1.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Өзін-өзі тану
Пән
әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын
пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға
бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану
пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет
етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін
өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға
көмектеседі.
Пәннің мақсаты: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді
адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және
қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға көмек көрсету,
туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-өзі үндестікте өмір
сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық пен белсенділік,
азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік
тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу; қоғамға қызмет ету
дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Пәннің міндеттері:
-оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған
ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген
сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
-өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты
танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен
сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
-өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және
іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
-адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара
байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының
бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде
өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
-әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп
қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең
ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
-белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және
оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу;
жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы
келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін
дамыту;
-күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде
жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған
міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен
жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пәннің оқыту ерекшелігі:
оқушының өзіндік бейімін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын,
қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде ретінде дамыту. «Өзін-өзі
тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке
ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
1)
Өзін-өзі
тану бақыты;
2)
Адами
қарым-қатынасқа үйренейік;
3)
Адам
болам десеңіз...;
4)
Әсемдік
әлемінде.
Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген
қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыруға, өз-
өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.
Оқу жүктемесі:
аптасына 1 сағаттан: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар 34 сағатты құрайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.