Информатика 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессоры
Сабақтың мақсаты: Мәтіндік процессоры туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік міндет: MS Word мәтіндік процессорының
мүмкіндіктерімен таныстыру, мәтіндік редактормен жұмыс жасап үйрету.
Тәрбиелік міндет: Оқушыларды компьютерде ұқыпты, таза, қауіпсіздік
ережесін сақтай отырып жұмыс жасауға баулу. Адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндет: MS Word мәтіндік
редакторында құжат құруды, сақтау жолдарын білуді, пішімдеулерді үйренуді,
барлық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай білулерін дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Дербес компьютер, үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тест алу
1. Ақпараттандыру-
А) дамыған елдердің қоғамдық
қарым-қатынастары жүйесінің ең бір жақын түрі
В) Paint-графикалық редакторы
С) күрделірек программаларды
игеру
Д) Сканерлеу
Е) құжатты дискіге жазу
2. Ақпараттық технология қанша техникалық жетістікке негізделген?
А)3
В) 5
С) 4
Д) 2
Е) 7
3. Сканерлеу (сканирование)-
А) мәтіналғының көмегімен
дербес компьютердің жадына бейнелерді енгізу үдерісі
В) технологиялық прогресс
ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз етеді
С) дербес компьютерде алгоритм
бойынша автоматты ақпарат өңдеу құралы
Д) нарықтағы ұсынылатын дербес
компьютер кешендері құрылғыларының алуан түрлілігі
Е) дербес компьютерді қалпын
келтіру
4. Мәтіналғы дегеніміз-
А) сызбалық ақпаратты қағаздан,
үлдірден, фотосуреттерден оқып, дербес компьютерге сандық пішімде енгізуге
арналған құрылғы
В) дербес компьютерлік
графикада екі бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу құралы
С) бір дербес компьютерден басқасына ақпарат таситын
құрылғы
Д) пернетақтада терілген кез
келген бұйрықтың орындалуын құптайтын құрылғы
Е) принтерден қағазды басып
шығару
5. Электронды тасымалдағыштарға не жатады?
А) магнитті таспа,
кинофильмдер, магнитті және лазерлі дискілер
В) видео жады, жедел жады,
қатты диск
С) жұмсақ диск (дискетеа),
қатты диск, флешка
Д) тінтуір, пернетақта, жүйелік
блок
Е) принтер, мәтіналғы
6. Қашықтықтан ақпарат жеткізу жүйесі
А) жергілікті желі, телефон
желісі, радио байланысы, жерсеріктік байланыс
В) магнитті таспа,
кинофильмдер, магнитті және лазерлі дискілер
С) жұмсақ диск (дискета) қатты диск, флешка
Д) жұмсақ диск (дискета) қатты диск
Е) ток көзіне қосылған дербес
компьютер
7. TWAIN-
А) суретті алдын ала орнату
программаларының бірі
В) дербес компьютерге сандық
пішімде енгізуге арналған құрылғы
С) факс-модем арқылы жіберуге
болатын үдеріс
Д) барлық жауап дұрыс
Е) мәтінді өңдеу программасы
8. ABBYY FineReader-құжат енгізу неше кезеңнен тұрады
А( 4
В) 3
С) 5
Д) 2
Е) 9
9. ABBYY
FineReader-құжат енгізу неше кезеңдерінің дұрысын таңдаңдар:
А) барлық жауап дұрыс
В) кескінді алу
С) сәйкестендіріп тану
Д) құжатты тексеру
Е) құжатты антивирусқа тексеру
10. Мамандар дербес компьютерлік техника құрылғыларын не
деп атайды?
А) DVD
В) «Hardware» (қатты тауар)
С) принтер
Д) мәтіналғы
Е) дербес компьютер
11. Мамандар дербес компьютерлік программалық қамтамасыз
етуді не деп атайды?
А) «Software» (жұмсақ тауар)
В) «Hardware» (қатты темір
тауар)
С) қатты немесе жұмсақ тауарлар
Д) жеңіл тауар
Е) барлық жауап дұрыс
12. 1986 жылы белгісіз әріптермен жұмыс істей алатын
жүйені жасаған компания
А) Calera Recognition Systems компаниясы
В) Intelligent Machines Research Corporation
С) Kurzweil Computer Products
Д) Microsoft компаниясы
Е) X-Box компаниясы
Жаңа сабақты пысықтау
Қазіргі
кезде құжат жасау программаларының бірі –Microsoft Office Word. Бұл программа
жылма-жыл жаңарып отырады, әрі қуатты мәтіндік процессорлардың бірінен
саналады. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, блокноттар,
газет-журналдар, баннерлер шығаруда кеңінен қолданылады.
Мәтіндік
процессор-мәтінді сақтау, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды
қамтамасыз етеді, сонымен қатар жұмыс істеу мүмкіндігі де кең ауқымды, олар:
қате тексеру, тезаурус (лексикалық бірліктердің семантикалық қарым-қатынасын
көрсететін автоматтандырылған сөздік) табу; сөз тіркесін іздеп табу, бірнеше
терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер
орындайтын программалық құрал түрі.
Мәтінді
дербес компьютерде өңдеудің артықшылығы: ақпаратты өзгерту, көшіру, көбейту
әлдеқайда жеңіл.
Мәтін деген
не?
Мәтін
–компьютерлік алфавиттік символдардың тізбегі. Алфавитте 256 символ бар. Мәтін
тек символдардан ғана емес, математикалық, химиялық формулалардан, сандардан,
графиктік нысандардан, т.б. тұрады.
Мәтіндік редакторда жасалған ақпараты бар файлды
«мәтіндік құжат» деп атайды. Мәтіндік ақпаратты дербес компьютерде өңдеу үшін
арнайы мәтін өңдеу жүйелері қолданылады, олар мәтіндік редакторлар немесе
мәтіндік процессорлар деп аталады.
Мәтіндік редактор- магниттік
дискіде мәтіндік құжат құруға және оны өңдеуге арналған қолданбалы программа.(Блокнот).
Мәтіндік процессор (Word) құжатты өңдеуге мүмкіндігі
жоғары болады.
Мәтін түрлері:
кәдімгі, кестелік, программалық, гипермәтін.
Кәдімгі мәтін ең көп
тараған түрі. Ол символ (әріп, сан, тыныс белгілері, арнайы белгілер) сөз, жол,
абзац, беттерден тұрады.
Кестелік мәтін нысандары:
символ, жол, баған, ұяшықтардан тұрады. Кестеде сандық және мәтіндік ақпарат
болуы мүмкін.
Программалық нысандар деп- жолдар мен символдарды айтамыз.
Гипермәтін - графикалық,
дыбыстық, бейнелік ақпаратты қамтиды. Оларды ғаламторда және электрондық
оқулықтарда кездестіруге болады.
Microsoft Word программасын
бірнеше жолмен іске қосуға болады:
-
Пуск—Программалар----
Microsoft Office------- Microsoft Word 2010 бұйрығын орындау;
-
Жылдам іске қосу
панеліндегі Word таңбашасын шерту;
-
Жұмыс үстеліндегі Word
жарлығын екі рет шерту.
Word программасын ашу кезінде
бос құжат автоматты түрде құрылады, егер өзіміз құратын болсақ, мына
әрекеттерді орындаймыз:
-
Ctrl+N батырмалар
үйлесімін басу;
-
Файл мәзірінде
–Құру (Создать) бұйрығын таңдау—Жаңа құжат белгісіне шерту. Жұмысты аяқтау,
Файл---Шығу (Выход).
Құжатты сақтау үшін Файл—Қалай сақтау(Сохранить как)
батырмасын шертеміз.
Сақталған құжатты Файл---Ашу батырмасын орындаймыз.
Немесе Ctrl+О батырмасының үйлесімін басамыз.
Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларға компьютерде
орындауға тапсырмалар беру 66 бетте кітаптан.
Тексеріп шығу.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында интерактивті тақтада
сұрақтар беру.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.