
4 флипчард "Машинада”
Мұқағали Мақатаевтың өлеңі: М.Шахановтың өлеңі:
Бар қазақты тамсандырған Әнсізөмір,өмір
ме,қаңсымай ма. Таңнан таңға ән салдырған
Өзегіңді өртеп дерт шаншымайма. Өзін әнмен қарсы алдырған
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын. Шәмші едің.
Шәмші – ау, Ешкім көзі тірісінде
Шәмші қайда Ән көгінен дәл өзіңдей
Шәмшіге айт,тағы да бір ән таңдандырсын таба алған жоқ нар сенім.
Жандандырсын, Қандай
ғажап кереметің бар
Жүректі жандандырсын. сенің
Мәңгілік
өлмейтұғын
Ән қалдырсын!
5
флипчард "Кластер”
-Ал енді балалар Шәмші туралы білгенімізді
кластер арқылы көрсетеміз
Мұрагер Сазгер
Шәмші Шәмшіге
тән қасиеттер
Еңбексүйгіш, туған жерге деген
махаббат,өмірге құштарлық, әнұранның авторы,мейірімділік,Шәуілдір ауылы,
300-ден астам әндері, «Ақ бантик» ,
«Өмір- өзен», 1930-1992ж
ІҮ.Грамматикалық тақырып
6 флипчард "Грамматика”
Балалар біз
өте жақсы жұмыстар жасадық.Енді грамматиканы қайталаймыз.
Өткен сабақта төл сөз, төлеу сөздерді
өттік. Солар бойынша жұмыс жасаймыз.
Мұрагер Сазгер
«Төл сөз» деген не? «Төлеу сөз» деген не?
Төл сөзді сөйлемдердің құрылымы және тыныс
белгілері
Автор
сөзі: « Төл сөз».
« Төл
сөз», - автор сөзі.
Автор сөзі: «Төл сөз», -автор сөзі.
Сөйлемдер интерактивтік
тақтада жазылған.
Оқушылар
сөйлемдерді дәптерлеріне жазып, төл сөздің тыныс белгілерін қояды және төлеу
сөзге айналдырады.
1. Мұғалім былай деді: «Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының
дарынды перзенті».
Мұғалім балаларға Шәмші Қалдаяқовтың қазақ халқының
дарынды перзенті екенін айтты.
2. Шәмшінің «Ана
туралы жырында кім туралы айтылған» -
деп сұрады мұғалім.
Мұғалім Шәмшінің «Ана туралы жырында» кім
туралы айтылғанын сұрады.
3. «Шәмшінің
әндерін атап бер»,- деді мұғалім.
Мұғалім Шәмшінің әндерін атап беруін сұрады.
4. Менін досым: «
Маған Шәмшінің әндері ұнайды», -деді.
Менін досым Шәмшінің әндері ұнайтынын айтты.
Ү. Бекіту жұмыстары
7
флипчард "Мақалдар”
Енді сабағымызды аяқтай келе,біз біз өнер туралы көптеген мақал – мәтелдерді білеміз. Соларға
тоқталайық.
1 топ. 1. Ата өнері – балаға мұра. Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер.
2. Өнерімнің өрісі кең.
3. Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі
шашып жүр.
4. Өнерпаз болсаң, арқалан.
5. Өнер адам
бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.
2 топ.
1. Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер көп
емес.
2. Өнерді көп білетін
дана болар.
3. Өнер алды – қызыл
тіл.
4. Өнер бітпес
байлық,
Таусылмас қазына.
5. Өнерді үйрен де жирен.
8 флипчард "Ана”. Ана
туралы өлеңдерді оқу 1 топ . 2топ.
ҮІ. Поэзиялық минут
9. «Ана туралы жыр» әнін
орындау.
9 флипчард "Шәмші суреті”
ҮІІ. Бағалау. Фишкалар
бойынша бағалау.
ҮІІІ.Үй жұмысы: Шәмші туралы
шығарма немесе реферат.
ІХ. Рефлексия.
-Біз бүгінгі сабақта не істедік?
-Кім туралы
айттық?
-Сабақ ұнады ма?
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.