Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Сс дыбысы және
әрпі. 33 – бет.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: с дыбысы және әрпімен таныстыру. С
дыбысына сөз, сөйлем құратырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі
сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете
отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер,
жұмбақтар жинағы, с дыбысының баспа және жазба түрі, әліпби
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Қостілділік компонент: сағат-часы, қасық-ложка, бас-голова.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері. Шаттық
шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балаларды түгендеп,
назарларын іс - әрекетке аудару. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Әліпбиден а және с дыбыстарын тапқызу.Кеспе әріптен осы әріптерді
тапқыза отырып, текшеге буын құрастыру.А, -ас, -са, -ес, -со, т.б. буындардан
сөз, сөйлем құрастыру: тас, кес, сан. 2. «Мен айтайыншы!» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог ауаға кез-келген әріпті жазады.
Балалар сол әріпті тауып, педагогтің құлағына сыбырлап айтады. С дыбысының
айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы
астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен
дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы – дауыссыз дыбыс. 3. «Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: педагог жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтардың шешуі болған
көкөністердің суретін не мульяжін себетке салады. Мысалы: Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығымен суырып, Әкелді әжем бір күні. (Шешуі: сәбіз) Сәбіз сөзін буынға
бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу. 4. Сергіту сәті: Бір, екі, үшЖинап алып күш. Қолға қалам аламыз, С дыбысын жазамыз. 5. Тіл ұстарту жаттығуы.Са-са-са Ызыңдайды маса. 6. Дәптермен жұмыс.Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с
дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында,
ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді
құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды. 7. Жазу жұмысы.
Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с
дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап
салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сақинаны салғызды, Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп,Сансыз орақ тәрізді? (С) |
Балалар
тәрбиешімен бірге жұмыс жасайды.
Ойынды
ойнайды.
Дәптердегі
сөздерді оқиды.
С
әрпін жазады. |
Рефлексивті-түзетушілік |
ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: С дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу.
Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:С дыбысымен
таныстыру,сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қандай түсініктерді игерді:балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:балаларды С дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.