Бейбітшілік және келісім сабағы «Мәңгілік ел: бір ел-бір тағдыр» 10 сынып
13.09.2015
7838
0
Умутбаева Асыл Булаткановна
Сабақ мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ,тағаттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, Қазақстан туралы білімін тереңдету.
Сабақ түрі: ауызша журнал
Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық.
Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда
Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады.
Бүкілқазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан әрі нығайтуға, «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта тапты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.
«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!
«Мәңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!
Бірлік – барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі», – деп ерекше атап көрсетті.
Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.
Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.
Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.
Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен үзінді:Біз бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделін қалыптастырудамыз. Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз - Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз - Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы.
Бүгінде дамыған елдердің ТОП-30-дығы - болашақтың біртұтас ұлттары. Біз осындай табысты тәжірибелердің көптеген мысалдарын көріп отырмыз, олар - Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Малайзия және басқалары. Қазір біздің қазақстандық тәжірибе де осы қатарда деп айтуға әбден болады. Бірақ біз өзіміздің жолымызды аталған елдерден 30-50 жыл кейін бастадық. Сондықтан біздің алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Мен бес халықтық реформаны іске қостым.
Бірінші - кәсіби мемлекеттік аппарат жасақтау. Екінші - заңның үстемдігі. Үшінші - индустрияландыру мен экономикалық өсім. Төртінші - болашағы біртұтас ұлт. Бесінші - транспарентті мемлекет.
Біздің азаматтарымыздың көпшілігі - қазақтар. Тиісінше, жалпықазақстандық бірлік дегеніміз - ең алдымен, қазақтың өзінің бірлігі. Елдің тағдыры мен болашағы - мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақтың қолында. Халықты ұлы істерге ұйыстыруда басты жауапкершілік қазаққа жүктеледі. Біздің Конституциямыз нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтарымыздың құқықтық теңдігіне кепілдік береді және қорғайды. Сонымен бір мезгілде, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. Барлық азамат құқықтардың бірдей көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бірдей жүгін көтеруі және теңдей мүмкіндікке қолжетімділікке ие болуы керек.
Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар - азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел - толеранттылық елі. Қазіргі кезде жобасын жасаумен Ассамблея айналысып жатқан «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізін осылар құрауы тиіс. Кез келген ұлт-мемлекет - бұл, бірінші кезекте, оның бірегей мемлекеттік тілі. Қазақ тілін үйреніп жүрген барлық ұлты қазақ еместерге рахмет. Балаларын балалар бақшасынан бастап өз Отанының тілінде сөйлеуге үйретіп жүрген ата-аналарға да рахмет. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға қамқорлық көрсетіп келеді. Біз үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз. Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Яғни, үш тілді білу - жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз. Бұл - адамның өмірдегі табыстылығының қағидаты.
Біз тіл мәселесіне келгенде білім мен мәдениетті жиі шатыстырамыз. Қазіргі заманда білім беру мен мәдени тәрбие беру - бір-біріне жақын, бірақ екі бөлек жұмыс. Білім берудің міндеті - заманға сай білімі бар, тәжірибелі, білікті, жаңа технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті азамат қалыптастыру. Осы арқылы өзінің, бала-шағасы мен отбасының, елінің игілігі үшін табыс таба алатын азамат қалыптастыру. Ал, мәдени тәрбие берудің міндеті - адамды ұлттық болмысын сақтауға, туған тілін, тарихы мен мәдениетін игеріп, дамытуға үйрету.
Әлемдегі техникалық ақпараттардың 70 пайызы - ағылшын тілінде. Электронды тасымал құралдардағы ақпараттың 80 пайызы - ағылшынша. Жапон, қытай, орыс, француз, араб, түрік және басқа да тілдердің бәрін қоса алғандағы өзге тілдердің үлесі небәрі 20 пайыз. Осы тілдерді ғана білетін адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі барынша шектеулі.
ІІ. Сұрақ –жауап
1. Әр ұлттың жақсы қасиетін сипаттау.
Қазақ - қонақжай , орыс - жан/жақты, армян-алғыр, өзбек - еңбекқор, грузин - сөзге берік,, қырғыз-төзімді, тәжік-өнерлі, түркімен-сабырлы ,шешен-намысшыл, неміс- атақты, кәріс-тапқыр.
2. Әр ұлт мемлекетінің астанасы.
Қазақстан-Астана, орыс – Москва, Өзбекстан – Ташкент, грузия - Тбилиси азербайжан –Баку, армян- Ереван, украйн- Киев ,беларус- Минск, қырғызстан -Бишкек ,Тәжікстан – Душанбе, Туркия- Анкара ,молдавия- Кишинев, татарстан – Уфа, неміс, германия –Берлин, кәріс-Сеул.
3.Тіл туралы мақал-мәтелдер:
Өнер алды –қызыл тіл.
Шешеннің тілі- шебердің бізі.
Тіл қылыштан өткір.
Ат жүйрігі асқа, тіл жүйрігі басқа.
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
ІІІ.Бекіту
Синквейн (5 жолды өлең).
1. негізгі ұғым -1 зат есім
2. негізгі ұғымның мағынасын ашатын 2 сын есім
3. негізгі ұғымды сипаттайтын 3 етістік
4. негізгі ұғым туралы 4 сөзден тұратын сөйлем
5. негізгі ұғымның синонимы
1. Ынтымақ 2 Ұйымшыл, бірлескен 3 Бірігеді, жарасады, ұйымдасады 4 Әртүрлі халықтардың біріккен ұйымы 5 Бірлік
1 Бірлік 2 Ұжымдасқан, біріккен 3 Бірігеді, жинақталады, топтасады 4 Бірлігі жарасақан тату елміз 5 Бейбітшілік
1 Татулық 2 Дос, тату 3 Достасады, ұйымдасады, жұптасады 4Татулықтың жемісі бірлікке апарады 5 Достық
Бірлік бар жерде бақыт бар
Ынтымақ-достық кепілі
Қорытынды:Әлемде білім саласының қарқынды дамитыны соншалық, оны ұлттар өз тілдеріне аударып үлгере алмайды. Біз аударғанша ол мәліметтер ескіріп қалады. Сондықтан, жоғарыда айтылған салалар түгелімен ағылшын тіліне көшуде. Ағылшын тілінде бәрі бірдей еркін сөйлемеуі мүмкін, бірақ оқып, түсіне алады. Әлемдегі негізгі ақпараттарға қолы жетпейтін ұлт бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл - ХХІ ғасырдың заңы. Сондықтан, ғылымда, медицинада жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметтегі азаматтар ағылшын тілін тезірек меңгеруі қажет. Ұстаздар мен ата-аналарға айтарым - Қазақстанның білім беру саласында осы мәселе мұқият ескерілуі тиіс. Біздің мектептеріміздің бәріне ортақ бір үлгі қажет. Бұл үлгідегі мектепте Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, тілі мен әдебиеті қазақша, жаратылыстану пәндері ағылшынша үйретіліп, орыс тілі пән ретінде оқытылуы керек. Ұлттық тіл мен мәдениетті сақтап, дамыту әлемдік ақпараттан құралақан қалуға негіз болмауы тиіс. Мектептің соңғы сыныптарында және жоғары білім беру - бірте-бірте ағылшын тіліне көшу керек. «Үш тұғырлы тіл» саясатының негізгі мәні - осы!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.