Тұрар Рысқұлов
30.10.2015
3649
0
Кусаинова Меруерт Мұратқызы
Солтүстік Қазақстан Облысы
Уәлихан ауданы
Өндіріс ауылы
Өндіріс орта мектебі
биология, химия мұғалімі
Кусаинова Меруерт Мұратқызы
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету.
Көрнекілігі: Т.Рысқұловтың портреті.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың өнегелі мен ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы болмақ. Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысы,Талғар ауданына қөрасты Бесағаш деген жерде дүниеге келді. Тұрардың жастық шағы патша өкіметінің халықты қанауы мен езгісі келген күшейген кезеңге тұспа – тұс келген еді.
Рысқұлұлы Тұрар (1894 – 1938 ) мемлекет және қоғам қайраткері,әулиеата үйезіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы.Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болған. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталған, итжеккенге жер аударылады.Әкесінің қылмысты болып, түрмеге қамалуы он жасар Тұрардың былайғы өмірінің сол кездегі өзі тұрғылас қазағының ауыл балаларының тірлігіннен бөлек, басқа арнаға ауысуына себепші болады. Паналар басқа жері жоқ жетім Тұрар қашан әкесі сотталып, жер аударылғагнша түрмеде, сенің қасында болып, бас бостандығы жоқтардың бақытсыз күндерін солармен бірге бастап кешіреді.
Теңсіздіктің, әділетсіздіктің небір сорақы түрлерін көзімен көреді. Сонша жүріп, бала болса да, оқымай,білім алмай, болмайтынына көз жеткізеді.Бірақ қанша ұмтылғанмен,ол кезде жетімбалаға білім оңай емес еді. Ол тек 1907 жылы ғана әкесін білетін жақсы адамдардың көмегімен, онда да аты – жөнін өзгертіп, Қырғызбаев деген фамиялиямен. Әулиеатадағы арналған орысша бастауыш мектепке оқуға енеді. Бұдан кейін ол Ташкентегі ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп, Ташкентегі мұғалімдер институтына түседі. Бірақ онда оқудың мүмкіндігі болмайды. Осы кезде Қазақстанның әр жерінде патшаның «Июнь жарлығына» қарсы бас көтерген халқының нараздылығы ұлт азаттық көтеріліске белсене қатысқан Тұрардың патша үкіметі тұтқынға алады. Ақпан төңкерісінен кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырып, Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, әулиеата Кеңесімен тығыз байланыс жасайды. Кеңес өкіметі орнасымен Әулиеата үйездік Совдеті атқару комитетінің, РК(б) П. Мұсылман бюросының төрағасы қызметін атқарады. Бір жыл Ұлт істері Халық комиссариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілі болып, 1921 РСФСР Ұлт істері Комиссариатына қызметке ауысады. Ол әуелі жай қызметтер, алқа мүшесі, кейін халкомның екіншісі орынбасары болады.
1-оқушы: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде танымтым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-оқушы: Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдасып, данамын мен.
1-оқушы: Мен – жігітпен,айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын халықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам,қыран боп шыңға шықтым.
2-оқушы: Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын.
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам,өмірдей өле сүйдім,
Қос батырмен қайрасқам балтам жүзін.
3-оқушы: Қазақ халқының тарихтағы қайсыбір бұлтарыстарына үңілсек те ХХ ғасырдың 30 – жылдары әкелген зұламатпен теңдесер қасіретті табу қиын.
4-оқушы: 1937 – 1938 жылдары миллиондай адам жаппай қуғын – сүргіннің құрбаны болып, олардың 1 млн. Жуығы атылды. Бүгін біз халқымыздың біртуар азаматы, сталинизм ұстанған саясаттың құрбаны, ірі мемлекет қайраткері, қайталанбас дара тұлға – Тұрар Рысқұловты еске аламыз.
3-оқушы: Т.Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданындағы қазіргі Рысқұлов атындағы совхозда дүниеге келді. Әкеден, де шешеден де айырылып,жетімдіктің зардабын көп көрді.
Тұрар: Иә, әкем марқұм Рысқұл айтқанынан қайтпайтын,бірбеткей қайсар еді. 1905 жылы Талғар болыстың билеушісі Соймасайды өлтіріп, түрмеге қамалды.Ол туралы сіздер М.Әуезовтың «Қараш - қараш» оқиғасынан білесіздер. Мен ол кезде 10 – 11 жастарда едім.Әкеме өшіккен Соймасай ұрпақтары мені де құртқылары келді. Менен айырылам – ау деген әкем байғұс түме бастығына өтініп жүріп,мені абақтыға өз қасына алды.
4-оқушы: Сіз ол жерде түрме бастығы Прикодьконның қызы Наташа сіздің хат танып, орыс тілін үйренуіңізге көп көмегін тигізді ғой.
Мұғалім сөзі: Сонда ғана қорлық көрген халқына қорғаныш болуға жарарсың, білім алуға ұмтыл! – деген әке сөзі Тұрардың санасында мәңгіге жатталып қалды.
Көрініс: Наташа мен Тұрар.
Наташа ( қолында кітаппен оралған нан)
Турарка, орыс тілін оқитынымызды ұмытқан жоқсың ба?
Тұрар Жоқ, Наташа, мен оқуға әрқашанда дайынмын.
Наташа: Турарка, мен саған тамақ әкелдім, мә.
Тұрар: Рақмет (нанды қалтасына салып алады).
Наташа: Жесеңші Тұрар, сенің қарның ашты ғой.
Тұрар: Жоқ, көкеме апарғам.көкеме тамақты аз береді.Оның қарны тіпті аш. Әрі отырған жері суық және қараңғы.
Мұғалім: Әкесін жанындай жақсы көретін Тұрар,өзі аш жүрсе де, оған тамақ тасумен болды.
Прикодько: Ә, Наташа, сабақ қарап отырсың ба?
Наташа: Папа, менің сізге бір өтінішім бар
Прикодько: Айта ғой
Наташа: Тұрардың әкесін босатыңызшы.
Прикодько: Жоқ, қызым. Тұрардың әкесі – қылмыскер адам. Кісі өлтіргенді босатуға болмайды: Ал, сен бұдан кейін оңдай іске араласпа. (Пауза)
Мұғалім: Қорғансыз қалған бала Меркідегі туыстарын жағалайды.
1907 – 1910 Меркіде ашылған қазақ – орыс бастауыш мектебінде оқып, үздік бітіреді. Одан соң 1910 -1914 жылдары Пішпектегі (қазіргі Бишкек) 1-дәрежелі ауыл шаруашылық мектебін тәмамдайды. 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына оқуға түседі. 1916 жылы қазақ даласында патша өкіметіне қарсы ұлт – азаттық көтерілісі бұлқ ете түсті. Тұрар бар күш – жігерін елінің отарлық бұғаудан құтылуына, теңдікке жетуіне арнады.
Тұрар: Кешке қарай мен абақтыға оралатынмын. Әкем ұзақ түнге маған сыр шертер еді. Менің саяси өмірге көзімді ашқан сондағы саяси тұтқындар,әсіресе, Броников болды.
5-оқушы: Әкеңіз 10 жылға қатарға кеткен соң,сіз Қырғызбаев деген фамилиямен мектепке жазылдыңыз.Оны үздік бітірдіңіз.
6-оқушы: Сіз саяси ерте араластыңыз 16 жыл ұлт – азаттық көтерілістің Әулиеата – Мерке атауына идеялық тұрғыдан басшылық жасадыңыз. Көтерілістің соң, Қытай жеріне ауып кеткен қазақтарды еліне қайтару үшін көмек ісіп ұйымдастырдыңыз.
Мұғалім: Сонда небәрі 21 жаста еді.
7-оқушы: 194-18 жылы күзде Тұрар Рысқұлов Советтердің Түркістан Орталық атқару комитетіне шақырылып, Ташкентке ауысты.Мұнда ол бір мезгіл дерлік Түркістан АССР-і Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды.
Мұғалім сөзі: Бет алған жаққа басқан халықты туған жерін қайтаруға бар күшін салды, өлмелі аш, ауру – сырқауларға арнап ауруханалар, асханалар аштырды. Еңбекке жарамдыларын көктемгі егістікке жұмылдырды. Барлық жетім балалар үйінде, мектеп, оқу орны, мекемелерде шешек, безгек, тырысқақ ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Рысқұлов басқарған республика өкіметі қатерлі ауруды аса қиындықпен ауыздықтады.
Тұрар: Маған жас та болсам, үлкенсенім артылды.25 – ке жаңа қараған шағымда мен құрамында қазіргі Өзбекстан, Түркістан, Қырзыстан, Түркменстан,Қазақстанның Солтүстік облыстары кіретін Түркістан Орталық Аткомының төрағасы болып сайландым.
8 - оқушы: Сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз жалынды жігер,зор қайратыңыз бірден – ақ Мәскеу басшыларының назарын аударды. Сіз сияқты іскер,жас адамды олар өз қастарына алып тәрбиелемекші болды. Сондықтан, ол қызметіңізден босатып алып, 1920 жылы Мәскеуге ауыстырып, РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссарының,яғни Сталиннің екінші орынбасары етіп тағайындалды.
Тұрар: Иә, ол жұмысына да мен тұрақталмадым ғой. Сол жылы - ақ, мені Әзербайжандағы осы комиссариаттың өкілі етіп тағайындады.
Мұғалім сөзі: қазақ халқын қызғыштай қорып, шырқыраған Т.Рысқұлов Қазақстаннан алыстатылды.
9-оқушы: Бірақ, Түркістандағы саяси хал – ахуалдың күрделенуі, экономикалық дағдарыстың күшеюі, Сіз сияқты бұл өлкені жақсы білетін басшыны өте қажет етті де сізді Түркістанға қайта алып келді. Түркістан АССР – і халық комиссарлар кеңесінің төрағасы етіп тағайындады.
Тұрар: Сол жылдары мен А. Байтұрсынов, Х.Досмұханбетов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б. қазақ зиялылармен істес болдым.
10-оқушы: Сіз әр ауқытта өз халқымыздың сөзін сөйлеумен болдыңыз. Ұлт мәселесі жөніндегі Сіздің пікіріңіз? Сталинге ашық қарсы шығуыңызға не себеп болды?
Тұрар: Иә, Сталин жолдас өте қатан еді. Алғаш рет ол кісі маған Татар ұлтшылы Сұлтанғалиевпен пікірлессің, партия жолынан ауытқып жүрсің деп айып тақты. Мен ол кісінің қателесіп отырғанын Пленумде ашық айтым.
1-оқушы: Т.Рысқұловтың қазақ халқы үшін атқарған еңбегі орасан зор. Ол дарынды талантты, табиғаттынан ерекше туған жан. Оның қайраткерлерлігіндегі ерекше ерен қимыл деп миллиондаған халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын қатерге етіп, ұлы қайрат көрсеткен екі кезенің айту керек.
2-оқушы: 1924 ж. Рысқұлов комитетінің Монголиядағы өкілі етіп Жіберілді де 26 жылы мамырда РСФСР халық комиссорлар кеңесінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Осы жауапты қызметте ол табаны күректей 11 жыл абыроймен еңбек етті.
Мұғалім сөзі: Барлық билік өз қолыма тиген Голощекин коллективтендіру саясаты мен мемлекетке астық пен ет дайындаудың сталиндік жоспарын сылтау етіп, қазақтың күнкөріс көзі болып табылатын малын түгел өкіметке өткізуге мәжбүр етті. «Асыра сілтеу болмасын, ата тұяқ қалмасын» деген Голощекиндік ұранмен ауылдарда тігерге тұяқ қалмады.
Сөйтіп 1932 жылы қазақ жерінде қолдан жасалған алапат аштық орнап, халық қырыла бастады. Архивтен 4 жасқа дейінгі балалардың жаппай қырылғаны жөніндегі жан шашарлықмәліметтерді кездестіреміз.Деректер бойынша сол кезде 4 миллион 120 мың адамды құраған қазақ халының 1 миллион 750 мыңы аштықтан қырылған.
Тұрар: Иә, сол жылдары қазақ тарихында өшпес із қалдырған зобалаң жылдар еді ғой. Туған халқым аштықтан қырылып жатқанда қалай шыдап отырайын. Осы уақытта мен Сталинге Қазақстандағы аштық туралы хат жазып, қайта – қайта кірдім.
Мұғалім сөзі: Бұл уақытта Т. Рысқұлов РСФСР халық комиссариаты Советінің төрағасының орынбасары қызметін атқаратын. Қазақ даласының ауыр халінен жаны күйзелген Рысқұлов 1932 жылдың 28 қыркүйегінде Сталинге алғашқы хатын жолдады. Хат арқылы қазақ халқын аштықтан құтқаруға көмек беруін еді.Сталин еш жауап қатпаған соң, 1933 жылдың 9 наурызында тағы да хат жазды.
2 – көрініс: Сталинге хат.
Сталин: Сонымен, Қазақстан басшылығы дүние түп – түгел, жағдайымыз жақсы дейді. Ал сен болмасаң – Қазақстан ажал аузында, халық қырылып жатыр дейсің. Шыныңды айтшы, қазақтардың қырылып,көшіп,басып жатқаны осы сен жазғандай ма?
Рысқұлов: (күрсініп). Кеше елден туған қарындасым келді. Үйелмелі – сүйелмелі бес баласымен келмейді ғой. Аштықтан қашқан.Күйеуі жалғыз атын,жүйрік атын белсенділерге бермей қарсылысқанда соққыға жығылып, тұра алмай төсек тартып, ақыры аштан өлген.
Сталин: Мүмкін емес. Рысқұловтың туысын белсенділер соққыға жығып, аштан өлтіріп, семьясын қаңғыртып жібере ме? Рысқұловтың туыстарын! Ау, онда Қазақстандағылар сенің кім екеніңді білмейтін шығар?
Рысқұлов: Мүмкін
Сталин: Мүмкін емес! Қазақстаннан қол үзіп қалған жоқсың. Күні кеше Қазақстан жер арқылы Турксибті салып бердің. Өйтіп шатастырма! Сен не, туыстарыңды белсенділердің озбырлығыннан , аштықтан құтқарып қалу қолыңнан келмеді ме?
Рысқұлов: Халықты құтқарып қалу керек, Иосиф Виссарионович. Менің туыстарым – біреу, екеу, халық көшпенді халық – 6 млн.Соның қазір жартысынан айырылдық. Күн өткен сайын құрып барады. Жедел көмек көрсетпесек,мүдем құрып кетеді, Иосиф Виссарионович ...
Сталин: (қасын керіп) Сенің де төменшектеп, жалынуға дәтің барады екен – ау.
Рысқұлов: Халықтан үлкен емеспін. Халық қырылып жатқанда, менің тәқаппарлығымды лағынет атсын!
Сталин: (Рысқұловтың хатын парақтап дауыстап оқиды) Торғай сияқты аудандарды аштық жайлап, індеп ауры тарады. Ит,мысық, суыр, тышқан жеп... кісі етін жеп... Тек торғай орталығында 2500 адамның жартысы қара шешектен қырылды. Қазақстан Денсаулық сақтау Комиссариаты індет аурының есебін ала алмай ... Ақтөбе облысында 1930 жылы 1102.500 адам болса, 1932 жылы 725.800 адам қалды. Қызылордада халықтың 15 – 20 % қалды. Балқаш ауданында 60 мың адамның 12 мыңы қалды. Қарқаролыда 1932 жылдың майында 50.400 адам бар еді, ал қарашада 15.900 адам қалды.Ал Голощекин келген сайын сені жамандайды.
Байларды конфискациялануға қарсы болып, ВЦИК – тің сессиясында сен сөз сөйлепсің ғой.
Рысқұлов: Жала! Мен байларды конфискациялауға қарсы болған жоқпын. Ірі байларды жер аударуға қарсы болдым. Стенограммада бәрі жазулы.
Сталин: (қатуланып) Жер аударуға неге қарсы болдың?
Рысқұлов: Бұл мыңжылдық психологияға байланысты. Байдың төңірегінде ағайын – туыс руластары бар. Рулық аурудан халық бір күнде арыла алмайды. Бай кетсе – олар бірге кетеді. Көшпенді кедейдің санасын орыс пролетариатының санасымен салыстыруға болмайды.
Сталин: Қызық екен, Голощекинмен айтыста ұлытшыл – уклонист Сәдуақасов та осылай десе керек. Тіпті кулактың өзің социализмге бейбітшілік жолмен алып бару керек екен деген Бухариннің ұраны ғой. Сенде Сәдуақасовпен, Бухаринмен үндестік жоқпа па?
Рысқұлов: Жоқ! Байларға, кулактарға менің бүйрегім бұрып тұрған жоқ. Конфискациялануда мен де жақтадым. Бірақ жер аударып, елден аластап жіберудің өзге ұлт өкілдері біле бермейтін нәзік психологиялық моменттері бар.
Сталин: Солай де.
Жолдас Молотов!
Дауыс: Иә, тыңдап тұрмын, Иосиф Виссарионович
Сталин: (екінші телефонмен) жолдас Каганович!
Дауыс. Тыңдап тұрмын, Иосиф Виссаринович
Сталин: Тез арада Рысқұлов жолдасының ұсыныстары негізге алынсын. Түсінікті ме?
Дауыстар.Түсінікті.
Түсінікті.
Сталин: Ие, ұмытып барады екенмін?
Голощекин Мәскеуге тез шақырылсын.
Дауыс. Командировкаға ма?
Сталин: (дауыс көтеріп, қатал) Жоқ! Мүлде!
(Трубканы тарс еткізіп тастай салады.Рысқұловқа баяу бұрылып).Сен дәмеленіп қалма? Қазақстанға қайтпайсың!
Рысқұлов: Өмір – бақи қайтпауға пейілмін. Қазақстан аман болса, халқым аман болса, соған өле - өлгенше ризамын.(көзімнен жас тамшылап кетеді. Залға қарап.) Халқым,сен аман бол! Құрбаның болуға мен дайын. Ал,зор қатенің құрбандары! Сендер кешіріңдер. Сендердің рухтарыңды қарны тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын тағдыр!
Қорытынды : Мұгалім сөзі.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.