Ағылшын тілі 5 сынып. Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша рефлексивті есеп
Қандай ортада болмасын өзінің
айтар ойы, өмірге деген көз қарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана
ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті
тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты қарастыру қажет (Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 2012ж, 12 бет). Оқыту - бұл жекелеген құбылыс немесе дағды
емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық
тетіктердің біртұтас кешені (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 32 бет). Менің
ойымша оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу, өмір бойы өзін-өзі
оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау, оқушыларды жүйелі
ойлануға үйрету, т.с.с. бұл «шебер мұғалімнің» бейнесі. Жаңа тәсілдерді
күнделікті сабақ барысында пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған
оқушылардың жас ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, педагогтың
мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Сондықтан мұғалім оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын
дамытуда топтық және жұптық жұмыстардың маңыздылығын есінен шығармауы тиіс деп
ойлаймын. Сол себепте мен Бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»
модуліне, соның ішінде топтық жұмыстарға аса назар аудардым. Тәжірибе кезінде
осы модульмен жұмыс жасауды жоспарладым.
Мен
іс-әрекетті зерттеу жұмысымды Атырау қаласы, Әліби Жангелдин атындағы орта
мектепке жүргізген болатынмын (Мектептің атын және мұғалім есімін көрсетуге
ауызша рұхсатым бар). Алғашқы күні мектеп әкімшілігі және пән мұғалімімен
сұхбаттаса отырып, ағылшын тілі сабағында қиындықтар мен кедергілерді анықтауға
тырыстым. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кубашева Индира Сагидоллақызының 5-сыныпта
өткен бақылауға алған бірінші сабағыма қатыса отырып, сынып оқушыларының тапсырма
орындау барысында шет тілдік кедергі бар екендігіне байқадым. Себебі «He is
Russian» тақырыбындағы бірінші сабақта оқушылар әңгіме құрастыруда және
сұрақтарға жауап беруде мазасызданды.
Мүмкін оған оқушылардың бастауыш сыныптан келгендігі немесе сынып
жетекшісінің, пән мұғалімдері мен ағылшын тілі пәнінің бағдарламасының
өзгергені де әсер етіп жатқан шығар? Осы сынды түрлі сұрақтар мені қатты
толғандырды. Сондықтан мен Индирамен және 1-оқушы, 2-оқушы-мен жеке-жеке
сөйлесіп, проблеманы анықтауға тырыстым. Әңгіме барысында Оқушы1 «қате пікір
айтамын немесе ағылшынша сөйлемді грамматикалық жағынан қате құрамын» деген, ал
Оқушы2 «Кейбір сөздерді білмей қаламын да, басқа оқушыларға мазақ боламын»
деген сенімсіздіктің, ағылшын тілінде
сөйлеуде қорқыныш сезімнің бар екендігін білдім. Бұл мәселені қалай шешуге
болады деген сұраққа жауап іздей келе «Оқушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасауы үшін топтық
жұмыстар арқылы тілдік кедергілерді жою» атты тақырыпта зерттеу жұмысымды
бастауға бел будым.
Бұл
тақырыптың өзектілігі – барлық деңгейдегі оқушылардың өзара қарым-қатынасқа,
диалогқа түсуінің арқасында оқушылардың
бойынан байқалған ағылшын тіліндегі кедергілерді жою арқылы өзіне сенімді, ағылшын
тілінде еркін қарым-қатынас жасай алатын, проблеманы анықтап, оны шеше білетін,
басқаның пікірімен санаса отырып, өз пікірін еркін жеткізуге машықтанған,
өзгені және өзін-өзі бағалай отырып, табысты білім алуға ынталы, сыни ойлай
алатын тұлға қалыптастыру.
Выготскийдің білім берудегі сөздің, сөйлеудің
негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971)
сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер
ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес,
вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу
барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008)
зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, білім беру
барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда
келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын
білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялардың
болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне
көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында
олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 39 бет).
Жоғарыда
айтылған ойдың барлығы менің зерттеу тақырыбымды таңдауыма жетеледі. Себебі,
менің мақсатым - топтық жұмыстарда бірлескен сұхбат, бірлескен оқу арқылы
оқушылардың ағылшын тіліне деген тілдік кедергілерін жою болатын.
Зерттеу тақырыбымнан келіп зерттеу сұрағым анықталды. «Ағылшын
тілі сабағында 5-сынып оқушыларының тілдік кедергілерін топтық жұмыстар арқылы
қалай жоюға болады?» Бұл сұрақты алу себебім, тіл- тәжірибені ұжымдық
қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де,
оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау
деңгейін білдіретін қызметтік диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.
Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу-оқушының қызмет белсенділігін
қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал (Мұғалімге арналған
нұсқаулық, 2012ж, 29 бет). Осы сұрақ төңірегінде төрт апталық зерттеу жұмысымды
бастап кеттім. Мұғалім әрқашан оқушы қажеттілігін қамтамасыз етіп отыруы керек
деп ойлаймын. Бұл жерде оқушының күніне кем дегенде тақырыпқа байланысты жаңа
сөздерді үйрене отырып, сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрастырумен қатар
үйренген, танысқан жаңа сөздерін сөйлемде кіріктіру маңызды болып табылды. Мен
ең болмағанда өз ойын бір-екі ауыз
сөзбен ағылшын тілінде тілдік кедергісіз жеткізе алған оқушының көзіндегі
қуанышты көргім келді.
Ынтымақтастық
оқу – өзара іс-әрекет жасау
философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің
құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес,
жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен
кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі
құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін
топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық
оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге
негізделген. Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл
проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін
бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу
оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар
бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында
әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу
дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің
оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты
ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске
шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады (Үлестірме
материалдары, 2014ж. 1 апта,1 күн, 1 сабақ). Ал топтық жұмыс диалогтық қарым-қатынасқа
алып келеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.