2.5 «Өнер» білім саласы
Музыка
Музыка
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау
қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді.
«Музыка» пәнінен білімді игеру нәтижесінде оқушы ұлттық және әлемдік мәдениет
мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан
тұлға ретінде қалыптасады.
«Музыка» оқу пәнінің мақсаты –
оқушылардың музыкалық мәдениетін
қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде
қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып,
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
«Музыка» оқу
пәнінің басты міндеті:
– дәстүрлі
қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы
және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі
туралы білім беру;
–
оқушылардың көркемдік талғамын
қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;
–
түркі және шығыс халықтарының музыкалық мәдениетіне деген
қызығушылығын арттыру;
– музыканың басқа өнер
түрлерімен байланысын ұғына білу;
– музыка өнерінің әр түрлі әрекеттерінде оқушылардың
шығармашылық қабілетін қалыптастырып, ән, терме
айту және аспапта ойнау біліктерін дамыту.
Бағдарлама
мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс
классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері
болып табылады.
«Музыка» пәні
бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және
әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді.
Оқытудың
әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципінұстана отырып, бастауыш пен орта сынып
арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Басты тақырыптар
мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық ұғымдары мен көркемдік талғамы кеңейеді.
Дербестік принципінұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен
түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы
арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады.
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда
сағат саны аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.
Бейнелеу
өнерi
Жалпы білім
беретін мектепте бейнелеу өнері негізгі пән болып табылады, өйткені бейнелеу
өнері оқушылардың елестету және шығармашылық қиялын дамытады, онсыз жеке
тұлғаның толыққанды психикалық және интеллектуалдық дамуы мүмкін емес.
Оқыту мақсаттары:
- эстетикалық
сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін
байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін
тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
- қиялын,
кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен
қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу
шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
- өнер
құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
- халық
шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
-
аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
-
оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ орындалған жұмыстарды
сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау
қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту
міндеттері:
- өзінің қоршаған
әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
- сурет,
кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
- жылы және суық
түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
- бейнелеу
өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін,
дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт,
анималистика және т.б.) таныстыру;
- көркемдік
дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу
техникасын игеру);
- шынайы өмірде
көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет,
дизайн, мүсін және т.б.)
-
оқушыларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял,
елестету;
-
оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен
шамалау дәлдігін жақсарту;
- өзінің
көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер
үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.
5-6-сыныптарға
арналған бейнелеу өнері бағдарламасы бастауыш мектеп бағдарламасымен
сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және
кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады.
Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз
ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларын пластикалық өнердің
әртүрлі материалдар мен техникаларды қолданып көркем бейне жасауға бағытталған
көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді
көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері»,
«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».
Білім беру тәжірибесінде «бейнелеу өнері» деп кескіндеме,
графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы
өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне қызығушылығы, картинада
немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және
өзінше бағалай білуі, Қазақстан және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен
бағыттарын айыра білуі; өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің
шымаршылығымен танысуы; әйгілі шығармаларды білуі - сабақтың маңызды нәтижесі
болып табылады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және
дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі
өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде
нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік
талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі,
өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын
жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды,
шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын
және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі.
Бағдарламадағы
оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын
көрсететін блоктармен ұсынылған: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам
өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем
өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары».
Осылайша
блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады,
екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма
тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды,
төртінші олардан оқушы көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет
түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық,
тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге)
әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Оқу жүктемесінің
көлемі:
5 сыныпта –
аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;
6 сыныпта –
аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.