1.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
Пән – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және
психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, танымдық
белсенділігінің дамуына бағытталған.
Оқыту мақсаты:
- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене
мәдениетін қалыптастыру;
- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін
қалыптастыру;
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;
- салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі
құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін
жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін
белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене
тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;
- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық,
төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және
басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін
тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және
мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;
- жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға
тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту
секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
Бағдарлама екі бөлімнен
тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет
етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».
Бастауыш мектептегі дене
шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі: дене шынықтыру
сабақтары; оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары; спорттық
жарыстар мен мерекелік шаралар; спорттық үйірмелерде шұғылдану; дене
жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге
негізделген:
- жеке адамға бағытталған тәсіл бала
организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін
мөлшерлеуді көздейді;
- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы
дамитындығын қарастырады;
- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету
процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Дене шынықтыру мұғалімі
бағдарлама талаптарына сүйенеді және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) өзіндік шкаласын құруына және сол
бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.
«Шаңғы дайындығы»
және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ
республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының
педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен
(кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық,
кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Типтік оқу жоспарына
сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;
2-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
3-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
4-сыныпта – аптасына
3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.