2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы
Пәнді
оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін
ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты
тарихы бойынша білім беру.
Қойылған
мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:
1)
оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім
беру;
2)
Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
3)
оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту,
тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу
дағдыларын қалыптастыру;
4)
оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы
талдау жасауға дағдыландыру;
5)
оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына
қызығушылығын қалыптастыру;
6)оқушылардың
жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты
іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
Пәнді оқытуда Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы
23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды
әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты
мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының
27-тармағын басшылыққа алу керек.
Оқу
жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта
аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта
аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта
аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
8-сыныпта
аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында
68 сағат.
5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»
Пәнді оқытуда
бастапқы кезең пропедевтикалық, яғни кіріспе курс маңызды рөл атқарады. Тарихқа
кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен
психологиялық деңгейіне сәйкес болу керек.
Пропедевтикалық
курстың негізгі міндеттері:
- оқушы
бойында тарих туралы қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру;
- Отан
тарихына деген қызығушылықты ояту, отандық және әлемдік тарихтың маңызды
оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;
- танымдық
қызметтің қарапайым тәсілдерін игеру, тарихтың жүйелі курсын қабылдау мен
игеруге оқушыларды дайындау.
Бұл кіріспе
курста барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда
уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.
Тарихтың
пропедевтикалық курсын оқыту процесінде оқиғалардың хронологиясын жасау, тарихи
оқиғалардың сабақтастығы мен ұзақтығын анықтау, әңгімеде қосымша материалдарды
қолдану, салыстыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері
қалыптасады.
6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»
Негізгі орта
білім деңгейінде тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына
сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.
Ежелгі Қазақстан
жеріндегі алғашқы адамдардың қоршаған ортасы, қола және ерте темір дәуіріндегі
шаруашылықта, қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер, көшпелі мал шаруашылығының
пайда болуы, ежелгі адамдардың антропологиялық бейнесі туралы түсініктер
беріледі. Оқушылар бұл сыныпта тарихи таным негіздері, негізгі ұғымдар,
категориялар, тарихи үдерістің заңдары туралы түсініктерімен танысады. Оқыту
барысында тарихи мәтіннің қысқаша жоспарларын
жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген
аймақтарды, олардың қоныстанған орындарын көрсете білу дағдылары қалыптасады.
7-сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихы» бойынша орта ғасыр кезеңдерінің ерекшеліктері, түркі
кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының қалалық мәдениеттің дамуына
әсері менортағасырлық ұлы ғұламалар тарихы, моңғол, жоңғар шапқыншылықтарының
зардаптары, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы мен оның дербес саяси
бірлестікке, орталықтанған мемлекетке айналуы туралы білім алады.
Мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктері туралы тақырыптарды қарастыруда ұқсас тарихи оқиғаларды
салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет өнері
ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің тарихтағы рөлін
ашып көрсету біліктері мен дағдылары тереңдетіледі.
8-сыныпта «Қазақстан тарихы» бойынша XVIII ғасырдағы
Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ-жоңғар
соғыстары, Қазақстанның Ресейге қосылуы және тәуелсіздік үшін күрес, отаршылдық
саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар,
патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі, жұмысшы қозғалысының
басталуы, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.
Бұл сыныпта оқушылардың саяси тарихтағы
өзгерістерді талдауына, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты
анықтауына, хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи
оқиғаларға өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.
9-сыныптағы «Қазақстан тарихы» пәні
бойынша оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс,
1917 жылғы ақпан қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері,
саяси партиялардың құрылуы, Ұлттық Алашорда үкіметінің қызметі, Қазақ Кеңес
мемлекетінің құрылуы, азамат соғысының негізгі оқиғалары, Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстан, ағарту ісі мен ғылымның дамуы, «қайта құру» мен
тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.
Осы сыныпта
оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің
түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Тарих сабағында
оқушыларды ойландыратын және өздігінен жұмыс жүргізуге ынталандыратын оқыту
әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың өзара мағұлмат алмасу белсенділігін арттыруға, зерттеліп отырған
тақырыпқа ғылыми дұрыс бағыт ұстануына, шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталған интерактивті әдістер, жаңа педагогикалық технологиялармен қатар,
тарихи анықтамалық, тапсырмалар жинағы, ғаламтор материалдары, мультимедиялық
құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.
Жүйелі тарихи
білімді меңгеру барысында оқушылар тарихи тақырыпта шығармашылық жұмыстар,
жобалар, рефераттар, тарихи эсселер, шығармалар (портфель) жазуға үйренеді.
Дүниежүзі тарихы
Пәнді оқытудың
мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы
маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін
қалыптастыру.
Пәнді оқытудың
міндеттері:
1) оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша
маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық
сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;
2) тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және
ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;
3) алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде
қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;
4)
оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен
ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын,
көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;
5) дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз
байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке,
бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн,
демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеу;
6) тарихи танымның бастапқы әдiс-тәсiлдерiн
меңгерту, әртүрлi дерек көздерiмен өз
бетімен жұмыс iстеуге үйрету;
7)
оқушыларды дүниежүзілік мәдени
жетістіктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
8)
қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және
халықаралық проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін
жетілдіру.
Оқу жүктемесінің
көлемі:
6 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында
34 сағат;
7 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында
34 сағат;
8 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында
34 сағат;
9 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында
34 сағат.
6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»
Мектепте тарихтың жүйелі курсы
тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптағы «Ежелгі дүние тарихы» курсынан басталады.
Ежелгі мемлекеттердің тарихымен танысу барысында оқушылар табиғаттың адам
өміріне ықпалы, оттың маңызы, мемлекеттердің пайда болу алғышарттары, алғашқы
діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи оқиғаларды салыстыру,
сипаттама бере білу, тарихи картаны оқи білу дағдылары қалыптасады.
7-сыныптағы «Орта ғасырлар тарихы» бойынша
орта ғасырлық кезеңдердің ерекшеліктері, ерте ортағасырлық мемлекеттердің пайда
болуы, феодалдық құрылыстың белгілері, орталықтанған мемлекеттер, Еуропада
білім мен ғылымның дамуы туралы оқытқанда тарихи білім аясын кеңейту
қарастырылады. Бұл сыныпта ортағасырлық тарихи ұғымдар мен оқиғаларды талдауға
ерекше назар аударылады.
8-сыныптағы «Дүниежүзі
тарихы» бойынша оқушылар аграрлық
өркениеттен индустриалдық өркениетке өту
кезеңдерімен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың
дамуымен, буржуазиялық революциялар тарихымен танысады. Бұл оқушылардың жаңа
замандағы тарихи оқиғалар мен үдерістердің мәнін анықтауына, халықтың өткені мен бүгінін салыстырып, ой
елегінен өткізе алуына және тарихи мұраларды
пайдалана алуына көмектеседі.
9-сыныпта «Қазіргі дүниежүзі тарихын» оқыту
барысында Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің 1914-1918 жылдардағы
бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейінгі саяси,
әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени даму жолдары туралы нақты білім
беріледі. Бұл сыныпта осы кезең тарихындағы маңызды оқиғалардағы жеке
жетекшілердің, көрнекті тұлғалардың және халық бұқарасының мақсаты мен орнын
айқындау қушылардың
өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын жетілдіреді.
Мектепте тарихты
оқыту әдістемелік тәсілдердің көп түрлілігі негізінде іске асырылады. Педагогтың басты міндеті - оқушылардың өздігінен жұмыс
жасауын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмысы ұжымдық жұмыс түрінде,
брэйнсторлинг, рөлдік ойындар, дебат, жоба қорғау, портфолио, коллоквиум,
сөздік пинг-понгтар, жазба жұмыстар (эссе, шығармалар, реферат және т.б.)
ұйымдастырылады.
Тапсырмалар
жиынтығы оқушылардың қажетті білім деңгейін, білік пен дағдыларды игеруге
мүмкіншілік береді. Мысалы, хронологиялық тапсырмалар – оқушылардың оқиғалар
сабақтастығы мен уақыт шеңберін анықтау, уақыттың әртүрлі категорияларын
ажырату қабілеттерін, «тарихи география» тапсырма- карталарды қолдана білу,
тарихи кеңістік туралы түсініктерінің қалыптасуын тексереді, «Тарихи тұлғалар»
тапсырмалары Отан тарихындағы тұлғалар туралы білімін анықтайды. Пәнді оқытуда
оқушының тарихи танымын, шығармашылық ойлауын дамытуға оң ықпал ететін оқыту
әдіс-тәсілдері таңдап алынуы қажет.
Таңдау бойынша
ұсынылатын курстар мазмұнының тақырыптары: «Алғашқы діни түсініктер», «Жазудың
пайда болуы», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Саяхатшылар
естелігінен» және т.б.
Адам. Қоғам. Құқық.
Пәнді
оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың,
оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы, адам мен қоғам дамуы үдерісі
туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық позицияны, жоғары адамгершілік
қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Пәнді
оқытудың міндеттері:
1)
қазіргі қоғам мен адам өміріндегі қоғамдық
ғылымның рөлін анықтау;
2)
оқушылардың бойында әлемнің ғылыми картинасын
қалыптастыру;
3)
адам және адам өмірінің жоғары құндылықтар
болып табылатынын түсіндіру;
4)
гуманизм, этика, бостандық, демократия,
әлеуметтік прогресс пен рухани құндылықтар идеалдары арасындағы өзара
байланысты анықтау;
5)
адам құқықтары мен жалпы ұстанымдарын
білуге, оған баға беруге үйрету;
6)
азаматтылықты, отансүйгіштікті,
жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен халықтарға деген сыйластық көзқарасты
қалыптастыру;
7)
этникалық және жеке тұлғалар арасындағы
қатынастарда төзімділікті сақтау;
8)
қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде
құқықтық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу;
9)
Қазақстан Республикасының Ата Заңын, кодексін
және басқа да заңнамалық актілерін білу;
10)
ғылыми, құқықтық терминологияны түсіну,
терминдерді қолдана білуге үйрету;
11)
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын
дамыту;
12)
оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас
дағдысы мен пікірталасқа қатысу қабілетін дамыту;
13)
жеке қабілеттері мен психофизиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби бағдар туралы түсінігін дамыту.
«Адам.
Қоғам. Құқық» пәнін оқыту барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012
жылғы 23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік
жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспарындағы 28-тармағын басшылыққа алу қажет. Білім алушылардың қазақстандық
құқық жүйесі туралы тұтастай түсінігін қалыптастыру, құқықтық білімін өмірлік
жағдаяттарда және болашақ кәсіби қызметтерінде тиімді қолдануды күшейту керек.
9 сынып оқушылары
үшін «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұнын іріктеуіс-әрекеттік,
тұлғалық-бағдарлы және құзіреттілік тәсілдерге негізделген.«Адам. Қоғам.
Құқық.» пәнінің мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм
принциптеріне, гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пәнді оқытуда
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің әдістемесі мен
ұйымдастырылуын анықтайтын әдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
«Адам.
Қоғам. Құқық» пәнінің негізгі ерекшелігі ол аталған пәннің алдыңғы сыныптарда
оқытылған басқа да қоғамдық – гуманитарлық пәндермен тығыз байланысы болып
табылады. «Адам. Қоғам. Құқық» пәні шеңберінде бұрын алынған білімге жүйелеу
мен жалпылау жасалады.
Оқу
жүктемесінің көлемі:
9 сыныпта
аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі
тану» пәнінің негізгі мақсат-мүдделері:
1)
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін,
мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2)
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген
қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы
бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3)
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Негізгіміндеттері:
-
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
-
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы
түрде шешу;
-
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау;
-
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына
мейірімді, қамқор болу;
-
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және
іс-әрекеттерінде шынайы болу;
-
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық
таныту;
-
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын
болу және оған жауапты болу;
-
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану»
бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудағы маңызды мәселе «Тыныштық сәті», «Өзіммен
өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» сияқты әдістемелік тәсілдер арқылы
сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру
үдерісі арнайы жабдықталған кабинеттежүзеге асырылады және қажетті оқу
жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз
етіледі.
Оқу жүктемесінің
көлемі:
5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1
сағат):
6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1
сағат):
7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1
сағат):
8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1
сағат):
9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1
сағат):
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.