«Жаңашыл жастарға ой салар жанашырлар пікірі» дебаты
06.02.2015
6197
917
Бексұлтанова Жанар Бексултановна
Атырау облысы Индер ауданы
М.Сиранов атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бексұлтанова Жанар Бексұлтанқызы
1-жүргізуші: «Өле жатқан қазақ кемінде екі ақыл айтады, соның ең құрығанда бірін өзі орындаса, әлдеқашан жақсы болып кетер еді» деген екен ғұлама Ғабит Мүсірепов. Осыны қазақ ХХІ ғасырда мойындап «Айтуға оңай» деген атпен ток-шоу шығарып отыр. Қазақстан ұлттық телеарнасында күні кеше тұсауы кесілген бағдарламада да бүгінгі әлеуметтік-тұрмыстық мәселе бой көтерген болатын. Қарапайым халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса нанғысыз оқиғалар кім-кімді де бей-жәй қалдырмайтыны анық. Біз де бүгінгі дебатымызды интернет пен әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны төңірегінде өрбіткіміз келеді.
2-жүргізуші: Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап отырған билеуші күш бар. Ол интернет. Соның ішінде Мой мир, М-агент, Однакласники, Facebook, т.б сияқты әлеуметтік желілер бүгінде мектептегі балалардан бастап, үйде отырған апайларға дейін соны пайдаланады. Соның тұрақты тұтынушыларына айналған. Ал, оның пайдасы мен зияны қандай? Жалпы біз әлеуметтік желілерді пайдалана білеміз бе?
1-жүргізуші: Түрлі көзқарастар қайшылығы мен алуан пікірлер таласының қонақтарымен таныстырып өтейік:
- М.Сиранов атындағы орта мектеп директоры – Зәки Ахметжанұлы;
- Елтай Дәрігерлік Амбулаториясының балалар дәрігері – Болатбек Мақсотұлы;
- Елтай селолық округінің кітапхана меңгерушісі – Рысжан Әубекерқызы;
- Ата-аналар комитетінің төрайымы – Дина Махмұдқызы;
- Бастауыш сынып мұғалімі – Лира Ибатоллақызы;
- Мектеп психологтары – Гүлбариса Нағимқызы, Асылай Сағидоллақызы;
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Жеңісгүл Сапарбайқызы;
- Ата-аналар – Майра Өтемісқызы, Асылзада Қанатқызы;
- Мектеп кітапханашысы – Назым Серікқызы;
- Тарих пәнінің мұғалімі – Айнұр Батырғалиқызы;
- Өнер және сызу пәнінің мұғалімі – Құралай Кеңесқызы;
- М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің студенті, мектеп түлегі – Алтынай Тұрғалиқызы және студия қонақтары - Қош келдіңіздер!!!
2-жүргізуші: Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» -деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр.
1-жүргізуші: Алдымен студиямызда отырған оқушыларымыздың ой-пікірлерін біліп алсақ. «Қазақстанда интернетті дамытуымыз қажет және агенттің өз алар орны бар» дегендер қолдарыңызды көтеріңіздерші? Жақсы. Ал, «Оқушыларға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес» дегендер қолдарыңызды көтеріңіздерші? Түсінікті. Барлығымыз білеміз, күнделікті тұрмыста интернетті дұрыс мақсатта қолдана білсек, көп пайдасы бар екенін. Ал, кім айтады? Интернет арқылы біз не істей аламыз?
2-жүргізуші: Бір оқушы айтады: «Керектіні өмірге агенттен біз аламыз,
Мұхитың өзен теңіздің, ішінде барлық қаламыз.
Іздегеннің барлығын агенттен біз табамыз,
Оқыңдар дейді кітапты мұғалім, ата-анамыз.
Кітапты оқып күндіз-түн қатардан қалай қаламыз?
Агентке мына біздердің уланып қалған санамыз!» Оқушылар айтыңыздаршы, осы әлеуметтік желілердің пайдасы бар ма? Шынымен де керек пе, бізге?!
1-жүргізуші: Бір оқушы айтады: «Әлеуметтік желілер санамызды улап алғалы қашан?! Осы агент арқылы қыз-жігіттеріміз бір-бірімен шатасып, әлек болып жатыр. Жоғарыда отырған ел ағалары бұл нәрсеге заң жүзінде тиым салса жақсы болар еді. Осы агенттен қалай құтылуға болады?» дейді. Ал, бұған не айта аласыздар?
2-жүргізуші: 1995 жылы Америкалық Ренди Конрат сыныптастар деп аталатын әлемдегі тұңғыш әлемдік желі ойлап тауыпты. Кейін 1999 жылы Лайф Джорнал, 2003 жылы Май Спэйс және Майл-ру әлеуметтік желілері іске қосылды. Ал Фейзбук 2004 жылы пайда болған. Статистика бойынша Қазақстандағы интернет қолданушылардың саны – 6,7 млн деп айтылады. Соның 60 %-ы қазақ екен.
1-жүргізуші: Ал, Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru әлеуметтік желісін айына - 11 млн адам пайдаланса, бір минутта, бір мезгілде оны - 2 млн. адам қолданады екен. Шынында да, қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компьютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компьютерге отырған кезде адам жай ғана отырмайды, интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектің бәрін таба аласың. Тіпті, өзіңе керектіні сатып алуыңа болады. Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақ, қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отырады. Ол денсаулығымызға әсер етпей ме? Ал, қалай әсер етеді, оны бағдарламамызға келіп отырған дәрігерімізден сұрасақ.
2-жүргізуші: Бұндай әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балаларға қандай әсері бар? Баланың психологиясында қандай өзгерістер байқалады? Психолог ретінде сіздер не айта аласыздар?
1-жүргізуші: Оқушы мен мұғалімге интернеттің оқуда тигізіп жатырған пайдасы қандай? Бұл туралы мұғалімдеріміз не дейді екен?
2-жүргізуші: Бір оқушыларымыз айтады: «Агенттің пайдасы зор, егер белгілі бір себептермен сабақтан қалып қойып немесе сабақты дұрыс түсінбей қалсаң, кеште агентке кіріп бір-бірімізден асықпай сұрап аламыз, бір-бірімізге түсіндіреміз». Ал, неге үй немесе ұялы телефоннан соғып сұрамасқа десең, «Агент арқылы бір уақытта бірнеше адаммен сөйлесіп, уақыт үнемдейсің, және бірліктерің көп кетпейді, экономия»,- дейді. Ал, бұған қалай қарайсыздар?
1-жүргізуші: Шынында да, қазір көптеген қарсы пікірлер туындап жатыр. Естіп жүрміз, интернет адамдарды тәуелділікке ұшыратты, бізді интернет құртты, балалар кітапқа мән бермейді дейді. «Интернет – бір күндік. Кітап-мәңгілік»- дегендей, бұл жерде кітапханашыларымыз не дейді екен?
2-жүргізуші: «Әр нәрсенің өз шегі болуы керек. Егер ол шектен шығып бара жатса, ол адамды қиялилыққа ұшыратады» дегендей, қазіргі ХХІ ғасыр жаһандану заманында интернетті неге пайдаланбасқа?! Ол біз үшін жемісті дүние емес пе?! Бүгінгі бағдарлама қонағы студентіміздің көзқарасын білсек.
1-жүргізуші: Кейбір интернет тұтынушылары былай дейді: «Интернет – қарым-қатынасты өзгертіп жатыр. Телевизор кезінде қалай пайда болып, қарым-қатынасты қалай өзгертсе, біз сол телевизордың ұрпағы ретінде ата-анамызбен қалай байланыссақ, қазіргі таңда интернетте өскен адам телевизордың алдында өскен адамның ұрпағымен қиын байланысады. Бұл интернеттің емес, қарым-қатынастың проблемасы» дейді. Шынында да солай, интернет – жәй ғана байланыс құралы. Ал, интернет-тәуелділік туралы айтатын болсақ, биылдан бастап ресми түрде психологиялық ауру болып қабылданды. Бірақ, интернетті тұтынатындардың 100%-ы бұл психологиялық ауруға шалдыққан дегенге кім сенеді?! Мүмкін бұл жерде интернеттен гөрі адам психологиясын кінәлаған дұрыс шығар? Қалай ойлайсыздар?
2-жүргізуші: Интернет, агент бұл күнде жаулайды жастар санасын,
Кітаптан емес керегін агентен болды табатын
Қатаймайды қанатың, ой санаңды аздырып,
Жастарым қайда барасың?
Ұстаздан білім алмасаң, робот болып қаласың
Жасалу керек бір жагдай агентке тоқтау салатын,- дегендей хабарландыруды оқып, бір ата-ана бізге қоңырау шалған болатын. Назар аударалық. Ал, бұл ата-анаға қандай кеңес бере аласыздар?
1-жүргізуші: Кеше ғана мектепке барғанда қаламды оң қолымен ұстап, әріпті оң қолымен жазып отырған баланың 1-2 жыл ішінде солақай болып, мылқаудың, саңыраудың күнін кешуі, тіпті әлеуметтік желіде отырып, орфографиялық, орфоэпиялық қателер жіберуі – сауатсыздыққа апармай ма?! Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының компьютер алдынан түспей, қолдарына қымбат телефон ұстауына әлдеқашан көзіміз үйренген. Бұған кім шектеу қояды?
2-жүргізуші: Егерде белгілі себептермен жарық сөніп, интернет болмай қалса, адамдар дипрессияға ұшырайтын жағдайға жеттік. Осы интернеттің кесірінен біз айналамыздағылармен, ата-аналарымызбен де ұрыссатын ауруға тап болдық. Менімен келісесіз бе психолог ретінде?
1-жүргізуші: Білесіздер 4 қаңтар күні сағат 21:05–те Қазақстан ұлттық арнасында кәсіби журналист Бейсен Құранбек жүргізетін «Айтуға оңай» ток шоуында да бұл мәселе талқыланды. Және бағдарламаға Шығыс Қазақстандық – Қуанышбаев Айдос және оның Батыс Қазақстандық Гүлнұр атты жары келген болатын. Бұл екі жас әлеуметтік желі яғни, агент арқылы танысып, суреттерін көріп ғашық болып, 1 жылдан кейін үйленіп тұрып жатыр. Агент арқылы өз бақытымды таптым деп, бағдарламаға келіп, жарнама жасап отыр. Мысалы, технология дамымаған кезде де жастар қазіргі ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз танысып та, табысып та, жарасты ғой. Ал, бұған не айта аласыздар?
2-жүргізуші: Бұл жастарға қарсы пікірде бағдарламаның жұмбақ кейіпкері бар. Бейне материалға назар аударайық. Ал, бұл кейіпкеріміз туралы не айтуға болады?
1-жүргізуші: Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы Заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Ал, осы ХХІ ғасыр ұрпағының болашағын көз алдарыңызға қалай елестете аласыздар?
2-жүргізуші: Қадірменді қонақтар! Бүгінгі дебатымыздың соңында жас жеткіншектерге қандай ой түйінін айта аласыздар. Бір-бір ауыз сөзбен қорытындыласаңыздар.
2-жүргізуші:
Оқушы мына жастардың, келешегін ойланам.
Зейінді алғыр жастар аз, білімге терең бойлаған
Интернет пен агент тұр, бар әлемді жайлаған,
Алыстатып білімнен, жастардың жолын байлаған.
Оқып білім алмаған, дей ме екен жастар «қой бағам»
Тосқауыл қойып агентке, ден қою керек білімге
Өмірге керек қорегің, ойлаңдар жастар білімде
Көп оқыңдар кітапты, өзіңнің ана тіліңде.
Агентке алданып, тегіс жерде сүрінбе,
Кітаптан алсаң білімді, жарқырап сенің тұрады
Аспандағы күніңде!
1-жүргізуші: Иоганн Вольфганг Гетенің айтқан бір жақсы сөзі бар: «Пайдасыз құр сергелдеңмен өмір сүргенің, дүниеге келмегенің!», «Әрбір айтқан сөзіміз, істеген ісіміз болашақтағы тағдырымызға қалай болса да әсер етпей қоймайды». ХХІ ғасыр – жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық, интернетті пайдаланайық, әлеуметтік желілерді қолданайық, тек оның шегін білейік. Бұл «Жаңашыл жастарға ой салар жанашырлар пікірі» дебаты. Аман-сау болыңыздар!
Жұмбақ кейіпкер: Сәлеметсіздер ме?! Мен жұмбақ кейіпкермін. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан бағдарлама арқылы басымнан өткерген оқиғаммен бөліскім келеді. Себебі бұл сырымды менің жіберген қателіктерімді кейінгі өсіп келе жатырған жастарымыз қайталамасын деген ниетпен баяндап отырмын.
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, арман болған әсем қаламыз Алматыға ата-анамның арқасында бұйыртып, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетіне оқуға түстім. Ұлттық бірыңғай тестіден жоғары бал жинап, мемлекеттік грант иегері атандым. Қуанышымда шек жоқ болатын. Ақылы бөлімге мені ата-анам оқыта алмас еді. Себебі, менен кейін төрт бауырым бар. Ата-анамның бар тапқан-таянғаны күнделікті күйбең тіршіліктің керегінен ауыспайтын. Соны біліп, оқуымды жақсы оқып, стипендияға ілігемін деп қызығы мен шыжығы мол студенттік кезеңді бастап та кеттім. Әжептәуір оқып, стипендияға қолым жеткенде менен бақытты жан болмады. Таңертеңнен түске дейін сабақ, одан кешке дейін кітапхана жабылғанша кітаптан бас алмайтынмын. Ақшамды үнемдеп жұмсап, бір күні ұялы телефон сатып алдым. Бәрі осыдан басталған еді.
Кешкілікті ұйықтар алдында агентке кіріп отыру әдетке айналатын болды. Қызығушылықтың кесірі ма?! Одан қала берді бейтаныс адамдармен де араласа бастадым. Сөйтіп жүріп, Ерсін атты жігітпен таныстым. Ұзақ уақыт агент арқылы хабарласып жүрдік, сосын кездестік. Осылайша бір-бірімізге ғашық болдық. Күндіз телефонмен сөйлесу, кеште агентпен хат алмасу бәрі менің сабағыма кедергі болды. Сабақ оқимын десем, Ерсін маған уақытыңды бөлгің келмейді, сабақты менен артық көресің деп ренжитін. Бір күні ол маған күйеуге шық деп ұсыныс жасады. Мен бақыттан басым айналып, келісе кеттім. Қазір осының бәрін ойласам қателесіппін. Мен тіптен оқуды да, ата-анамды да ойламаппын. Арманым тек Ерсіннің жары болу секілді боп көрінетін. Үйдегілердің ренжитінін, құда түсіруге жағдайымыз жоқтығын білгендіктен, Ерсін мені алып қашты. Керемет той болды. Ол әулетті жердің баласы болатын. Ата-анасы менің отбасымды онша жақтыра қоймады. Бірақ сонда да өзімді бақытты сезіндім. Отбасылық өмір мен оқуды бірге алып жүру мен үшін қиынға соқты. Сабақтан жәй келсем, күйеуім де, енем де қабақтарын шытып қарсы алатын. Сабаққа бірде барып, бірде бармай рейтингім төмендеп кетті. Сөйтіп, стипендиямнан да айрылып қалдым. Енді жолдасымнан ақша сұрай бастадым. Ол тіпті уақыт өте келе оқуыңды таста, саған оқып не керегі бар. Мен өзім жұмыс жасаймын. Сен бала тәрбиесімен үйде отырасың дегенді шығарды. Мен ол кезде жүкті болатынмын. Ерсін күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысасың деді. Кейін өз шаруаларымен жүріп, ұмытып кеткенін айтқанда, қалай оқудан шығып қалғанымды білмей қалдым. Себебі мен оған сенгем. Осылайша, оқудан қол үздім. Келесі жолы оқырсың деп енем де жұбатып қойған. Бала дүниеге келгесін бәрі де қалады екен. Сосын өзім де ешқайда шыға алмайтынымды біліп ол ойдан бас тарттым.
Отбасымда бәрі жақсы көрінетін. Бірақ уақыт өте келе Ерсін түрлі сылтаулар айтып үйге жәй келетін, жұмысында да жолсапарлар көбейіп кетті. Оның маған суып бара жатқандығын сезіп жүрдім. Бәрінің көңілінен шығуға тырысып бақтым. Бірақ болмады. Мен өзімді осы отбасының бір мүшесі емес, бөтен адам секілді сезіндім. Бір күні Ерсін жұмыстан келіп, менімен ажырасатынын және басқа біреуге үйленгісі келетінін айтты. Мен тіпті не ойларымды білмедім. Енем де баласына қарсы болмады. Мен қанша тырыссам да оны өз ойынан қайтара алмадым.
Бір уақыттарда бір-бірімізге ғашық болып құрған отбасымның осылайша екі жаққа айрыларын кім біліпті?! Бәлкім сол кезде жастық па, әлде ғашықтықтың әсері ме? Жанымда ақыл айтар жанашыр жанның болмағаны ма? Менің бұлайша болашақ жарымды дұрыс танып, білмей, үлкен отбасылық өмірге дайындықсыз қадам жасағаным өмірімдегі орны толмас үлкен қателік болды. Ендігі үмітім, кішкентай сәбиімде. Оны адам қылып, өсіріп, тәрбиелеу менің міндетім. Сол үшін өмір сүремін, қиындықтарға барымша төтеп беремін.
Бүгінгі студияда отырған жас жеткіншектерге айтарым, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар, оқу оқып, білім алыңыздар, еңбектеніңіздер, агент деген құр бәледен аулақ болыңыздар. Агенттің арбауына ермей уақыттарыңызды бос өткізбеңіздер. Бір-біріңізді дұрыс танып-білмей, өздеріңізге сенімді болмайынша және көздеген мақсатқа жетіп, өмірден өз орындарыңызды таппайынша отбасын құруға асықпаңыздар!

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.