Өзін- өзі тану 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім.
Мақсаты: Оқушылардың «достық»құндылығы және «татулық»,
«кешірімділік»
адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
кешірімділік,
татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
-
шынайы
достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;
-
мейірімділікке,
қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер,
қағаздан
жасалған бұлт, үнтаспа, жүрекшелер
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері (слайд № 2
)
- Сәлеметсіндер ме балалар! Мен бүгін сіздерді
көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, шаттық шеңберін құрайық
-Балалар, енді
қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Бірге болған қандай тамаша!
-Балалар, қолымызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көрейікші.
Біздің жүрегіміз мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы.Адам
бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады.Енді осы жүректен алған
жылуымызды түсіріп алмай, бір-біріміздің қолымызды беріп, қасындағы адамның
бойындағы бір жақсы қасиетін айтып жүрек
жылуымен бір-бірімізбен бөлісейік.
Негізгі бөлім.
Түсінісу
Л.Тілеуова
Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі
жайттың?
Ұғыспайды бір – бірін. Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма
Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді жарадың!
Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала
Тату - тәтті
тұрады. Жауап берді ойланып
Бір – бірімен тайталаспай, «Сыры мұның – түсінісу» -
Қас - қабақпен ұғады. Деп жауабын берді
анық.
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кешірім мен келісім» деп аталады. (слайд № 3 )
Мәтінмен жұмыс (слайд № 5 )
Сабақ тақырыбымен таныстырып, оның мәнін түсіндіру
мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады.
Әңгімені мұғалім оқып береді.
(Оқулықтың 68 бетінде суреттері бар)
Мақтаншақ жолбарыс
Ертегі
Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан:
«Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , - деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп
бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.
-
Кет
қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып.
-
Біраз
сайрасам қайтеді? – депті бұлбұл жалынып. Жолбарыс:
-
Мен
саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша
жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың
қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да
ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай,
көзінің жасын көл қылып жылап отырады.
Оны көрген қарға:
-
Жолбарыс
аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.
-
Қолыма
тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді.
Қарғаның жаны ашып:
-
Жүріңіз
мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып
тастайды, - деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны
айтады.
-
Менің
инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші,
мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған
найзаны да алып береді, - деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән - жайға қаныққан
соң:
-
Е
мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен?
Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен
шұғылданатын танысыма алып барайын.
Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты.
Болған оқиғаны айтып беріпті.
-
Жолбарыс
батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса
ептілік керек, - депті піл.
Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға
келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді.
Қолтырауын:
-
Менің
тісіме тікен ілікпейді. Аану бақта бұлбұл бар. Ол - өте мейірімді құс. Барып
өтін, оп – оңай алып тастайды, - депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты.
Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.
Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып,
бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді.
Олармен бірге ойын - сауық жасады.
Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән
салды.
Мұғалім балалардың пікірін білу үшін
сұрақтар қояды.
·
Жолбарыс
пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар
едіңдер?
·
Жолбарыс
бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
·
Сендерде
де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Дәйексөз (слайд № 6 )
Балалардың жауаптарын мұғалім дәйексөзбен түйіндейді.
-
Адамдар
абайсызда бірін – бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық –
адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым – қатынастағы ең бір жақсы қасиет.
Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін
белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов: «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»
деп айтқан болатын.
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу
-
Кешірім, келісім, татұлық атты сөздер
арқылы топқа бөліну.
-
І, ІІ, ІІІ топқа бөлінеді
-
Ережені қайталау (тақтада ілініп тұрады)
ІІІ. Топтық жұмыс
1.
Ойын – жаттығу (слайд № 7 ) -
берілетін уақыт 5 мин.
Тақтаға бұлттардың суреті
ілінеді. Бұлттардың астында гүлдер болады. Әр топтың бір ойыншысы тақтаға шығып
бұлтты ашып гүлді таңдайды.
Олар гүлдердің
жапырақшасына достарының көңілін
көтеретіндей сөздерді жазады. (Топта
ақылдасады)
Әр топтың балалары жазған
сөздерін дауыстап оқиды. Бұлттар алынып тасталады. Орнына гүлдерді жапсырып
қояды.
2. Жағдаяттарды талдау (карточкаларды
тарату)
1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды.
Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп,
кетіп қалды.
- Сендер
Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол
құрбысы Мәдина мен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын
досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген
еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:
-
Абайла,
айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, - деді.
Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.
-
Ой,
не болды сонша, айна деген арзан емес па?- деді Мәдина.
Жанар не дерін білмей, тұрып
қалды.
·
Әңгіменің
қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
·
Мәдина
мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?
·
Сендер
мұндай жағдайда не істер едіңдер?
3.
Абзал
мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...
Осындай жағдайларда өзара түсінісу
үшін не істеуге болады?
Балалардың жауаптарын мұғалім
толықтырады. (слайд № 9)
-
Адамдар
арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім
сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.