Мектепалды даярлық тобы. Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Е әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
2.Табиғатты
қорғауға, аңдар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
3.Логикалық
ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сүрақ-жауап, талдау, баяндау
Жаңа технология: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: орман бейнесі, плакат, кеспе әріптер, аңдар суреті, дауысты, дауыссыз дыбыстар үйшігі
Сабақтың барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- Саламатсыздар ма,
балалар.
Отыра қойыңыздар
Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге
көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді,
алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның
дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер
оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.
II. Үй
тапсырмасын тексеру.
-Балалар,
біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
-Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
-Кім айтады ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
-Неліктен? (себебі кедергіге ұшырап айтылып тұр)
-ң
дыбысына қатысты
сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
-өте
жақсы
-Ендеше аң сөзін буынға бөлейік (1 буын) ң дыбысы қай
жерде естіледі?
(сөз соңында)
-Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын) ң дыбысы
нешінші буында естіледі? (1-ші) .
-Жа-ңа сөзін буынға бөлу. (2 буын)
-ң дыбысы нешінші буында естіледі? (2-ші)
-Балалар,
біз мысалдар келтіріп жатырмыз.
Сол мысалдардың ішінде ң дыбысынан басталатын сөз
бар ма? (жоқ)
Қ дыбысы сөздің ортасында, соңында келеді екен, еш
уақытта сөз басында
кездеспейді екен.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген сөздерді оқыту.
Сөздерді буынға бөлу.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Жаңбыр жауды. Таң атты т.с.с.
-Өте жақсы балалар.
Балалар, Кел,
тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға!
Қызық сырын шерігеді.
-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
(иә)
-Ендеше тыңдаңдар
-Ерте, ерте, ертеде ну орманда (суреті ілінеді)
көптеген ағаш өсіп, құстар сайрап, аңдар тірішілік етіпті. Түн болып, Орман да,
ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің барлығы мүлгіп ұйқыға кетті. Тым- тырыс.
Сәлден соң тау арасынан күнде де сығылады. Қалың ағаш үстінен шыққан (бір құстың
үні жан-жақсы жаңғыртып жіберді)
-(суреті көрсетіледі)-Ол қаңдай құс? (Тоқылдақ)
-Тоқылдақты, орман емшісі дейді. Себебі ол
ағаштағы құрт-құмырсқаларды жеп емдейді екен.
-Өте жақсы
-Сонымен тоқылдақ теректің басына қонып:
Тоқылдақ: Тоқ, тоқ, тоқ, тоқ, тоқ.
Күн шықты, енді ұйқы жоқ,- деп
теректің қабығын қаққылап жатады.
Теректің астынан бір аң оянып кетіп айғай салады.
-Кім айтады? Бұл қандай аң? (суреті көрсетіледі)
(арыстан)
Арыстан: Таң атпай мазамды алған
кім?- дейді.
Тоқылдақ: -Мен тоқылдақпын. Сен
кімсің?
Арыстан: Мен арыстанмын.
Тоқылдақ:-Арыстан, арыстан, жылдам
киін, мойныңды бұр, орныңнан тұр, тоғайға жүр, өрік шақ, жидеқ тап, жаңғақ
қақ!- дейді.
Арыстан: -Маған өрігің, жидегің,
жаңғағың да керек емес дейді де ашуланып қалып қояды. Тоқылдақ ұшып келіп,
қайыңның басына қонып, қаққылай бастайды.
Тоқылдақ: тоқ,тоқ,тоқ,тоқ,
Күн шықты, енді ұйқы жоқ-дейді.
Қайыңның астынан бір аң оянып тұрып кетеді (суреті
көрсетіледі)
-Бұл қандай аң? (қасқыр)
Қасқыр: Таң атпай ерігіп жүрген
қайсысың?-дейді.
Тоқылдақ: -Тоқ, тоқ, тоқылдақ
деген менмін. Өзің кім болдың?
Қасқыр: Мен ашулы қасқырмын.
Тоқылдақ: Қасқыр, қасқыр, сал сен
асыр. Ұйқыңнан тұр, мойныңды бұр, тоғайға жүр өрік шақ, жиек тап, жаңғақ шақ.
-Балалар қасқыр жидек, жаңғақ шаға ма?
(Жоқ). Ол да тоқылдаққа ашуланып қалып қояды.
Тоқылдақ самырсын ағашының басына келіп қаққылай
бастайды.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.