Тәрбие сағаты «Менің - Отаным Қазақстан»
09.10.2015
3408
689
Сапаргазаева Назира Ракымгазыевна
Мақсат: Оқушыларға туған ел, туған жер туралы мағлұмат беру. Еліміздің рәміздері, қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы ,Қазақстан ассамблеясының 20 жылдығы, Ата Заң жайлы мағлұмат беру, білім, білік, дағдыларын толықтыру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өркендеп өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының болашақ ту ұстар, елін, жерін қорғар азамат болып өсулеріне ықпал ететін ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сұрақ – жауап, пікір - талас)
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаев – суреті Астана қалаларының суреті, ел рәміздері, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, кітапшалар
Сабақ барысы
І Кіріспе
- Мұғалім: Құрметті оқушылар, келген қонақтар! Бүгінгі «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.
Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз. Сендерге байтағымыздың төріндегі барлық қалалардың орталық алаңдарында алтыннан еңселі ескерткіш тұрғызып қойсақ та артық болмас еді.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.
Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян-кескі майдан болатын. Абылай ханның жаужүрек немерелері Кенесары мен Наурызбай төрелер бастаған, Ағыбай, Жанайдар, Иман, Жоламан, Бұғыбай, Жәуке, Сұраншы, Бәйсейіт, Жеке батырлар қостаған қазақ сарбаздары да Ресей империясының бодандығынан бас тартып, туған жер төсін тұлпарларының тұяқтарымен дүбірге бөледі. Арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетті.
Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті ғой. Әйтпесе ата жауларына әлі де талай ойранды салар еді. Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді. НКВД түрмесінде азап шегіп, туған халқының азаттығы жолында атылып кетті. Жандары жәннатта, тәндері рахатта болып, пейіште нұры шалқығай Алаштың осы сайдың тасындай аяулы арыстарының!
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ – 1986-жылдың қаралы да жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың өрімдей қыздары мен жігіттері. Мұздай қаруланған ОМОН солдаттары қазақтың қаракөз қыздарын іштен теуіп, шашынан сүйреді. Көкөрім жігіттерді таяққа жығып, қасқыр иттерге талатты. Алматының алаңындағы ақ қар қызыл қанға боялды. Күш тең емес еді. Албырт жастар сонда да алған беттерінен қайтпады.
«Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің, Қазақстаным!»-деп Шәмші ағаларының асқақ әнін алаңға беттеген қазақ жастарының Әнұраны етіп шырқап, мұздай қаруланған солдаттарға қасқайып, қарсы шықты. «Мызғымас Одақтың» қабырғасын осылайша тұңғыш рет біздің қазақ жастары қақыратқан болатын! Міне бірнеше ғасыр арпалыстан кейін ғана мемлекетіміз егемендігіне қол жеткізді. Біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі осылайша келген болатын. Биылғы жылы қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр.
Жыр алыбы Жамбыл бабаның «Жігерлі болса, ер болар, бірлікті болса, ел болар» деген даналық сөзі бар. Шындығында, ел бірлігі болмаса, онда экономика мен әлеуметтік даму тұрмақ тәуелсіздік пен тұғырлылық туралы да сөз айтуға шама жетпес еді. Сондықтан да, бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды.
Содан бері бақандай 20 жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алса, бүгін ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылып отыр.
Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция. Егемендігімен тәуелсіздігі жас мемлекетіміздің жаңа Конституциясын қабылдау оңай болған жоқ. Сөйтіп Қазақстанда 1993 жылғы 28 қаңтарда құқықтық базаның іргетасы болып табылатын тұңғыш конституция қабылданды. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды..
"Конституция”- латын тілінен аударғанда "құрылыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 20 жыл толып отыр.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан.
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек? ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің астанасы қай қала ? Астана қаласы. 1997 жыл желтоқсан
- Қазақастан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды? 1994 жылы 16 желтоқсан
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Ту Елтаңба, Гимн
- Қазақстан Республикасының азаматтары,сонымен қатар Қазақстан аумағында тұратын халықтар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуға міндетті. 1992 жылы маусымның 4-де республика парламенті жаңа рәміздері:Ту, Елтаңба,Гимнды қабылдады және де сол күн рәміздер күні деп аталып өтіледі.
ІІ бөлім: Қорытынды.
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …
Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат болайық дегім келеді.
Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.