Бейтараптану реакциясы.Сілтілермен жұмыс істегендегі сақтық шаралары.
№8-9 сабақтардың тақырыбы: Бейтараптану реакциясы.Сілтілермен жұмыс
істегендегі сақтық шаралары.
Сабақтың
мақсаты. Бейтараптану
реакциясы туралы түсінік беру,
оның реакция теңдеуін құрастыру
білігін қалыптастыру.
Құрал –жабдықтар. Кәрден табақша, тамызғыш, шыны таяқша, пробиркалар, стақан, спиртшам,
шыны пластинка, бюретка.
Тірек білім мен біліктер. Химиялық және физикалық құбылыстарының байланысы, қышқылдар мен негіздердің құрамы және
қасиеттері, химиялық
реакциялардың жүру белгілері, алмасу реакциялары, әр түрлі ерітінділердегі
индикатордың түсі.
Оқушылардың
өткен сабақта алған біліміне сүйене
отырып мына сұрақтар талданады.
1.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттерін
салыстырыңдар. 2. Алмасу реакциялары
дегеніміз не? 3.Алмасу реакцияларына
қатысын заттардың қасиеттері қандай? 4.Ерітіндінің сілті не
қышқыл екені қалай
анықталады? 5. Реакциялардың жүру белгілерін атаңдар.
Қышқылдар мен негіздердің
құрамын, қасиеттерінің қарама –қарсы
белгілерін тандағаннан кейін бейтараптану реакциясымен таныстыруға
кіріскен жөн. Көрнекі көрсету,
ерітіндіге лакмус тамызу арқылы сілті
екендігі анықталғаннан кейін, оған бюреткадан
қышқыл ерітінісі аз –аздан
құйылады. Лакмус көк түстен күлгін түске ауысқан
кезде құю тоқтатылады.
Оқушыларға пробирканың сыртынан саусаққа жылу білетіндігі, яғни реакция жүретіндігі көрсатіледі. Алынған сілті ерітіндісіне
қышқыл тамызғаннан кейін лакмус
түсінің қайта күлгін түске ауысуынын мәні түсіріледі, яғни ерітіндіде не қышқыл, не
сілті болмау реакцияс жүретіндігінің
белгісі. Сонымен қатар бұл жағдайда
химиялық реакция қасиеті
жағынан қарама –қарсы күрделі
заттардан арасында жүргені
қорытыналады. Мұнан соң
бейтараптану реакциясының жалпы
белгісіне жылу бөліну ғана емес, сонымен қатар су бөліну де жататындығы айтылады, оның мәні негіз
құрамындағы гидросотоп қышқылының сутегі
сутегі атомына қосылып, су
түзілетіндігі. Ал жеке белгісіне тұз
түзілу жататындығы айтылып, ерітіндіні суалту арқылы натрий хлориді алынады.
Реакция теңдеуі жазылғаннан кейін, бұл реакцияның алмасу реакциясымен қандай ұқсастығы бар екеніндігі талданады.
Бейтараптану реакциясына
қасиеттері қарама –қарсы заттар қатынасатындықтан, оның көмегімен
белгісіз затты анықтауға болатындығы
ескеріліп, осыған орай оның қолдануына мысалдар келтірген
жөн.
Сонымен қатар
ерімейтін негіздердің
қышқылдармен әрекеттесуі нәтижесінде
тұз және су түзіліп,
бейтараптану реакциясы жүретіндігі демонстрацияланады. Осы реакцияның нәтижесінде
түзілген заттарға қарап
және алдыңғы аталған белгілер
ортақ болғандықтан да сілтілер мен ерімейтін
негіздердің бір класқа жататындығы
туралы қорытынды жасалады.
Оқушылардың бейтараптану реакциясы туралы білімінің пысықтау мақсатында 10
зертханалық тәжірибелерді жасау
ұйымдастырылады. Тәжірибелер жасалып болған соң реакция
теңдеулері дұрыс құрастыра білуге
жаттықтыру қажет.
Үйге тапсырма беру: §39-43 қайталау. Бақылауға дайындалу.
5-тақырып.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.