Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Қазақстан суретшілері»
Қазақстан Суретшілер Одағы– –республика суретшілері мен өнертанушыларды біріктіретін шығармашылық ұйым. Одақ өз мүшелерінің
көркемдік деңгейі жоғары туындылар жасауына және кәсіби шеберлігін үнемі
дамытуға ықпал етеді. Ол 1933 жылы құрылды. Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағалары: В.Н.
Сладков,Ә.Қастеев, Х.Е. Наурызбаев , т.б. болды. Құрамына Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облысы суретшілер ұйымдары мен 12 облыс көркемөнеркәсіп
шеберханалары енді.
Одақ конференциялар мен семинарлар өткізіп, көркемсурет көрмелерін ұйымдастырады.
Қазақстан Суретшілер одағының жанынан Қазақстан Көркемсурет Қоры құрылды.
Айша Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР
Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек
Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына
жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.
А.Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысында дүниеге
келген. Алматының көркемсурет училищесінде
және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында оқыған. Айша
Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», фильмдерінің қоюшы суретшісі.
Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның
туындылары Қазақстан, ТМД және әлем елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.
Әбілхан Қастеев әйгілі кескіндемешісі, график-суретші,
қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың
бірі. Туып-өскен жері — Алматы. Қазақстанның халық суретшісі. Қазақстан Суретшілер
одағы басқармасының төрағасы . Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында
жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында сабақ алды . Халық өмірінің алуан
көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге
келтірген.
Сидоркин Евгений график-суретші. Оның шығармалары біздің
еліміздің ұлттық игілігі. Суретшінің туындылары жиырмадан аса елде көрсетіліп
биік бағаға ие болды. Евгений Сидоркин қазіргі Қазақстан бейнелеу өнерінің
дамуына үлкен үлес қосқан. Ол өз еңбектерінде өмір бойы Қазақстанды жырлап
өтті. Е. Сидоркин Киров облысының Лебяжье ауылында дүниеге келгенімен, бүкіл өмірін, Қазақстан
жерімен сабақтастырды. Ол институтты бітіріп Алматыға келген соң халық мәдениетімен танысып, өзінің көптеген
графикалық топтамаларын жазды. 1958 жылы Е. Сидоркин ертегі «Көңілді суайт»
ертегісіне иллюстрация жасады , «Қазақтың ұлттық ойындары» , «Сәкен Сейфуллинді
оқығанда» топтамасы, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына иллюстрация жасады. Осы жұмысы үшін
Е. Сидоркинге Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.