Ақпараттық жүйелер ұғымы
14.01.2017
2616
640
Сексенов Серик Орынбаевич
Тақырып: Ақпараттық жүйелер ұғымы.
Мақсат: Оқушылардың ақпараттық жүйелер туралы білімдерін қалыптастыру; Оқушыларды ақпараттық жүйе түрлерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды ақпараттық жүйелермен таныстыру.
Дамытушылық – Оқушылардың ақпараттық білімін дамыту. Компьютердің басқада құрылғыларымен жұмыс жасай білу қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабақ
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер, бейнепроектор, электрондық оқулықтар, таратпа, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Ермеков, Информатика 11 сынып, оқулық, ЖМБ
2) Н.Ермеков, Информатика 11 сынып, әдіст. нұсқау, ЖМБ
3) Н.Ермеков, Информатика 10-11 класс, Базовый курс
4) www.infust.kz, www.ustaz.kz
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру (2мин)
а) ұжымдық әрекет;
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
б) техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (3-5 мин)
4. Сергіту жаттығулары (2 мин)
5. Сабақты бекіту (тапсырмаларды орындау) (20-25 мин)
6. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Жүйе деп- әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- Ақпараттық –анықтамалық жүйелер;
- Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
- Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі.
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (А. А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
Жаңа тақырыпты бекіту
Сұрақтар:
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Жүйе дегеніміз не?
3. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
4. Ақпараттық жүйені қандай кластарға жіктейміз?
Тапсырма:
1. Ақпарат түрлерін атап шық?
2. Ақпаратты қабылдау, сақтау және өңдеу құралдарын атаңдар?
Үйге тапсырма § 1.3, бет. 18-21
Ақпараттық жүйенің ұғымы.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.