Технология 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау нағыз шеберліктің белгісі.
Тусупбекова Загул Дуйсетовна
Сабақтың мақсаты:
Құрақтың шығу
тарихын, оның қажеттілігімен танысу, құрақ құрау технологияларын меңгерту.
Білімділігі: Оқушыларға құрақ құрау әдістерін үйрету, құрақ
құрау түрлерін түсіндіру, түсінік беру.
Дамытушылық: мұра болып келе жатқан құрақ құрау өнерін ғылыми
деңгейде заман талабына сай дамыту.
Тәрбиелік: Ұмытылып бара жатқан ұлттық мұраларды еске
түсіру, жалқаулықтан аулақ болып, ерінбеуге, шебер болуға баулу. Құрақ құрай
білу өнері арқылы өмірге қабілеттілікті тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құрақ түрлері, буклет, бор, сызғыш, қатты түсті
қағаз, мата түрлері, ине, жіп, қайшы.
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу,
геометрия, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу.
ІІ. Өткен сабаққа
шолу жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі.
Кезінде оны апа--әжелеріміз бірден пішіп, қырқып құрастыра берген. Құрақтың сан
түрлі қиықтардан құрастырады. Құрақтың ерекшелігі негізінен мата қиындыларын
геометриялы фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрақ құрау екі мақсатты
көздейді, біріншіден мата қиындысын іске асыру, екіншіден үлкен сәндікке баулу,
матадан әр алуан түрлі фигура жасай отырып қиюластырып жастық, көрпешелер тігу.
Бүгінге дейін ата- бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызын
жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Құрақ
құрау барысында матаның қалың, жұқалығын қатаң ескертуіміз қажет. Егер мата
қалыңдығы тура келмесе басқа матамен қабаттап тігеміз. Сонымен бірге тіккен
құрағымыз мықты, әрі сәнді көріну үшін құрақты астарлап тігуіміз керек.
IV. Сарамандық жұмыс.
Сабақта қауіпсіздік ережелерін еске түсіруден
бастаймыз.
Инемен, тігін машинасымен, қайшымен жұмыс істеу
ережесін сақтау.
Сыныптағы қыздарды екі топқа бөлемін. Әр топ өзі
қалаған құрақ түрлерін құрайды. 1 топ «Қызғалдақ» көрпеше құрау.
Құрақты тігу үшін төрт дана етіп төртбұрышты
қиықтар қиылып алынады. Екі үшбұрыштарға қиындыларын алып, қарама- қарсы
бұрыштарға тігісітіру керек. Ортасына ашық сатадан төртбұрыш тігіп шетіне бір
түсті мата тігіледі.
2 топ «Аққу» құрағын тігу. Үш түрлі бір түсті
матадан үшбұрыш және төртбұрыш пішімін дайындау.
Бір түсті бір үшбұрышқа басқа түсті бір төртбұрыш
тігіледі. Дәл осы әдіспен бес, алты төртбұрышқа үшбұрыштар тігістіріледі. Бәрі
бір-бірімен тігістірілегн соң екі жанына бір түсті матадан шеттік жүргізіледі.
V. Сергіту уақыты.
Еңбекке, өнерге, шеберлікке байланысты мақал-
мәтелдің жалғасын табу.
а) Өнерлінің (он саусағы) тең.
ә) Өнерлінің (қолы) алтын,
Өнерсіздің (бір саусағы ) кем.
б) Еңбеккер ұйқыдан (ширап) тұрады,
Еріншек
ұйқыдан (қиналып( тұрады.
в) Шебер адам (қорқақты) сүймес.
VI. Сабақты қорытындылау.
2 топ бір-біріне өз көзқарасын айтып топтың
жұмысына баға беріп пікірлерін айту.
1. Құрақ қандай өнер?
2. Құрақты қандай мақсатта құраған?
3. Құрақтың алатын орны?
4. Қандай бұйымдар жасауға болады?
VII. Бағалау.
Оқушылардың жұмысын тексеріп ережелердің
сақталуына, жұмыстың ұқыптылығына қарай
бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
Киімге, құраққа байланысты мақал- мәтелдер жазып
келу, сыныпта бастаған жұмыстарын тиянақты аяқтап келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.