Дүниетану "Өсімдіктердің қысқы тіршілігі" 1 сынып
07.04.2015
5681
761
Джапарова Кымбат Еркеновна
Сабақтың мақсаты : қыстағы өсімдіктер тіршілігі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жағдай жасау арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, білімге деген құштарлығын қалыптастыру, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық тәрбиеге негіз салу .
Әдіс- тәсілдер: топтық жұмыс , сұрақ-жауап , сөздік, көрнекілік.
Көрнекі құралдар: заттық суреттер , (оқушыларға таратып беру үшін әрбір өсімдіктің жеке суреттері, гербарий ) жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу .Оқушылардың тізімін түгендеу. Кабинеттің сабаққа дайындығына назар аудару. Оқушыларды дүниетану сабағына даярлау.
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Тірексызба тақтаға ілініп , оқушылар сурет арқылы қыстың белгілерін анықтайды.
2. Жұмбақ : Суда мұз болады, жерде қар,
Боран борап соғады.
Бұл қай кезде болады ? (қыс )
3. Оқушылардың қыс туралы өлеңдері тыңдалады.
4. Суретпен жұмыс .
III. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану: Ойын . Конвертке бірнеше гүлдердің , ағаштардың түрлерін салып, сол суреттерді біріктіріп , сабақтың тақырыбын анықтау .
-Күзде өсімдіктер тіршілігінде қандай өзгерістер болды ?
- Шөптесін өсімдіктер күзде қандай өзгеріске ұшырады ?
Күз түсісімен ағаш жапырақтары сарғайып түсе бастайды. Кейбір ағаштар мен бұталардың басында жемістер мен тұқымдары қалады. Шөптер қурайды. Олардың тамырлары мен жуашықтары топырақта қалады. Тек қылқан жапырақты шырша мен қарағай ғана жапырағымен қыстайды. Өйткені қылқандары жыл бойы біртіндеп түседі.
2. Өсімдіктердің қысқы көрінісімен таныстыру.
Табиғиттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да қоршаған ортамен , яғни жермен, өзен-көлдермен, өсімдіктермен , ауамен айналасындағы барлық тірі организмдермен тығыз байланысты. Ал өсімдікті біз тірі табиғатқа жатқызамыз : өсімдіктер, жануарлар, адамдар тірі табиғатқа жатады, яғни олар өседі, көбейеді, қоректенеді, өледі.
- Балалар біз білеміз өсімдіктер бізде үш топқа бөлінеді: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер.
Топпен жұмыс . Сыныпты екі топқа бөліп , әр топқа тапсырма беріледі . Оларға өсімдіктердің жеке суреттері (гербарий) таратылып беріледі. (шырша, тал, бүлдірген, қар астында қалған өсімдіктер мен олардың тұқымдары бейнеленген .)
Оқушылар осы қолдарындағы өсімдіктердің қысқы тіршілігі туралы талдайды. Соңында топ ішінен бір оқушы қорытындысын айтады.
Сергіту сәті: Биік болып өсеміз,
Елкадай жайқалып,
Табиғатты сүйеміз.
Шетімізден шеберміз,
Денемізді бос ұстап,
Билеп- билеп аламыз.
- Ағаштар мен бұталар қыста жапырақсыз қалады. Олардың сабақтарын суықтан қабықтары сақтайды. Олардың бұтақтарында бүршіктері сақталады.Көптеген шөптер қыста қар астында қалып, көктемге дейін жата береді. Топырақ арасында өсімдіктердің тұқымдары да сақталады.
3. Оқулықтағы мәтінді оқып, түсінігін оқушылардан сұрау.
4. Дәптермен жұмыс. Өлеңді оқып, мазмұны бойынша талдау жүргізу. Жаңа жыл мерекесіне дайындық туралы әңгімелесу. Содан соң оқушылар шыршаны безендіреді.
5. Сабақты қорыту.
- Өсімдіктердің қалай қыстайтыны туралы
- Ағашты үсіп кетуден не сақтайды ?
- Қар астындағы шөптер неге үсімейді ?
Ұ\ж Ойыншықтар суретін салу .
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.