3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География
Жалпы орта білім деңгейіндегі
«География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат
ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы
түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Жалпы орта білім
деңгейінде «География» оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген ерекше дидактикалық құрылым ретінде қарастырылады.
«География» оқу пәнінің мазмұны
оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық
және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік
және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен
функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның
материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және
басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.
10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге
асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалының мазмұны
өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық
мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытудың мақсатыоқушылардың
жан-жақты экономикалық-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың
өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және
оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.
Жаратылыстану-математикабағытындағы оқу материалының
мазмұны, жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен
басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді
білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.
Мақсатықазіргі әлемді оқу барысында оқушылардың жан-жақты
экономикалық-географиялық білім алулары, функционалдық сауаттылықты тереңдету
және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.
Міндеттері:алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық
заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының
біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси
картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу
үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру;табиғат және
қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны
қорғау және тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты
даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; әлеуметтік-экономикалық,
геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық,
аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін
меңгерту;ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму
деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау;дүние жүзінің халықтарын,
дүниежүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және ерекшеліктері,
халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы
оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;толеранттылыққа,
өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу; оқушылардың
бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға
ықпал жасау; карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен,
кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу
кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі
экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау
барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да
мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;жоғары
патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге,
белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер
тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Міндетті
түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті
аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа
құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық
жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.
Географияпәні бойынша сағат саны:
‒
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
‒ жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Биология
Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9 сыныптарда негізгі орта білім
деңгейінде меңгерген материалды тереңдетіп қарастыруға бағытталған.
Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, жасушалық
теорияның негізгі қағидалары , өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы,
органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы негізге алынатын
түсініктерді, организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы түсініктерді,
органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) негізіндегі генетикалық заңдылықтар
туралы білімді, адамның тұқым қуалаушылығына қоршаған орта факторларының
жағымсыз әсері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып
табылады.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы
10-11 сыныптарында «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің
мақсаты барлық оқушыларды келесі жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында
биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тірі материя, оның
биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді
қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы;
жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.
Қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы 10-11- сыныптарда биологияны оқытудың
міндеттері былайша анықталған:
органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы
білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық
заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін
қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту;организмдердің жеке
жаму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді,
молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен
дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып
көрсету,эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11
сыныптарында «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық
оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық
дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі
материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді
қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы;
органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтерінің
білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша
Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.
Жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11- сыныптарда биологияны оқытудың
міндеттері былайша анықталады:
органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі
және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық
заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды
дамыту; органикалық дүниенің дамуы негізінде жатқан генетикалық көзқарастарды
кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді,
молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен
дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету;
экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің
әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ
халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін
қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;
өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның
негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті
адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді
қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен
білім алу уәжін қамтамасыз ету;
Биологияны 10-11- сыныптарда оқытудың ерекшелігі жалпы
биология бөлімін оқыту болып табылады
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптар үшін оқу материалының
мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық
сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптар үшін оқу материалының
мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда
меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.
Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағытының шегінде оқыту
бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі
оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті
экологиялық пролблемаларды шешу де
қарастырылуы тиіс.
Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына
байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың
өзбеттерінше кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.
Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы
қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық
аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар,
техникалық оқыту құралдармен
дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге
асырылады.
Биология пәні
бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11- сыныптарында, аптасына –
1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарында аптасына – 2
сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Физика
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» оқу пәнін оқытудың басты мақсаты –
білім, білік және әдістерді меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық
бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.
Бұл
мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:
–
қазіргі «Жаратылыстану» білім
саласындағы«Физика» оқу пәнінің маңызын түсіндіру және физика ғылымының
әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;
–
оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын
тұрғысынан ойлауын дамыту;
–
оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және
табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; қоғам және адам өмірінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;
–
базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік,
мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
Қазіргі қоғамға
бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды
меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің мазмұнын таңдаған кезде,
оқыту нәтижесі қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесі туралы түсінігін
қалыптастыруға ықпал етіп қоймай, сонымен қатар оқушының физика ғылымның даму
жолдары мен кезеңдері жайлы, философиялық идеялар және ғылыми ақиқатқа деген
философиялық көзқарасты қабылдауы ескеріледі.
Жалпы білім
берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық мәні, ол оқушыны
қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми таным
әдістерімен қаруландырады.
Пәннің мазмұнын
анықтауға ықпал ететің факторлар болып
оқытудың мақсаты, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеті табылады.
«Физика» пәнінің
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру
мазмұнда тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты
оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын
қалыптастыру.
Осы
мақсатқа жету үшін мынандайміндеттердішешу
қамтамасыз етедi:
- қазіргі әлемнің бiртұтас
физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әр
түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;
-
физикалық жүйені анықтау және олардың
арасындағы байланыс орнату;
-
физикалық құбылыс немесе пән туралы
білімін салыстыру және ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;
-
физикалық құбылысты
танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың
заңдарын практикада қолдану ;
-
әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер
мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;
- физиканың
жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын
тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн
талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе
орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;
-
қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік
сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық;
ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм
беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық
білімдерді органикалық үйлестіру,
физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды
жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет.
Сонымен бiрге, пән оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау
қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын
қалыптастыруға бағытталады.
Физиканы оқығанда
пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу процесінің логикасын, оқушылардың
жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.
Оқытудың қолданбалы және
практикалық сипатын нығайту үшін оқу уақытын төмендегідей тиімді бөлу
ұсынылады.
Бағыт |
Көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстар |
Оқушылардың
білімдерiн тексеру |
Оқу уақытының
бос қорынан Оқу процессiн ұйымдастыру |
ҚҒБ |
10% |
5% |
7% |
ЖМБ |
25% |
10% |
10% |
Практикаға
бағытталған жұмыстардың түрі және көлемі.
Бағыт |
ҚГБ |
ЖМБ |
||
Сынып |
10 |
11 |
10 |
11 |
лабораториялық жұмыс |
3 |
6 |
13 |
6 |
практикалық жұмыс |
3 |
|
17 |
20 |
бақылау
жұмысы |
2 |
2 |
5 |
4 |
физикалық
практикум |
|
|
4 |
10 |
Пән бойынша оқу
жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық
бағыт:
10-сынып
- аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
11-сынып
- аптасына 1 сағат, оқу жылында -
34 сағат.
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сынып
- аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.
11-сынып
- аптасына 3 сағат, оқу жылында -
102 сағат.
Химия
10-11-сыныптардағы химия
пәнінің мазмұны химия
ғылымы мен технологиясының заманауи үрдістерін ескере отырып құрылған, сонымен
қатар оның барлық компоненттерінің дамытушылық және тәрбиелік әлеуетін күшейту
үшін тұлғалық-әрекеттік бағыттылығымен
сипатталады.
Химия курсын оқып-үйрену жалпы,
бейорганикалық және органикалық химия мен қоршаған ортаға ғылыми көзқарасты,
білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, оқушылардың химия
ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі қоғамдық өмірдегі орнын сезіне білуіне
бағытталған.
Өңірлік компоненттер есепке
алынған химия технологиясы туралы оқу материалдарын енгізу оқытудың практикаға
бейімділігін қамтамасыз етеді, оқушыларды химия саласындағы мамандықтарға
бағыттайды. Экология мәселелері, химиялық қалдықтармен қоршаған
ортаны ластаудан сақтау, адам денсаулығы мен қауіпсіздігі сақтау, тиімділігі
жоғары және экологиялық қауіпсіз өндіріс пен қайта өңдеу технологияларын
меңгеру оқу материалының компоненттері
болып табылады.
Химияны оқыту екі бағытта жүзеге
асырылады. Олар: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық
бағыттар.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы оқыту мақсаты-химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан
әрі дамыту, алған білімін болашақ өз
кәсіби білім алуға және практикалық
қызметіне қолдануға дайындау, химия
өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен
таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
1) химия ғылымы және технологиясы
саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі ,практикалық білігін дамыту;
2) күнделікті өмірде, химиялық
лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және
оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;
3) қауіпсіздік техникасын сақтай
отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді
жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
4) эксперименттік жұмысты жүргізу
барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында
танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;
5) химияға жаратылыстану мен жалпы
адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
6) адамзат алдында тұрған
проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
7) оқушының химиядан алған білімі
мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және
өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін
тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ
«Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.
«Химия» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағаттан;
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат,
аптасына 2 сағаттан.
Таңдау курстарын өткізу үшін
мұғалім өз тарапынан белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін оқу жоспарын,
бағдарламасын әзірлейді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді
жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық
және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен
функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын
қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту
міндеттері:
1)
химияға
жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде
көзқарасын дамыту;
2)
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу
мәдениетін қалыптастыру;
3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте,
табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен
лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен
түсіндіру дағдысын жетілдіру;
5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның
қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен
материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз
пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін
құбылыстардың алдын алуға қолдану.
Химияны
жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы
ескерілді.
Теориялық және
практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған
білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық
эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық
сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдыұ есептерді шешуге, жоспарлау және
жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға
пайдаланылады.
Химияны оқыту үдерісі арнайы
жабдықталған кабинетте – химиялық
реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары,
мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту
құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде
болуы мүмкін:
- зерттеу
жобаларын ұсыну және қорғау;
- олимпиада,
байқау, тақырыптық кештер өткізу;
- элективті
курстар, таңдау бойынша курстар;
- химия
ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;
- алыс
қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтар, олимпиадалар , тестілеуге қатысу.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Химия» пәні бойынша
оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;
11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.