Технология. Қазақтың қолөнері: металдан бұйым жасау
11.11.2014
5427
0
Искаков Нурлан Серикович
« Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.
Біз баға жетпес білім қорын арттырып,
Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек...»
Н.Ә.Назарбаев.
Еліміздің білім беру мен ғылымды дамыту жоспарларын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым өзінің басты назарында ұстап келеді. Білім саласында еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды.
Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушыларға берілетін тәлім – тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту, еңбек өнімділігін арттыру , ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дәлелдеуде.
Бір – бірімен жалғасып келе жатқан еңбекке баулу, технология оқу пәнінің білім стандартындағы басты мақсаты - оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлау, оқыту болып табылады.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу – қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес , көре – көре, жүре – жүре жетіледі. Сана сезімі жүре толысып , еңбекке талпыну қарекеті басталады. Бірақ, өсе келе өмірде соның бәрі бірдей дәрежеде болып шықпайды. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Кейбір оқушылар өз жұмысын ұқыпты , тиянақты орындаса , енді біреулері сапасыз орындайды. Оқушылардың еңбекке әртүрлі болып келуінің негізгі бір себебі, олардың жас шағындағы еңбек тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауынан, әр отбасының баланы еңбекке әр түрлі етіп тәрбиеленуінен деп түсіну қажет.
Адам өмірі үшін қажетті білім беретін пәндердің бірі – еңбекке баулу, бүгінгі технология оқу пәнін сонау ауылдық қоғамнан басталғаны мәлім. Олай болса , технология пәні бойынша оқушылардың еңбек ету арқылы өз қабілетін дамытуын ата – бабамыздың ұлттық дәстүрімен өнерін одан әрі дамытуға бағыттауымыз қажет. Елінің ертеңіне ер азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан жас ұрпақты ежелден келе жатқан қол өнерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп, жұмыстар жүргізуіне шеберлік деңгейін арттырып, ынта – ықыласын, қоршаған ортаға қызығушылығын оятуға жетелейтін ұстаздар қауымы. Өзім сабақ беретін сыныптарда еңбек ету. Әрбір адамның міндеті екенін, еңбектің адамға абырой – даңқ әперетінін айтып отырамын. Адамның өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі де еңбектен табылатынын, еліміздегі, үйіміздегі адамдардың барлығы еңбектің нәтижесі де жақсы жетістіктерге жетіп жүргендіктерін өмірімен байланыстырып түсіндіремін. Жалпы мектепте оқушылар технология пәні арқылы көптеген тәрбиеге үйрену барысында белгілі бір мамандыққа икемделеді.
Жаңа білім беру – бірінші орынға – баланың тұлғасын, білім алу арқылы жан – жақты дамуын қойып отыр. Қазақтың қолөнері бағдарламасының ерекшелігі оқушыларды қолданбалы өнер түрімен, металдан бұйым жасау, ағашқа күйдіру өнерлерімен таныстыра отырып, тұлға ретінде танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады. Олардың ой - өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Осы арқылы оқушылардың өзіне тән икемділігі анықталады, тұлға ретінде көркем – эстетикалық біліктілігі, талғамы, қабілеттері қалыптасады. Қазақтың қолөнері барысында оқушылар әр түрлі материалдармен жұмыс істеп дағдыланады. Бұйымдарды жасау технологиясымен танысады, құрал – саймандарды пайдаланып еңбек етуге машықтанады, технология пәніне қосымша мәліметтер алады. Қазақтың қолөнері саласындағы халықтың ұлттық дәстүрін зерделеуге және оқушының өзіне тән бағдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Уақыт талабына байланысты мектеп оқушыларын нарықтық экономика талабына сай жан – жақты, білім біліктілігі артқан , кездескен тығырықтан шыға білетін, іскер тұлға ретінде тәрбиелеуіміз керек.
5 – сыныптан бастап мектеп оқушыларын технология пәні бойынша арнаулы – бағдарлама құрастырып, үйірмелерге қатыстыру бейім алды даярлар кезеңінде олардың білімін кеңейтеді, тереңдетеді. Оқушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастырып мінез – құлқының дамуын қамтамасыз етеді. Икемділігін анықтап, өнерге деген қызығушылығын арттырып, кәсіптік бағдарын таңдауға жағдай тудырады.
Өзектілігі: бағдарламада көрсетілген бағыт – қазақ мектептерінде сабақ беру саласында алған білімдерін тереңдетіп, сарасын жаңа заман талабына сай жақсартып, оқушылардың, технология, бейнелеу пәні бойынша теориялық білім практикамен ұштастыра игертіп және көркемдік, эстетика танымдық қызығушылығын арттыру.
Мақсаты:
Оқушылардың әртүрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем эстетикалық біліктілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
Металдан бұйым жасау өнері және басқа өнер саласындағы материалдардың өңдеу технологиясын білу.
- бұйымдарды жасау жолын меңгерту
- қазақ халқының өнерінің түрлерін танып – білу
- жұмысты жүйелеп қорытындылай білу
- құрал – саймандарды ажырата білу
- техника қауіпсіздік ережесін білу
Білуге тиіс:
- шеберханада техника қауіпсіздігі ережесін меңгереді
- метелдан жасалған бұйым түрлерін ажырата біледі
- шеберханада жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырады
- құрал – саймандарды
- құрал – саймандарды дұрыс қолдана біледі
- шығармашылық жұмыстарды істей біледі
- ақпарат жүйесін пайдалануды біледі
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін , жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздылық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісіне: Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал, әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер- темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда, зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.
Металды түзету.
Металды қолмен түзететін құралдардың катарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
1.Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолымен ұстап, төстің үстіне қой. Оның майысқан дөнес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.
2.Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап,ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң,соғу күшін біртіндеп азайт.
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері:
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде,міндетті түрде қолғап ки.
2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтап.
3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей арнаулы сыпырғышпен сыпыр.
4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағыңмен сипама.
5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасыңдағы оқушыға қарай сілтеме.
6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда,оның ұнтағына аса мұкият бол.
7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.
8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.
9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде,екінші қолыңды соғып алма.
10. Балға мен беделдегішті дұрыс ұста!
Қорытынды
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр - өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.
Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді сәнді қолөнерімізбен өркендету.
Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлтық қабілеті мен біліміне іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жарату.
Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсысымыздың борышымыз.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.