Мастер-класс
Мастер – класс
«Тарих сабақтарында логикалық
тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамыту»
«Мастер - класс» мақсаты: тарих сабақтарында қолданылатын әр түрлі логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін
дамытатын тапсырмалар көрсету.
Учение,
лишенное всякого интереса и взятое только силой принуждения, убивает в ученике
охоту к овладению знаниями. Приохотить ребенка к учению гораздо более
достойная задача, чем приневолить
К.Д.Ушинский
Мастер класс барысы:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер !
Баршаңызды келген Жаңа жылмен құттықтай отырып, денсаулық, отбасыларыңызға амандық,
шығармашылық табыстар тілей отырып, кезекті аудандық пән бірлестігінің
отырысына қош келіпсіздер деймін !
Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған мастер
класстың тақырыбы: «Тарих сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту».
Бүгінгі таңда оқушылардың кез келген пәнге деген танымдық қабілеттерін
арттыру күрделі де ауқымды сұрақтардың бірі.
Осы отырған әрбіреуіңіздің соның ішінде мені де толғандыратын
сұрақтардың бірі:
«Оқушының сабақ үстінде қандай болғанын қалаймыз... ?»
«Мектеп бітіруші түлектердің бойында қандай қасиеттердің
болғанын қалаймыз ... ?»
(әрине біз
сабағымыздың үстінде зейінді тәртіпті оқушыны ұнатамыз да, бірақ
оның өмірде жеке пікірі қалыптасқан,
бәсекеге қабілетті тұлға болғанын қалаймыз.)
Бүгінгі қоғам мектептерден берік білімі мен қабілеті бар ойлай алатын,
инициативті, шығармашылдарды күтеді. Ал мектептер болса осы тапсырысты орындаудың әр түрлі жолдарын іздеуде. Дәстүрлі оқыту
жүйесінде мұғалім оқушыны мәліметті алушы объектісі ретінде қабылдайды. Оқыту процесін осылай жасау арқылы мұғалім оқушының танымдық белсенділігін
төмендетіп, оның интеллектуалды және моралдық
дамуын тежейді.
Сухомлинскийдің өзі айтқан: парта бойындағы
6 сағаттық, одан кейін айлар мен
жылдарға созылатын әрекетсіздік өте
үлкен қауіп.
Бүгінгі күні өзімнің жеке тәжірибем мен сыртқы байқаулардан байқағаным оқушылардың оқуға деген танымдық қызығушылықтары төмендеуде. Себебі бүгінгі
күні қызығушылық тудыратын дүниелер өте
көп. Сондықтан сұрақтар туындайды:
Бұдан қалай құтылуға болады ?
Сабақ үстіндегі зерігуден
айығудың жолдары қандай ?
Оқуды қалай қызықты етуге болады ?
Оқушының бойында
өз өзімен жұмыс жасап, шығармашылыққа ұмтылуына қалай итермелейміз ?
Бұл жерде ең алдымен танымдық
қызығушылықты құрайтын проблемаларға
тоқталсақ.
Психологтер мен педагогтер оқушыны
оқуға итермелейтін үш үәжді (мотивацияны) бөліп көрсетеді.
1.
Пәнге
деген қызығушылық (мен тарихты қандайда бір мақсатты көздеп оқымаймын, маған
жалпы оны оқып, тану процесі рахат сыйлайды ). Увлечение.
2.
Саналы.
(мен бұл пәннің болашақтағы қажеттілігін түсінемін, сондықтан өзімнің бар ынта
жігерімді салып оқимын)
3.
Мәжбүрлеу
(мен оқимын, себебі мені ата аналарым мәжбүрлейді)
Қызығушылықтың болмауы оқу сапасын төмендетеді, алынған білімдердің, дағдылардың тез ұмытылуына немесе толықтай жоғалуына септігін тигізеді. Яғни
бұл жерде жасалатын қорытынды, біз мұғалімдер,
оқушы бойында бастапқы екі мотивтің туындауына барынша ұмтылу.
Жұмыс барысында мұғалім жалпы
сыныпқа емес, оның ішінде отырған әрбір оқушының жеке тұлғасына назар аударуы қажет.
Осы жерде сіздермен мынадай тапсырма
орындайық, осы арқылы топқа бөліну.
«Алма» ойыны
Мына себеттің ішінде алма қиындылары, қазір әрбіреуіңіз қиынды алмадан таңдап, таңдау нәтижелерінің
ұқсастығына қарай топқа бөлініп отырасыздар да, өз топтарыңыздағы жиналған
алмамен не істейтіндеріңізді шешесіздер
!
(өз ойлары мен шешімдері айтады, мен қорытындылаймын: Міне құрметті
әріптестер барлығыңыз көріп отырсыздар, оқушыларда жаңағы себетке салынған
алмалар сияқты, әрбір алма өзінің түріне
қарамастан шешімін тапты. Мен ойлаймын осы жерде мұғалім емес адамдар отырса мүмкін олар басқа
ойлар айтар еді, мысалы лақтырып жібереміз тағы басқа дегендей, ал біз мүлдем
басқа ой айттық, мен оған өте қуаныштымын, керемет!!!( шапалақтау)
Әр бір адамның танымдық стилі
әркелкі. Сол сияқты оқушыларда да
мидың ұйымдастыру қызметтері бойынша бір бірінен ерекшеленеді.
Мидың оң жарты шары, дененің сол жақ бөлігіне жауап береді екен. Ал сол жарты шар дененің оң жақ бөлігіне
жауап береді. Атақты американдық педагог
айтқан екен, сол жарты шарты дамыту арқылы сіз сол жарты шарды ғана дамыта
аласыз, ал оң жарты шарды дамыту
арқылы мидың барлық бөлігі дамиды. Мектептегі
оқыту әдістемелерінің көбі мидың
сол жартышарын ғана дамытып, жаттықтыру
арқылы, оқушылардың мүмкіндіктерінің жартысын пайдалануына шек қояды екен. Ал оң жартышар көбіне
шығармашылық және интуитивті
қасиеттердің дамуына ықпал етеді. Яғни адамның шығармашыл интуитивті
болуына оның миының оң жарты шарының жұмысына байланысты деген сөз.
Қазір сіздермен тағы мынайдай бір ойын ойнап көрейік. (тест десе де болады).
Әрбір топқа сөздер
жазылған кеспе қағаздар таратылады.
Сіздердің мақсаттарыңыз
оларды үш карточкадан үш топқа
топтастыру. (екі минут уақыт, әр топ өз нәтижесін ортаға салады.)
«Карась» «Орел»
«Овца» «Перья» «Чешуя»
«Шерсть» «Летать» «Плавать»
«Бегать»
Нәтижесі:
а)
карась-орел-овца
бегать-плавать-летать
шерсть-перья-чешуя
(Егер сөздер осы ретпен орналасса
сізде логикалық ойлау жақсы дамыған, сол
жарты шар қызметі басым, яғни ойлаушы
типі)
б)
карась-чешуя-плавать
орел-перья-летать
овца-шерсть-бегать
(егер сіздер осы ретпен орналастырсаңыз сіздерде бейнелік
ойлау жақсы дамыған, оң жарт ышар қызметі басым, яғни шығармашыл тип..)
в) ал егер екі вариант кездессе
сіздерде ми толықтай жұмыс жасайды деген
сөз.
Тақырыпқа қайта оралатын болсақ, оқушылардың
танымдық қабілеті. Мен өз сабақтарымда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттыру үшін логикалық тапсырмалар
орындауды жиі пайдаланамын. Әрине мен бүгін сіздерге жаңалық немесе керемет бір
ешкім жасамаған дүние әкелгенім жоқ, ол барлықтарыңыздың қолданыстарыңызда бар
дүниелер. Тек мен бүгін сіздермен сондай
тапсырмалар орындау арқылы, тәжірибеммен бөліссем деймін. Жаңа сіздермен сондай типтегі тапсырмаларды
орындадық та деуге болады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін шығармашылық ойлауы мен шығармашылық
тұрғыда жұмысын дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор.
Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу
мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш
негізгі бағытта іске асыралады:
кызығуын арттыру
(біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі);
ойлау және
қабылдау қабілетін дамыту;
шығармашылық
ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
бірнеше кезеңнен тұрады:
- Машық. Сергіту.
- Оқушылардың шығармашылық
қабілетінің негізі болған психикалық механизмдерін дамыту
- Іздену тапсырмаларын орындау.
Бірінші
кезең. Сергіту.
Сандық
диктант (жеке жұмыс)
Егер мен айтып
тұрған ойларды дұрыс деп есептесеңіз ,
өз парағына «1», егер дұрыс емес болса «0». Сандарды ретімен қойыңыз.
Мысалы:
Қазақстанда
тұратын ұлт өкілдерінің саны тоқсан мен
қырықтың қосындысына тең. (1)
Жетіні жетіге
қосып, оны жетіге бөлгенде бір шығады. (0)
Бірінші «Алтын
адам» солтүстіктегі Есік қорғанынан табылған. (0)
Таза қола
кендері Қазақстанның Орталық бөлігінен көптеп табылған (0)
Тауық жылы
өткен Еліміз үшін айтулы оқиға ЭКСПО –
2017 (1)
Жауабы: 10001
Екінші
кезең. Оқушының психикалық механизмдерін дамыту. Есте сақтауды машықтандыру
білімді ауыстыра алмайды, бірақ білім сапасын көтеруге негіз болады.
1.Көру
қабілетін дамыту
Мұғалімдердің алдына сөздер жазылған парақты таратып, олардан
параққа мұқият назар аударып үш мәрте ұқыптылықпен
оқып шығып, есте сақтауларын ескертіп, бір минуттан соң қайта жинап алып, оларға жазбаша мына сұрақтар бойынша тапсырма
орындауларын сұраймын.
Сақ. Көшпенді. Қола.
Геродот. Шырақ. Рабад.
1)Соңғы сөз неше әріптен тұрады?
2)Қанша сөз тек бір буыннан тұрады?
3)Қанша сөз «Қ» әрпімен аяқталады?
4)Кісі есімі нешеу?
5)Бұл сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Логикалық тапсырмалар.
Аңшы орманға келіп, бұтақта отырған торғайды
атыпты, бірақ қарға құлапты, бұл қалай болған ?
(қыс болған, торғай қарға құлаған)
Мэридің әкесінің бес
қызы бар, Бірінші Чача Екінші Чече
Үшінші Чичи Төртінші Чочо
Бесіншісі қалай тез
ойланып жауап бер ?
(Әрине Мэри)
Аш қарынға неше
жұмыртқа жеуге болады ?
(Әрине біреу,
себебі екіншісін жегенде асқазанда
бірінші жұмыртқа болады.)
Өте жақсы керемет әріптестер !!! (шапалақ)
Міне өздеріңіз куә
болғандай бір сарында, үлкен мәтіндерді
талқылаумен өткен сабақтарды әр түрлі логикалық тапсырмалармен
түрлендірудің пайдасы өте зор деп
ойлаймын. Бұл тапсырмалар оқушылардың
барлығын жұмысқа тартуға, әрбір оқушының
мүмкіндіктерін ашудың керемет жолы. Шынымен мысалы бізде сыныптар бар,
оқушылар үйге берілген мәтіндерді
оқудына немесе кесте толтырып, эссе жазу тапсырмаларын орындаудан бас тартатын.
Ал осындай тапсырмалар орындауда олар керемет
шеберлік танытады. Сондықтан
сабақтарды түрленідіру көптеген оқушылардың мүмкіндіктерін көрсете алуға
мүмкіндік береді. Ол кезеңінде мұғалімге
оқушыны басқа қырынан танып, басқаша баға беруге жағдай жасады.
Әрине құрметті
ұстаздар ! Білім жолы сара да күрделі жол. Ол мұғалімді әрқашан да ізденіс пен
шығармашылық үстінде болып, үнемі өзгеруді талап ететін мамандық. Ендеше сіздерге қызығы мен шыжығы мол осындай
істе табыс, шыдамдылық, төзімділік тілеймін !!! Оның өз нәтиіжесі
бір күні алдымыздан шығады !!!
Назарларыңызға рахмет
!!!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.