«Ұлттық құндылықтардың негізі – қазақ мәдениетінде» курсының бағдарламасы 10-11 сынып
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты баяндамасының
13-ші тапсырмасының 2-бөлімінде Қазақстан тарихы бой- ынша оқу
жоспарларын,оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізіп, оқу орындар- ында
Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөніндегі іс-шараларды
жүзеге асыруды тапсырған болатын.Бұл тапсырманы орындауда көптеген ұстаздар өз
жобаларын ұсынуда. Бұл бағдарлама Қазақстан тарихында басты үрдіске айналған
саяси және экономикалық дамуды оқытумен қатар ұлттық құндылықтарды өскелең
ұрпақ бойына сіңіру.Ұлтық құндылықтардың бірі де бірегейі әрине қазақ
мәдениетінде.
Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға ежелгі дәуір кезеңінен, ХVІІІ ғасырға дейінгі қазақ халқының мәдениеті туралы
терендетілген білім бере отырып, рухани-интеллек- туалдық қабілеттерін
дамыту,ұлтжандылық және отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.Әрі ҰБТ-ға дайындау
кезінде оқушыларға қазақ халқының мәдениетін жүйелі түрде меңгертіп, оны
шығармашылықпен қолдану,тарихи процестер мен құбылыстардың өздеріне тән
белгілері мен сипаттарын анықтай білу дағдыларын және логикалық ойлау
қабілеттерін шыңдау.
Осы мақсатты іске асырудағы қойылған
міндеттер:
·
Қазақстан
Республикасының қазақ мәдениетін дамытудағы саясатын және «Мәдени мұра» бағдарламасын
насихаттау;
·
Ұлттық
құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына сіңірудегі қазақ мәдениті курсының
басымдылықтарын көрсету.
·
Шығармашылық
қабілеттері дамыған,ұлттық құндылықтармен қаруланған,азаматтық позициясы берік
жеке тұлғаны қалыптастыру.
·
Қазақстан
мәдениеті курсын толығымен қайталай отырып,өткен тақырыптар бойынша жүйелі
түрде байқау тесттерін алу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған
жұмыс түрлерін жүргізу.
Мамандыққа бағдар беру.
Тарих пәнінің мүмкіндіктерін
пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында, өз жерінде сұраныс
туғызатын мамандықтарға баулуға жағдаяттар жасау қажет.
«Ұлттық құндылықтардың негізі – қазақ мәдениетінде»
бағдарлы курсы оқушылардың заңгер, ағартушылық, қоғамдық саладағы,
гуманитарлық пәндерге негізделген кез келген саладағы мамандықтарға баулиды.
Курсты жүзеге асыру
формалары :
«Ұлттық құндылықтардың негізі – қазақ
мәдениетінде» бағдарлы
курсы оқытудың
көбінде жаңа технологияларын пайдалануға негізделген. Олар : сын тұрғысынан
ойлау әдістемесі, пікір-сайыс, модульды оқыту т. б.
Сонымен
қатар дәстүрлі оқыту лекция, семинар, конференция, іскерлік ойындар т. б.
қолдануға болады.
Курсты аяқтау формалары :
Курсты
қорытындылау кезеңінде оқушылар өзіндік зерттеулерін қорғайды. Атап айтқанда
баяндама, реферат, хабарлама т. б.
Бағалау формалары :
Оқушыларды бағалау критерийлері :
1. Қазақ мәдениет туралы білімінің деңгейі.
2. Өзіндік зерттеуінің сапалы баяндалуы,
тақырыпты толық ашуы, ізденісі.
3. Тақырыпты қорғаудағы шеберлігі.
Оқушылардың білімі ұпайлық деңгеймен
бағаланады. (10 ұпай)
1 деңгей – оқушының пән бойынша білім
деңгейі. (1 – 5 ұпай)
2 деңгей – оқушының өзіндік зерттеуінің
құндылық деңгейі. (6 – 8 ұпай)
3 деңгей – оқушының пән бойынша жан –
жақты құзіреттілігі. (9 – 10 ұпай)
Кіріспе.
Ұлттық
құндылықтардың негізі-қазақ мәдениетінде пәні нені оқытады? Ұлттық
құндылықтардың негізі-қазақ мәдениетінде пәні мәні, міндеттері. Қазақ
мәдениетінің отандық тарихтағы орны.
Бірінші бөлім:Рухани және білім беру саласын
дамыту,елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге,
дамытуға бағытталған «Мәдени мұра» мемлекттік бағдарламасы.
Екінші бөлім: Тас дәуіріндегі
алғашқы өнер айғағы, тастағы жазулар,қола дәуірі және темір дәуіріндегі
тайпалардың мәдениеті мен өнері тарихи
жағдайларымен ерекшеленеді.
Үшінші бөлім: VІ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі
тайпалардың наным-сенімдері, ислам
дінінің таралуы және тіл, жазу әдебиет саласы мен сәулет өнері және
сәндік қолданбалы өнерді оқып үйрену.
Төртінші бөлім:ХІV–ХVІІ
ғасырлардағы қазақ халқының рухани және
материалдық мәдениетімен қатар әдеби және тарихи шығармалардың қалыптасуы.
Оқушыларға қойылатын
талаптар
1.
Тарихи
оқиғаларды, үдерістерді кезеңмен, басқа мәдениттер мен салыстыру, қазақ
мәдениетінің отандық тарихы, дүние жүзі мәдениетнің дамуындағы орнын анықтауы.
2.
Тарихи
шындықты, объективтікті басшылыққа ала отырып, өткен кезең мен қазіргі
замандағы қазақ мәдениетін талдау,
салыстыру, жинақтау, қорыту.
3.
Тарихи
оқиғалар мен құбылыстарға, тарихтағы жеке адамдардың қызметіне баға беру
(маңызы, тағылымдары, отандық тарихқа қосқан үлесі, адамгершілік өлшемдерге
сәйкестігін ашу).
4.
Білім
көздерімен, оқу әдебиеттерімен, тарихи құжаттармен, картамен, статистикалық
мәліметтермен, қоғамдық – саяси әдебиеттермен, мерзімді баспасөзбен жұмыс істей
білу. Сын көзбен қарау, талдау, әртүрлі дерек көздерінің материалдарын
салыстыру, жиынтық ақпарат дайындау, өз пікірін дәлелдеу.
а) Конспект, тезис, реферат, баяндама
жасауы.
б) Тарихи оқиғаларға берілген түрліше
көзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдеу, айтыс, пікірсайыстарға қатысуы.
в) Қазіргі қоғам дамуының – әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық және басқа мәселелерді талдауда, кәсіптік білім алуға,
ұлттық бірыңғай тестке дайындауға қазақ
мәдениеті білімін қолдана білуі.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.