1.6 «Технология» білім саласы
Еңбекке баулу
Пәннің мақсаты: бастапқы технологиялық білім, еңбек
білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін
меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының кіші моторикасын, кеңістік қиялын,
ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі
адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен
қарауға, еңбексүйгіштігін тәрбиелеу.
Пәннің міндеттері:
-алғашқы жалпы еңбек және
арнайы біліктерін, еңбек және экологиялық мәдени негізін қалыптастыру;
-ақпаратты іздеу, қайта
өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті
өмірде алған білім мен білігін пайдалану;
-жеке гигиена ережесін сақтау,
материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану дағдысын дамыту;
-өздігінен қажетті материалдардан
түрлі бұйымдар құрастыру;
-оқушылардың шығармашылық
қабілетін, көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық
талғамы мен құрастырушылық қабілеттерін дамыту;
-ұжымдық жұмыс істеуді
ұйымдастыру.
Пәннің негізгі ерекшелігі – адам және қоршаған әлем
арасындағы өзара байланысы, қоғам дамуындағы адам қызметінің рөлі туралы
түсініктерін, алғашқы технологиялық біліктіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру. Еңбек
оқушы дамуының (адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық) ең бір басты
факторы болып табылады. Осы сатыда қалыптасатын дағды оқушының одан әрі дамуын
қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім және білікті белсенді түрде
қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады.
2013 жылы оқу бағдарламасының ауысуымен 4-сынып
оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар
мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырмауына орай мұғалім пәнді
оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен алмастыра алады.
Еңбекке баулу пәніне аптасына 2 сағат, бағдарламалық
материалды меңгеру үшін жылына: 1-сыныпқа – 66 сағат, 2–4-сыныптарға 68 сағат
қарастырылған.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.