Урок по самопознанию в 3 классе "Өнерлі бала сүйкімді."
03.06.2016
2521
646
Оразбаева Гульнар Женисовна
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №8 м-г Мерзімі: 05.02.16 ж. №21
Тақырып :Өнерлі бала сүйкімді.
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет құндылығы. Қасиеттер:ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету. Мұғалiм:Оразбаева Г.Ж. Cынып: 3 «А» Оқушылар саны: 17
Сабақ мақсаты:Балаларға «өнер»ұғымын түсіндіру арқылы дұрыс іс-әрекет құндылығын ашу.
1. Білімділік: Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Дамытушылық:Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Тәрбиелік:Өнерпаздыққа, өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
даналық сөз
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
3 топқа бөлініп отыру.
1.Ақындар
2.Суретшілер
3.Әншілер
Тыныштық сәтi.
№1.Нұрға бөлену.
Денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз.Көзімізді жұмамыз.Көз алдарыңда көк шалғынды дала.Жұмсақ самал есіп тұр.Аспанда күн нұрын ерекше төгіп,сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды.Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады.Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды,тек жақсыны ғана ұстау үшін.Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды,жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды,тек жақсы сөз есту үшін.Күннің нұры көзіңе барды,тек жақсыны көру үшін.Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді.Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа, ата-анаңа, барлық мектептегі достарыңа жібер.Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленсін. Біздің сынып та нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды.Көзімізді жаймен ашайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Құмға салған сурет» мәтіні.
1 топқа
- Әбілхан жас кезінде немен шұғылданды?
-Түргенбай қарт Әбілханды қалай қолдады?
2 топқа
-Шежіре қарт Әбілханға қандай көмек көрсетті?
-Әбілханның суретшілік өнер жолы қалай басталды?
3 топқа
-Әбілхан Қастеевке суретшілік өнерді кім үйретті?
-Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер? Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы.»
Жетес шешен.
(Дәйексөздің мағынасын ашу)
-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.
Дәйексөзді дәптерге жазып алу.
-Өнерлі бала дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өнерлі бала деген қандай бала?
Өз ойларыңды алдарыңдағы гүл күлтелеріне жазып әкеліп тақтаға жапсырамыз.
1.Әңгiмелеу (сұхбат).
Жүректегіні сөзбен жеткізбесең де, жырмен жеткізгеннің өзі көңілге қуаныш ұялатады.Ал,балалар өз ойын жырмен жеткізетін адамды кім дейміз?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл ақын адам.
-Ал балалар ақын адам туралы неге сөз қозғадым, қалай ойлайсыңдар?
-Өйткені қазіргі танысатын мәтініміз «Ақын деген кім?»
Қайымов Қанат Қабділрашидұлы— Семей облысы, Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында дүниеге келген.
Ақын деген кім?
Қ. Қайымов
- Әже, ақын деген кім?
Мектепке барып, «Әліппені» аяқтағанына көп уақыт өте қоймаған жиен немересінің сұрағы Мәрзия әжейді ойландырып-ақ тастады:
- Ақын деген бе? Ақын деген - өлең жазатын адам.
- Өлең жазатын адамның бәрі де ақын ба?
- Жоқ, қызым. Оның ішінде жүрегі үлкен адамдар ғана ақын бола алады.
- Ал олардың жүрегінің үлкен, әлде кішкентай екенін қайдан білесіз?
- Жүрегі үлкен деген сөз - елін, халқын, отбасын, ата-анасын ерекше жақсы көру деген сөз.
-Әже!
- Әу, жаным...
- Мысалы, мен, өлең жазбаймын. Бірақ көкемді, апамды, Сізді жақсы көремін ғой. Сонда мен ақын емеспін ғой, иә?!
- Әрине, дәл қазір сен ақын емессің. Бірақ, ақынжанды адамсың.
- Сонда мен, кейін өлең жазатын ақын боламын ба?
- Әсия, жаным. Мен саған күні ертең өлең жазып, ақын бола қаласың деп айтпаймын. Бірақ ойлаған ойың, тілеген тілегің, болашақ арманың үлгілі болса, ізгі-ниетті үлкен азамат болатыныңа сенемін.
Мәрзия апа кішкентай немересінің үлкен сауалының қайдан пайда болғанын білгісі келді:
- Әсеш, сен бұл сұрақты маған неге қойдың?
- Біздің мұғалима Ардақ апай үлкен-үлкен елдерді басқарған патшаларға, хандарға ақындар ақыл айтқан дейді...
- Дұрыс айтқан. Баяғы өткен замандарда Бұқар жырау деген ақын бабаларымыздың айтқан сөзін хан тыңдаған. Исатай мен Махамбет деген ақын-батырлар халықтың қамын ойлаған.
- Ал Абай ата қандай ақын?
- Абай - ақындардың атасы. Өсе келе өлеңдерін оқысаң өзің түсінесің. Одан кейін Сәкен, Ілияс, Мағжан сияқты үлкен жүректі ақындар болған. Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сынды тағы көптеген жыр алыптарын білетін боласың, әлі.
- Олардың бәрінің де жүректері үлкен болған ба, сонда?
- Әрине. Жүрегі үлкен болмаса, үлкен ақын болмайды ғой...
- Ал енді, әже, олардың жүрегі үлкен ақын екенін қайдан білеміз?
- Өзін емес, елін ойлаған, жазған өлеңін мен де, сен де түсінетін ақын - нағыз ақын. Өлеңдерін бүкіл халықжақсы қабылдайтын ақын - нағыз ақын.
Мәрзия апа ойланып қалды. Кішкентай немересі айтқанын түсіне алды ма?
Әсия да ойланып отыр. Түсінген сияқты.
Нағыз ақын - өзінің елін сүйетін адам. Халық сүйікті ақынын әрқашан да құрметтейді.
Әсия да, әжесі де, жалпы адамдардың бәрі де осылай ойлайтын сияқты. Дұрысы солай.
Сұрақтар:
1. Немересі әжесіне қандай сұрақ қойды?
2. «Жүрегі үлкен» деген сөздің мағынасын әжесі қалай түсіндірді?
3. Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?
Бейнекөріністер көрсету.
(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая туралы бейнекөрініс көрсету)
Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. БалаЖамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.
Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік өзінің шахмат әлеміндегі алғашқы атағына алты жасында қол жеткізген еді.Бүгін әлемнің ең жас гроссмейстері, ең жас чемпион, ең жас студент және өз атында Шахмат академиясы бар .
-Жамбыл мен Жансаяны қандай балалар дейміз?
- Ал,сендер өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
2.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1.Шығармашылық тапсырма.
1. Ақындар тобы (өлеңді аяқтау)
Біз өнерлі баламыз,
................................
2.Суретшілер тобы(сурет салу)
Балалар, қазақ халқының ұлы ақыны кім?-Абай Құнанбаев.
Атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдерін білесіңдер?
-«Жазғытұрым», «Күз», «Қыс» өлеңдері.Қазір бізде қай мезгіл?-Қыс. Сендер суретшілер болғандықтан қыс мезгілін бейнелеп саласыңдар.
3. Әншілер тобы (мақалды аяқтау)
1. Білім көкке жеткізер,
.........................................
2.Өнерлінің қолы алтын,
...........................................
3.Өнер-таусылмас азық.
........................................
4.Өнерді үйрен,
.......................................
3.Үй тапсырмасы.
«Менің өнерім» тақырыбында эссе жазу.
4.Топпен ән айту.
«Бала тілегі»әні
5.Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен
-Енді барлығымыз көзімізді жұмып бүгінгі өткен сабақты еске түсіреміз.Ойша барлығын есте сақтаймыз. «Адамның сәні – өнер, білім, ақылы». дәйексөзін қайталап,ақырын көзімізді ашамыз.
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар! -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңыздар!
Сіздерге көп рахмет!!!!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.