Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша
жан-жақты мәлімет бере отырып,
сын есімнің жұрнақтарын түсіндіру
, сауатты жазуға және
сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға
тәрбиелеу;
Сабақтың
түрі: пысықтау
сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс,
жұмбақ шешу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін
нәтиже: сын есімнің жұрнақтарын меңгеру, қыс туралы
өз ойын айта
білу;
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу -
Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма («Жаңа жыл» мәтінін мазмұндау). Туынды сын есімдерге мысалдар
жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1– тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып,
мағынасын түсіндіріңдер. Сын есімді
табыңдар.
Ұшан – теңіз қалың қар,
Жерді басып, жабады.
Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
2 – тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.
1. Таудан
түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай, тартсам да жүрмейді. (шана)
3- тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрап жазыңдар. Сын есімдердің астын
сызыңдар.
Ережемен жұмыс
Сын есімнің
жұрнақтары
1. –ғы, -гі, -қы, -кі: қысқы, кешкі, жазғы, күзгі
2. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: қалалық, әкелік, аудандық, шетелдік
3. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, өнерлі, орманды, ұлтты
4. - сыз, -сіз: ақылсыз, білімсіз
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма ( Өлеңді
жатттау )
Жұмбақтар жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.