Внеклассная работа
16.08.2016
1824
620
Ибрайханова Айдын Казбековна
Тақырыбы: 12 сәуір – ғарыш күні.
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
жоспар
І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат.
ІІ бөлім: Білім сайысы.
Жүргізуші.
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!
ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы — 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) – КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961)
• 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.
• 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген.
• 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында.
• 1-Чкалов әскери-авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі.
• 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды.
• 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды.
• 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді үйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей араласып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды.
• 1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді.
• 1964 — 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты.
• Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында).
• Мәйітінің күлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль қабырғасына қойылған.
Тоқтар Әубәкіров
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт. Көптеген ордендермен марапатталды.
Ғарышкер -Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы
• Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
• 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
• 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
• Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.
• Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген
Жүргізуші.
Ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз.
Сайыскерлерімізді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейік
Сайыс жоспары:
І кезең: Таныстыру.
ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ, ребустар. Топ бір – біріне өздері білген жұмыстарын ұсынады.
ІҮ. Сергіту сәті. Фантастикалық суреттер салу;
Ү кезең: « Көкпар». Капитандарға сұрақ ( 10 сұрақтан ).
І кезең: Таныстыру.
ІІ Викториналық сұрақтар
І топқа
1. Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды? (108 минут)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
5. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (22 наурыз )
6 Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )
7. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)
8. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )
9. Ғарышкерге дене жаттығулары үшін гантельдер керек пе? Жоқ, өйткені космоста олар өз салмақтарын жоғалтады
10. Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады? /скафандр/
ІІ топқа
1. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)
2. Алыс планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )
3. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )
4. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)
5. Күннің жүретін жолы (Орбита )
6. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)
7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)
8. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)
9.Әйелдер арасынан 1963 жылы алғашқы рет ғарышқа кім ұшты? /Валентина Терешкова/
10. Ғарышқа ұшатын ракеталар біздің облысымыздағы қай ғарыш айлағынан ұшырылады? /Байқоныр/
Жүргізуші.
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.
Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.
Олар:
1. Қазақстан жерінің табиғи ресурстарын зерттеу, астықты аймақтың мүмкіндігін болжау;
2. Ғарыш жағдайында материалтану;
3. Жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
4. Атмосферамен қатар, ионосфера және мезосфера қабаттарын да зерттеу;
5. Биотехникалық және биомедициналық зерттеулер жасады.
Ендігі кезек капитандарға беріледі.
І топтың капитанына
1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин )
2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)
ІІ топтың капитанына
1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)
2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)
3. Телескопты кім шығарды? Галилео Галилей)
4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)
5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)

ІҮ.. Фантастикалық суреттер салу;
Сайыстың қорытынды сөзі әділ – қазыларға беріледі. Жеңімпазды анықтайды, марапаттайды.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.