История Казахстана. Тема урока: ХҮІІ - ХҮІІІ ғ Азия Африка елдері
Кубизм ойыны (сұрақ - жауап)оқушыларға кубик беріледі кубикті ортаға тастап
түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс.
1.(жасыл түс
жағы)Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
2.(қызыл түс жағы)Абылайдың
ішкі саясаты.
3.(көк түс жағы)
Абылайдың Ресеймен қарым – қатынасы.
4.(сары түс жағы)
Қазақ – жоңғар қатынастыр
5.(қара түс жағы)Абылайдың
қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.
6.(қоңыр түс жағы)
Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
Сөздікпен жұмыс
Боғдыхан – қытай императорының моңғол тіліндегі атауы.
Стелла – ескерткіш құлпытас.
Шежіре – қазақтардың генеалогиялық кестесі,тарихи жылнама.
Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және
мемлекет қайраткері.Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ.Ол 1711
жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.Оның азан айтып қойылған аты Әбілмансұр
болатын.Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды.Ол шығыстың жеті тілін
білді.Домбыраны жақсы тартты.Оның өзі шығарған 20 дан астам күйі болды.Он бес
жасқа толғанда жоңғар шапқыншылығына белсене қатысты.Сөзге шебер әрі тапқыр
еді.Қазақтардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және шежіресін өте жақсы
білетіндігімен ерекшеленетін.Ол жоңғар қалмақтарының батыры Шарышты жекпе – жек
ұрыс үстінде өлтіреді.Оған алғашында Арғын тайпасының Атығай атты ірі руына
басшылық ету сеніп тапсырылды.
Абылайдың ішкі саясаты1771 жылы Түркістанда бүкіл үш жүздің ханы
болып сайланды.Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге
тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды.Ресеймен өзара қарым – қатынасына тату –
тәттікөршілік саясатын ұстануға тырысты.1778 жылы патша үкіметі Абылайды бір
ғана Орта жүздің ханы деп таныды.Оған жылына 300 сом жалақы және 200 пұт ұн
беріп тұруға уәде берді.
Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.1756 ж Қытай үкіметімен
дипломатиялық қатынас орнатты.Бұл шара Ресейдің Қазақстан аумағындағы
отаршылдық әрекеттерінің тоқтауына
әкелді.Абылай сыртқы саясатты данышпандықпен көрегендікпен жүргізді.1757
ж жазда Тарбағатай тауының солт сілемдерінде Қытай әскерлерімен Абылайдың жау
жүрек қосындары арасында ең соңғы ірі шақас болды.Жеңіс қазақтар жағында
болсада ,алып империямен соғысу өте тиімсіз еді.Қыталар іле өзенінің аңғары мен Тарбағатай аймағында әскери бекіністер сала
бастады.Ондағы мақсаты – босып қалған Жоңғар жеріне қазақтардың қайта оралуына
жол бермеу еді.1761 ж Қытай боғдыханы қазақтадың Аягөз өзенінің оңт жағына
көшіп – қонып жүруіне тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.Қазақтардың Қытай
мем қол астына өтуін талап етті.Сөйтіп ХҮІІІ ғ аяқ кезінде Орта жүз бен Ұлы жүз
қазақтарының бір бөлігі Қытайдың қол астына өтіп,Синьцзяньдағы шөбі шүйгін
жайлымдарға жайғасты.
Абылайдың қазақ тарихында алатын орны.Абылай хан 1781 ж
Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салып,Қожа Ахмет Йасауи
кесенесінде жерленді.Абыладың артынан 30 ұлы мен 40 қызы қалды.Абылай қайтыс
болғанан кейін хан тағына үлкен ұлы Уәли отырды.Бірақ ол өз әкесінің ісін
жалғастыра алмады,себебі Шыңғыс тұқымының арасындағы алауыздықтар салдарынан
шиеленіс айтыс – тартыс басталды.Сонымен 1795 жылы қаңтарда 2 сұлтан ,19
старшын және 120 мыңнан астам қазақ ІІ
Екатерина атына өтініш жолдап ,өздерін
орыс империясының қол астына алуын сұрады.Абылай хан қазақ тарихында ерекше
маңызды орын алды.Абылай күш жігерін ең алдымен Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін
құруға жұмсады.
Сергіту сәті «көшпенділер кинофильмдерінен үзінді»Абылай
ханның өмір жолына арналған көркем фильм.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.