«Халық ойын онға, санасын санға бөлген теріс діни ағым қайдан пайда болды?»
06.02.2015
3286
848
Бексұлтанова Жанар Бексұлтанқызы
Атырау облысы Индер ауданы
М.Сиранов атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бексұлтанова Жанар Бексұлтанқызы
Мақсаты: Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Діни-наным сенімнің пайдасы мен зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіру, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Оқушыларға қазіргі кездегі дін мен салт-дәстүрдің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу.
Түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекілігі: Презентация, бейнематериал.
Жүргізуші:
Ислам діні бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының шамамен төрттен бірі ұстанып, биік бағалап, аялап, қастерлеп отырған соңғы иләһи дін. Оның адам баласын үнемі тазалыққа, адалдыққа шақыратыны, Алла тағала мен Пайғамбарымызға және дүниедегі бүкіл жаратылыстарға опалы болуға үндейтіні анық.
Сан ғасырдан бері тып-тыныш, бейбіт өмірді насихаттап келген асыл дінімізді соңғы жылдарда лаңкестік, экстремистік секілді небір жағымсыз ұғымдармен байланыстыратын пікірлер пайда болуы жүрегімізге ауыр тиетіні рас. Негізінде, Ислам еш уақытта адамдарды бүлікке, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке немесе біреудің жазықсыз қанын төгуге шақырған емес. Керісінше, ол өзгенің ақысына қылдай қиянат жасамауға үйрететін үлкен тәрбие қайнары.
Бүгінгі өткелі отырған дөңгелек үстеліміз – «Халық ойын онға, санасын санға бөлген теріс діни ағымдар» турасында болмақ. Шарамыздың мақсаты - Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру. Діни-наным сенімнің пайдасы мен зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып, түсіндіру, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Оқушыларға қазіргі кездегі дін мен салт-дәстүрдің ара-қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. «Бірлесіп берген тәрбиенің берері мол» демекші, алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесі, қоғам тәрбиесі баршаға ортақ екенін білдіріп, келіп отырғандарыңыз көз қуантады.
Жүргізуші:
Ел басына күн туған сәтте Отанына қорған болар жастарымыздың ай мен күннің аманында мемлекетіміздің тәртібіне, заңына қарсы шығуы ақылға сыймайды. Таза мұсылман қатыгездікке бармайды. Мұндай жағдай ұлты үшін, діні үшін, тілі үшін, ұлтарақтай жері үшін қанды соғыста басын тәуекелге тіккен ата-бабаларымыздың тарихында да болмаған. Дін жолынан адасып жүрген ұрпағымыз ең алдымен елін жамандаса – көмусіз қалатынын, жерін жамандаса – кебінсіз қалатынын, тілін қорласа – қадірсіз болатынын, дінін қорласа – кәпір болатынын ұғынуға тиісті. Ешқандай пенде өзін өмірге әкеліп, өсіп-өндірген анасына, екінші анасы – Отанына қарсы шықпайды емес пе?! Қолынан келсе, сол аналарының ақ сүтін ақтауға, соларға қызмет етуге неге жұмыстанбасқа?!
Ислам әлемін алаңдатқан ағымдар. Олар бізге қайдан келді?
Жүргізуші:
- Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Ал, соңғы кезде еліміздің кейбір аймақтарында орын алып отырған террорлық әрекеттер қоғамда алаңдатушылық тудырып отыр. Елімізде орын алған жайсыздықтар жастарымыздың өз еліне қарсы шығуы ма, әлде ақылының, білімінің таяздығы ма? Қалай ойлайсыздар?
- Қазақ қызы кәмшат бөрік киіп, бүрмелі көйлекпен бойжеткен. Ал, қазіргі қара жамылып, бет-аузын тұмшалап жүрген қыздарымыз туралы не айтуға болады?
- Ер балаларымыздың қауғадай сақал қойып, балақтарын шолтитып кесіп тастауы, тіпті өзгеде сақал болмаса, балағы кесілмесе, оған діннен шыққан адамдай жақтырмай қарауына не айта аласыздар? Ал осы дұрыс па?
- Қаскөйлердің Атырауда патрульді бекет қызметкерлеріне оқ атуы, қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратына баса көктеп кірмек болып, бақылау-өткізу пунктіне жанғыш затпен толтырылған бөтелке лақтыруы, перронда қалдырылған иесіз сөмкенің Атырау-Ақтөбе пойызының жүруіне кедергі болуы, Тараздағы, Құлсарыдағы, Ақтөбедегі атыс-шабыс. Осындай полицейлерді аяғынан тік тұрғызған оқыс оқиғалардың жиі қайталануы не себептен?
- Терроршылардың құқық қорғау органдарына қарсылық танытуларының мәнісі неде деп ойлайсыздар?
- Бейбіт күнде ел ішіне іріткі салып, халықтың тыныштығын бұзған терроршылардың өрімдей қазақ жастары екендігі жұртымыздың жағасын ұстатты. Әлдебіреулердің айтқанына еріп, жас өмірдің қызығын көрместен қыршын кеткен жігіттерді аяйсың... Ертең елдің арын арлап, жоғын жоқтайтын жас буынның адам айтса сенгісіз іс-әрекеттерге баруының себебі қандай? Олар ата-ана, бауырларын артына қалдырып, отбасын жылатып кеткенде нендей мақсатты көздеді?
- Қай жерді мысалға алсақ та, болып жатырған келеңсіз оқиғалардың ортасында жастарымыз жүр. Айтыңыздаршы, жастарымыздың санасы қандай жолмен уланып жатыр? Оларды қоғамға, мемлекетке қарсы итермелейтін қандай күш?
- Жастар еліміздің қай өңірінде де бар. Соның ішінде бізді «атыс-шабыс, жарылыстардың ортасында неліктен атыраулық жастар жүр?» деген ой мазалайды. Оның үстіне, әлеуметтік факторларға жаба салатындай, Атырау тұрғындарының тұрмыс жағдайы төмен деп тағы айта алмаймыз. Мүмкін жастарымыз еркеліктің буымен не істерге білмей жүрген шыгар? Әлде ата-аналарымыздың баласына жеткілікті көңіл бөлмеуінен бе?
- Кез келген бала отбасы тәрбиесін, ұстаз тәлімін алады. Одан кейін өмір сүрген ортасы болады. Жастарымыздың осылардың барлығынан баз кешіп, өлімге ұмтылуының себебі қандай?
- «Кез келген халықты құрту үшін оның дініне саңылау түссе, ол халықтың тұтастығы кетеді. Ал тұтастығы кеткен халықты кез келген сыртқы жау қалпақпен ұрып алады. Сондықтан дініне мықты болған халықтың ғана санасы сергек, тұтас болады» дейді Ұлт жанашыры - Бекболат Тілеухан. Ал, қазіргі таңда біздің тұтастығымызға қауіп төніп тұр ма? Қалай ойлайсыздар?
Жағдаяттар:
- Қалаға жоғарғы оқу орнына түстің. Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан өзің танымайтын, бірақ көріп жүрген қыздар мен жігіттер дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырады. Сенің әрекетің? Олармен пікірлесесің бе?
- Бір күні досыңмен бірге қонақтыққа бардың. Кілең танымайтын бейтаныс адамдар. Олар өздерінің сөздерімен өздеріне қосылуға үгіттей бастады. Досың солар жағында. Саған сыйлық та ұсынды. Не істейсің?
- Сенің сыныбыңа жаңадан бір оқушы келді. Сен онымен әңгімелесіп достасып кеттің. Ол саған бейтаныс діни ағымдар туралы әңгімелер айтып, солармен байланыс жасауға үгіттеді. Тіпті ақшамен де көмек көрсететіндігін айтты. Сен не істер едің?
Осындай оқиғалар қоғамда жиі белең алып бара жатқаны жасырын емес. Осы тәрізді келеңсіз жағдайларды естігенде сіздер қандай күйде боласыздар? Баланың қарны тоқ көйлегі көк заманда, оқушылардың сабаққа ынтасы неге төмен?
Жүргізуші:
Алла ақиқат Аллаға сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серік еткен.
Адаспаймын Аллаға сенім етем,
Арамдыққа баспаймын жолы бөтен, - дейді Мұқағали Мақатаев. Алла тағаланың жердегі үйі - Мешіт. Мешіттеріміз халыққа қалтқысыз қызмет етіп, жастарымызды асыл дініміздің нұрымен сусындатып келеді. Ол келген жамағатты құшақ жая қарсы алып, тарыққанға таяныш, жабыққанға жұбаныш, қиналғанға қорған болатын орын болуға тиіс. Ал, біздің мешіттеріміз осы үдеден шығып келе ме?
Жүргізуші:
«Соңғы кездері Пәкістан, Египет сынды көптеген мемлекеттерге барып діни сауат ашушылар көбейіп кетті. Бұл – жақсы үрдіс емес. Қазіргі уақытта түрлі ағымдар, ұйымдар бар. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Алайда, біздегі көптеген жастар шетелдерде әдетте өзге масхабпен білім алып келіп жатады. Мен өз басым шетелде діни сауат ашуға сақтықпен қараймын. Сондықтан, біздің елімізге осындай білім ордалары аса қажет» деген болатын Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Бірақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы азаматтарды шетелге жіберуді тоқтату мақсатында «Нұр Мүбәрәк» университетін, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Павлодар қалаларында діни медреселерді ашқан. Соның өзінде де жастарымыз шет елге баруға құмар. Неге? Қалай ойлайсыздар?
Жүргізуші:
...Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа!
Дініңді сен ардақтағын, құнтта.
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
Оян, қазақ! Бүгінгі күн қаралы,
Сондықтан да жүрегім менің жаралы.
Бұл қайғыны көріп тұрған балаңның
Бір сілкініп тебіренді қаламы.
Оян, қазақ! Оянсаң, бәрі жақсы болады!
О, елім! Ерте оянсаң, көңілің нұрға толады! Осы жыр жолдарында да Міржақып бабамыз қалың елі қазағының ертеңіне алаңдады емес пе?!
Ислам діні Алла тағаланың аманаты, ертеңгі нұрлы болашағымыздың үміті, баянды бақытымыздың кепілі. Бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты көздің қарашығындай қорғау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу қазіргі әрбір исі мұсылман баласының қасиетті борышы.
«Ислам – тек дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» дейді Елбасымыз. Ислам Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлар бойы жүрер жолы, таянышы, сүйеніші, қорғаны, берік иманы болды. Ал, қазір ше?!
Жүргізуші:
Бүгінгі жастар болашақ өмірінің жарқын болуы үшін әрекет етіп, еліне тигізер оң пайдасы туралы ойлануы керек. Ол үшін жақсы білім алып, оны тәлімді тәрбиемен ұштастыра білуі тиіс. Сақал өсіруді міндет қылып, қара жамылуды қасиет көретін қазақтың ұл-қыздары өздерінің туған ұлтына қара күйе болып жатқанын біле ме екен сірә?!
Көпке топырақ шашпаймыз, дәстүрлі исламды дұрыс жағынан дәріптеп, халықтың көзін ашып, имандылыққа тәрбиелеп жүрген қазақ жастары баршылық. Бірақ, олардың жұмыстарын әркімнің сөзіне еретін ақылсыз, жат ағымның сойылын соғуға бейім жастар жоққа шығаруда.
Біз - жерін бөтенге басқызбаған, дәстүрлі дініне қылау түсірмеген, тілін қасиет тұтқан, үлкеннің сөзіне ұйыған ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан, елдің тыныштығы мен тәуелсіздігі жолында жасайтын жұмысымыз көп. Біз ұлттық идеологияны басты бағыт етіп, дені сау ұрпақ өсіруге тиіспіз. Шаңырақ құрған қазақтың әр жас отбасының өмірлік мақсаты мен елдік мұраты осындай болса, бізді жасанып келген жау да, ұрланып келген дау да ала алмайды.
Келешекті нұрландырар жас жалындардың алдағы өміріне алаңдаушылық білдіріп, дұрыс жолдан таймауына кішкене болса да өз үлестеріңізді қостыңыздар. Барлықтарыңызға рахмет. Алла жар болсын!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.