География 6 сынып. Тақырыбы: Жануарлардың емдік қасиеті
1.Кіріспе.
Қай
заманда болсын, адам жануарлар мен құстар ағзаларын тағамдық жағынан емес,
онымен бірге шипалық, емдік жағынан да көңіл бөлген. Қазіргі уақытта «дәрі
ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала
басталуына байланысты, оның маңызы арта түспесе, кеміген жоқ.Қазақта
киелі жануарлар ұғымы көбіне діни ұғымдармен байланысты қалыптасқан.
Қасиетті
Құран кітабында да жануарлардың киелілігі мен емдік қасиеті жөнінде көп
айтылған. Оның ішінде, жануарларды мініп, олардың сүтін, жүнін, терісін
пайдалансын деп бергендігі жазылады. Одан басқа ара балының емге дәру екені
айтылады. Ал құмырсқа, өрмекші, дәуіт, тасбақа, қарлығаш, үкі, бүркіт, ұлар,
киік (ақбөкен), аққу, дегелек, тырна, арқар, құндыз, төрт түлік мал – киелі жануарлар
деп саналған. Өрмекші үңгір аузына демде тор құрып тастап, Мұхаммед (ғ.с.)
пайғамбарды жаудан құтқарса, дәуіт құс ұясындағы балапанды жыланнан құтқарды.
« Жануарлардың медицинада, халық емінде қолданылуы»
Ешкі сүтінің емдік ерекшелігін, һәм құрамы
ана сүтінің құрамымен бірдей екендігін қазақ баяғыда білетін. Өйткені, әдеби
және тарихи кітаптардың көбінде емшектегі күйінде анасынан жетім қалған
нәрестеге міндетті түрде ешкінің сүтін берілетіні жайында көп айтылады. Кейінгі
кезде оны ғалымдар арнайы зерттеп, енді көздерін жеткізіп «ешкінің сүті ем
екен!» деп отыр. Авиценна мен Гиппократтың еңбектерінде бұл тақырып арнайы сөз
болып, кеңінен жазылған. Дәрумендік қасиеті мен микроэлементтік құрамы жағынан
ешкінің алдына еш жануар түсе алмайды екен.
Өйткені бұл жануардың сүті емдік және аурудың алдын алу қасиетімен
ерекшеленеді. Тағамдық аллергия, туберкулез, анемия, диабет, ағзаның қорғаныс
қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді
шығаруға таптырмайтын ем.
Қазір дәрігерлер ешкі сүтінің асқазанға
аса салмақ түсірмейтіндігін, әсіресе, сәбилер мен қарттар үнемі тұтынса жалпы
ағзаға пайдалы екенін айтып та, жазып
жүр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп
шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі барлығы 500 түрден аса шөпті
пайдаланатыны анықталған. Емнің бәрі сол шөп басында жатса керек!
1
Осындай ерекшеліктерін ескере отырып, отандық
«Ақ бастау» компаниясы тұрғындарға бұл өнімді неғұрлым қолжетімді етіп шығаруды
алдына мақсат етіп қойып отыр дейді. Сөйтіп ешкінің қадірі артып ағаш басына
өрлеп тұр. Қымызымызды неміс, шүбәтімізді кәріс пайдаланып кетіп жатқанда, мына
шаруаның шалғайы қайырылып, көпке пайдасын тигізіп жатса игі.
Барымызды пайдалана білсек, басқалар
өзімізден алғанды бағасын асырып өзімізге қайта сатпас едіЕшкі сүті — жоғары
азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің
физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да
ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді
айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр
сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ.
Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында
бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын.
Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына
байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей,
ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту
жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр
сүтінен 13% кем, әйелдердің емшек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді
лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі
сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100
пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына
қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін
арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.
Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0
мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг),
А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин
қышқылы бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне
жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе
көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы – жүрек-қантамыр
жүйесіне оңтайлы әсер етеді.
Бірақ
ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің
түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез-құлық
сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі
темір сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінің сіңу
дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге,
дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары
асқазанда тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.