Тарих 7 сынып. Тақырыбы : «Асқақ еді айбыны Абылайдың»
МАЛШЫ САБАЛАҚ
Абылай хан - казақ халқынын ұлы
ханы, дарынды колбасшысы және шебер дипломаты. Ол 1711 жылы Оңтүстік Қазакстан
облысында, Ташкен маңында дүниеге келсе керек.
Абылайдың балалык шағы анық емес.
Бізге жеткен ауыз әдебиетіндегі жырларға қарағанда, оның туған тегі туралы біршама
дүдәмал, екіұшты жағдайлар бар. «Жаныс Қарабайдың қолында түнде туған үл едің»
дейді. Ол қазақ халқының басына түскен ең ауыр қасірет - «Актабан
шүбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында
жетім қалып, Төле бидін колында тәрбиеленеді. Ол кезде шамамен он үш жаста
болса керек. Шашы алынбаған, киімі
алба-жұлба, түрі жүдеу балаға Төле би Сабалақ деген ат қойыпты. Бұкар жырау мен
Тәтіқара ақыннын жырларында осы окиға баса айтылады.
«Атаңды білмес қүл едің...
Қай жеріңде төре едің?..
Бөз тоқьіған сарт едің...
Шешеңді және сұраса...
Қашып жүрген күнелткен күң
еді» - деп, Бұкар жырау Абылайдың ата-тегінің белгісіз екендігін білдіреді.
Бірақ калай болғанда да, Абылай
жастайынан алғыр, ақылды, іскер, батыр бала болып өскенін ешкім жокка шығара
алмайды. Өйткені, бізге жеткен аңыздарда Сабалак басқа малшылардай емес, әрбір
ісі мен сөзінде текті адамның кылығын көрсетеді. 20 жасында қалмактың атакты
батырынан каймықпай, жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткеніне карағанда,
жауынгерлік өнердің мектебін жетік меңгерген. Сосын, басқа емес, қазактың Төле
би сынды ұлы биінің колынан тәрбие көруі тегін болмаса керек. Ол хат таныған
сауатты, сөз таныған білімді, ел қорғаған батыр жігіт болып өскен. Бір
аңыздарға карағанда, жас Абылайды соғыс
өнеріне баулыған қазактың хас батырынын бірі - Қанжығалы Бөгенбай. Ол Сабалақты
Төле бидің үйіне келгенде кездестіріп:
- Көзің отты бала екенсің.
- деп астындағы атын беріп кетеді де, артынан жорыктарға қосады.
Ал ата-тегі туралы мәселеге
кайта оралсак, Сабалаққа Төле би Қаз дауысты Қазыбек би-мен келісіп алып
үйретсе де немесе расында солай болса да, аласапыран заманда жетім калып, атын
жасырып өскен төре тұқымы, яғни, Салкам Жәңгірдің бесінші ұрпағы. Өз әкесі -
Көркем Уәли, атасы - Қанішер Абылай, бабасы - Уәли бакы, бесінші атасы -атакты
Салкам Жәңгір хан.
Абылайдың азан шакырып
койған аты Әбілмансұр көрінеді. Сосын, Сабалак, артынан Абылай атанды.
СҰЛТАН АБЫЛАЙ_
Шарышты жеңіп атағы шыккан соң Абылайды Әбілмәмбет сұлтан Көкшетауға алып кетеді.
Абылай сұлтан атанып, ел билеу ісіне араласады. Сәмеке хан кайтыс болғаннан
кейін 1734 жылы Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып сайланады да, Абылай сұлтан
Әбілмәмбетке көмекші болады. Бір аңыздар бойынша, Сәмеке дүние саларының
алдында «хан билігін екеуің бірге жүргізіндер» деген өсиет айтыпты. Өйткені,
Абылай Әбілмәмбеттен батырлык жағынан ғана емес, шешендік пен көсемдік жағынан
да алда түрған. Сол себептен де Әбілмәмбет хан бірнеше рет билік тізгінін
Абылайға ұсынған. Абылай 1743 жылы калмакгың тұгкынынан кайтып келген соң Әбілмәмбет
хан Орта жүз билігін Абылайға тапсырып, өзі Түркістан шаһарына коныс аударған.
Абылайдың азаматтығы сол, Әбілмәмбет өлген соң ғана 1771 жылы оның орнына хан
сайланған.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.