Информатика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Циклдық алгоритм.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың циклдік алгоритм типтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың
міндеттері:
1. Оқушыларға циклдық алгоритм типімен және оның құрылымын
түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика
жүзінде қолдануға үйрету;
2. Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту арқылы логикалық ой-өрістерін дамыту.
3.Сабақ барысында топпен жұмыс жасай отырып оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,
бірлесіп постерге сурет салу арқылы
көрсете түсіндіру , жаңа технологияны
пайдалану.
Сабаққа
қажетті құралдар: компьютер -12, бейнепроектор, қағаз, маркер, стикерлер.
Пән аралық
байланыс: математика,бейнелеу өнері, әдебиет. Күтілетін нәтиже: Алгоритм типі бойынша
бірнеше рет қайталану арқылы орындалатын
циклдық алгоритмді үйренеді, бірлескен топтық жұмыста атқарушы «Ботаның» тапсырмаларын
орындай отырып жаңа тақырыпты меңгереді.
Сабақтың
жоспары:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері.
2. Топқа бөлу.
3.Алтын ереже.
ІІ. Үйренуге
берілген тапсырманы сұрау.
1.
«Алгоритм» сарайына саяхат.
А) Ережені ұмытпа.
Ә) Толықтыру тесті.
Б) Кім жылдам?
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Сабаққа байланысты қызығушылықты ояту.
1.Дұрыс орында.
А) Компьютермен жұмыс.
Ә) Сиқырлы қалам.
Б) Сергіту жаттығуы.
IV. Сабақты
бекіту. Постермен жұмыс.
V. Бағалау.
VI. Үйренуге
берілетін тапсырма.
VII. Кері
байланыс.
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты топқа бөлу. |
3-мин
1-мин |
Шаттық шеңберін құру арқылы бүгінгі сабаққа оқушылар бір-біріне
сәттілік тіліп, жылы лебіздер айтады.
Мозайка арқылы (алгоритм типін құрастыра отырып топқа бөлінеді). |
Оқушылар іс-әрекетті барлығы бірдей істейді. Қалаған қиындыны алып құрастыру
арқылы 2 топқа 5-6 бөлінеді. |
ІІ.Үйренуге берілгенге шолу. |
4-мин |
Үйге берілген тапсырманы «Алгоритм сарайына» саяхат жасау арқылы
дайындықтарын байқаймыз. Алгоритм сарайының тапсырмалары: 1. Ережені ұмытпа. 2.Толықтыру тесті. 3.Кім жылдам? |
Оқушылар өзара әрбір тапсырмаға
топ мүшелері кезек-кезек жауап беру арқылы орындайды. |
ІІІ.Жаңа білімді меңгерту.
|
7 -мин |
Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып, жаңа тақырыпты анықтаймын.
1.Цикл дегеніміз не? 2.Циклдың қандай түрлерін білесіңдер? 3.Арифметикалық цикл дегеніміз
не? 4.Интеграциялық цикл дегеніміз не? |
Топпен бірлесе отырып жауап береді. Туындаған сұрақтарға топ болып
жауабын анықтайды. |
Глоссарий (Сөздікпен жұмыс) |
3-мин |
Бүгінгі тақырып бойынша ережелермен таныстыру. |
Оқушылар жаңа сөздермен танысып дәптерлеріне жазады. |
Компьютермен жұмыс. |
10-мин |
Циклдық алгоримді қалай құру
керектігін көрсетіп Күлшеқыздың дайын қамырдан құймақ пісіру алгоритмін
құруға тапсырма беремін. |
Оқушылар тапсырмаларды алып жеке-жеке компьютерде жұмыс жасайды. |
Сиқырлы қалам. |
5-мин |
Атқарушы «Ботаның»
командалары арқылы 1 топқа А әрпінің ,
2 топқа Б әрпінің суретін салуға тапсырма беремін. Мына суретті қалай
салғандарыңды түсіндіріңдер? |
Оқушылар суретке қарап жауап программасын қалай салғандарын түсіндіріп
береді. |
Қызығушылық ояту.
|
3-мин |
Сергіту сәті. Физминутка. |
Оқушылар өз орындарындарынан тұрып бейнежазбаны бақылай отырып жаттығу
жасайды. |
Сабақты бекіту. Постермен жұмыс. |
5-мин |
Оқушы формасы қандай болу
керек? |
Оқушылар постерге топпен сурет салу арқылы салған суреттерін қорғайды. |
Үйренуге берілетін тапсырма. |
1-мин |
§3,5. Циклдық алгоритм. 1-жаттығу жазба, дәптермен
жұмыс.(Ауа райының маусымдық ауысу алгоритмін құр). |
Үйренуге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау.
|
2-мин |
Геометриялық түрлі түсті фишкалар
арқылы топты және оқушыны бағалаймын. |
Оқушылар өз жинаған фигураларын көрсетеді. |
Кері байланыс.
|
1-мин |
1.
Бүгін мен нені
үйрендім? 2.
Маған не ұнады/ ұнамады? 3.
Жаңа сабақ
бойынша тағы не білгім келеді? |
Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін, ойларын еркін жазып, кері байланыс
парағына жапсырады. |
Сабақтан кейінгі рефлексия: Мен жаңа технолдогия бойынша өткізген алғашқы сабағымда дәстүрлі әдіске
қарағанда жаңа сабақтағы топтастыру арқылы сергіту сәтін пайдаланған кезеңдер және
фишкалар арқылы өз-өздерін бағалауы сонымен қатар постермен жұмыс жасағаны оқушыларыма қатты ұнағанын байқадым.
Сабағымдағы маған ұнағаны жаңа жоспар бойынша жүйелі жасалған сабақ
кезеңдерінің өтілу барысы, СМАРТ мақсаттың айқындығы және алдын ала ұсынатын
табыс критерийлері, формативті бағалау ұнады. Дегенмен де сабақ барысында оқушылар топтық
жұмыста алғашында өзімшілдік байқалды,алайда сабақтың ортасына қарай ауызбіршілік пайда бола бастады, көшбасшы
оқушылардың өзге оқушыларға мүмкіндік бермеулері де байқалады. Болашақта да оқушыларымның сабаққа
қызығушылықтары бұдан да жоғары деңгейде , топпен жұмыс істеуде бір жүйеге
келетініне сенемін. Информатика пәнін үйретуде
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары жоғары, пәнді меңгертуде қиындықтар туындай
қоймайды, бірақ осы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың
информатика пәніне деген қызығушылықтарымен білім деігейлерін одан да жоғары
деңгейге жеткізуге болатынын
түсінгендеймін. Әсіресе маған ұнағаны топтық жұмыста үлгермейтін оқушылардың да қызығушылығы ояна түскенін байқадым.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.