3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып
білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Пәнді
оқытудың міндеттері:
1)
әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда
адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;
2)
оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық
байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық
құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана
білу дағдыларын дамыту;
3)
тарихи деректермен жұмыс жасай білу және
тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи
оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге
дағдыландыру;
4)
жас жеткіншектердің Отаны мен халық
алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
5)
еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ
халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың
тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
6)
қазақстандық діл (менталитет) негізінде
тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.
Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының тарихының негізгі кезеңдері
оқытылады.
Осы бағытта
тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында
жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу
үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады.
Оқу материалы,
көлемі және мазмұны қысқартылған нұсқада беріледі. Саяси, әлеуметтік және
экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін
тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын
тереңдету көзделеді.
«Қазақстан
тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады.
Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері
дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу
меңгертіледі.
Оқу
жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық
бағыт:
1)
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында
68 сағат;
2)
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында
68 сағат
жаратылыстану-математикалық
бағыт:
3)
10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында
68 сағат;
4)
11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында
68 сағат.
Дүниежүзі тарихы
Пәндіоқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ
ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және
рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.
Оқытудың міндеттері:
1) дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен
ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;
2) оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының
альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;
3)
көпұлтты империялардың қалыптасу, даму
және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;
4)
қазіргі замандағы халықаралық
қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу;
5) дүниежүзі
халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара әрекеттестілігін қарастыра
отырып, оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында
тәрбиелеу;
6) отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының
сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;
7) оқушылардың
гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра
құндылықтарын түсінуіне көмектесу.
Қазіргі білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды
түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы
түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын
дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы
түсінуіне білім негізін қалыптастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде
оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың
құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер
бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған
нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің
құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан
практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі
сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға
бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет
арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік
сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары
бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық
қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан»,
«Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық
бағыт:
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыс-математикалық бағыт:
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Адам. Қоғам. Құқық
Пәнді
оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи
түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген
танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі
адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына
деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.
Пәнді
оқытудың міндеттері:
1) оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын
қалыптастыру;
2) ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін,
философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;
3)
әлемді сезімдік және рационалдық тану
арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология
арасындағы байланыстарды анықтау;
4) адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы
білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;
5) жоғарғы моралдық
сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен
табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;
6) этникалық және тұлғааралық қатынастарда
төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;
7)
қоғамдық
дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;
8)
заң
ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік
құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;
9)
ғылыми
және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;
10)
оқушылардың
сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;
11)
зерттеу әдістерінің көмегімен барлық
мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.
Оқу жүктемесінің
көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық
бағыт:
10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
жаратылыстану-математикалық
бағыт:
10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану
Адамның жеке
тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған
рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты
болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және
шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы
жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың
пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас
жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық
әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.
Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және
өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға
мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды
қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану
бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1)
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін,
мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2)
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген
қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы
бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3)
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім берудің жалпы мақсаттары:
1)
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2)
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы
түрде шешу;
3)
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
4)
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына
мейірімді, қамқор болу;
5)
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және
іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6)
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық
таныту;
7)
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын
болу және оған жауапты болу;
8)
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін-өзі тану
пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып,
10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу
жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір
сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.