Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау .
Сабақ №17
Пән: алгебра
Сынып: 8
Сабақ тақырыбы: Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау .
Сабақ типі: жаңа материалды меңгеру
Түрі: практикалық
Сабақ мақсаттары:
1. білімділік – Оқушыларға статистикалық мәліметтерге қарапайым топтау және талдау жүргізуді үйрету.
2. дамытушылық – логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
3. тәрбиелік – оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақ әдістері: ауызша, көрнекілік, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа білімді игеруге дайындық. Қайталау.
1. Арифметикалық орта деген не?
2. Мода деген не?.
3. Медиана деген не?
4. ықтималдық деген не?
5. Математикалық статистика деген не?
3. Жаңа материалды меңгеру.
Статистикада берілген сандарды талдау үшін оларды топтайды. Шырша биіктігінің диаметрге тәуелділігіне мысал келтірейік. Осы екі сипаттаманы салыстырсақ, онда биіктіктері бірдей, бірақ диаметрлері әр түрлі немесе биіктіктері әр түрлі, бірақ диаметрлері бірдей шыршалар жиыны шығады. Демек, шырша биіктігі мен диаметрі арасында тәуелділік жоқ. Бірақ шыршаның өсуіне қарай диаметрі де артып отырады. Кестеде өлшеу нәтижелері берілген.
Биіктігі (м) Диаметрі(см) |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
15 |
|
1 |
6 |
4 |
3 |
|
|
|
|
|
20 |
1 |
3 |
15 |
29 |
20 |
8 |
|
|
|
|
25 |
|
1 |
8 |
18 |
49 |
20 |
6 |
1 |
|
|
30 |
|
|
1 |
4 |
5 |
12 |
8 |
5 |
|
|
35 |
|
|
|
|
1 |
3 |
6 |
4 |
1 |
|
40 |
|
|
|
|
|
|
1 |
3 |
3 |
|
45 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
Көлденеңінен метрмен алынған биіктіктің орташа мәні жазылған. Тігінен сантиметрмен алынған диаметр берілген және интервалдар ортасында топтау саны көрсетілген.
Мысалы: Ер адамдардың сыртқы киімдерінің кең тараған өлшемдерін анықтау үшін 48 ер адамның өлшемін алды және өлшеу нәтижесі мынадай болды: 52, 46, 52, 48, 48,44 ,48 , 50, 48, 50, 48,42 , 48, 50, 52, 50, 48, 56, 48, 54, 46, 54, 50, 50, 52, 50, 54, 48, 46, 50, 54, 46, 50, 48, 54, 52, 46, 56, 44, 56, 54, 50, 58, 50, 52, 52, 46, 52.
Алынған мәліметтерді ретімен талдасақ, нәтиженің 9 топқа бөлінгенін байқаймыз. Әр топ қандай да бір нәтижені береді. Мысалы 42 өлшем 1 адамда, ал 48 өлшем 10 адамда және т.с.с. Нәтиже оңай қабылдануы үшін кесте құрамыз.
Киім өлшемі |
42 |
44 |
46 |
48 |
50 |
52 |
54 |
56 |
58 |
жиілік |
1 |
2 |
6 |
10 |
11 |
8 |
6 |
3 |
1 |
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.
Оқулықтан: №326, № 327, №329, №331
4.1 Тарихи мәлімет. Ықтималды теориясы кездейсоқ құбылыстарды қарастырады. Ықтималдық теориясын құрған Я.Бернулли, П.Лаплас, С.Пуассонныңшығармаларында математикалық статистика туралы алғашқы мәліметтерді кездестіруге болады.
5. Қорытынды.
1. Санды мәліметтер қандай мақсатпен реттеледі?
2. Математикалық статистиканы қандай жағдайда қолданған ыңғайлы.
6. Үй жұмысы. № 328, №330
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.