Модульдік оқыту технологиясы
10.02.2015
12359
0
Жумабекова Бибигуль Толешовна
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында»деген сөзі мұғалімнің бүгінгі уақыт талабына сай жан – жақты білімін көтеруіне, шығармашылықпен ізденуіне түрткі болды.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктіліке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» десе, халық даналығы «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» деп бекер айтылмаса керек. Жас ұрпақ болашағының жарқын болуын шын тілегімен ұстаз – ол шығармашылыл, мамандығын сүйетін, өз пәнін жетік білетін адам.
Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыға игерту де оңай шаруа емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешндігі, шебер ой - өрнегі болуы керек. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, оқыс әрекеттер кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс – тәсілдері жеткілікті. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген Президент Жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады.
XX ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті, ой - өрісі кең, жан – дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген мәселеде істен шығүдың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі де тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық, азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.
Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруі мақсат етіп қою әр ұстаздың міндеті. Сан алуан әрекет арқылы ақыл – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамамыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қоцы отыр. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз. Соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жузеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бұрынғы оқытуда көптеген қателер жіберіледі. Келесі жолы сол қате қайтадан қайталана береді. Нәтиже жоқ. Неліктен? Әлі де не жетіспейді? Деген сұрақтарға оқытудың жаңа технологияларымен танысқаннан кейін жауап тапқан сияқтымыз.
Кеше:
- Даму бір бағытта жүргізіледі.
- Тапсырма жалпы беріледі.
- Іс ұжымдасып атқарылмайды.
- Өзара шынайы сұхбат жоқ, мәлімет ғана жүргізіледі.
- Басты мақсат адам тәрбиелеу емес, жоспарды оырндау ғана болатын
Бүгін:
- Білім бері, жан – жақты
- Тапсырмалар түрлері көп
- Қазіргі оқытуда топтап, саралап, деңгейлеп, дамыта оқытулар бар
- Қазір өзара шынайы баламен сұхбат жүргізсеңіз, мәлімет алмассаңыз, өз ойын ашық атта біледі.
- Қазіргі таңдағы мақсат «Мен» деген дара тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңда технологиялардың негізгі мақсаты – оқушыларды әрекет сүбьектісі ретінде қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімдісі М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. Бұл технлогияны таңдаудағы алдыма қойған мақсатым – оқушының жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беру. Осы технологиямен жұмыс істеген әрбір оқушы кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге, материалды топтай отырып, қорытындылау, түйіндей алуға, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата алуға қалыптастыратындығын байқадым.
Модульдік оқыту технологиясының басты маңыздылығы – оқыту үрдісінде оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша көзделген мақсатқа өз бетінше іздену нәтидесінде қол жеткізеді. Ол тқөмендегідей ережелердің сақталуын талап етеді.
- Мұғалім кеңес беруші, үйлестіруші
- Оқушымен мұғалім бірлесе оқытудың тиімді жолдарын таңдайды.
- Өзін - өзі басқару функциясына ауысады
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай тудыру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы формаларын даярлау.
Модульдік оқыту технологиясының міндеті –
- Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- Таным үрдістерін дамыту
- Танымдық қабілеттерін дамыту
- Сөздік қорын дамыту
- Өзара көмек және бірге бастан өткізу
- Оқу себептілігінің өзгеруі
Бұл технологияның ерекшелігі
- білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым – қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Екінші ерекшелігі – дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Осы тұрғыда аз уақыт болса да. өз жұмыстарымның игі нәтижелерін көрдім. Оқушының сабаққа деген ынтасы, танымдық белсенділіктерімен бірге пәнге деген қызығушылығы артты. Білім сапасы тоқсан сайын көтерілді.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
- Оқушыларды жүйелі, нақты сөйлесуге үйретеді.
- Өзін және өзгені бағалай білуге үйретеді
- Оқушының ізденушілік қабілеттерін арттыра түседі.
- Оқушының жауапкершілігі мен қызығушылығы артады.
- Оқушының белсенділігі байқалады
- Мұғалім уақытты үнемдейді
- Оқушының тұлға ретінде топта белсенділігі артады
- Оқушы өз бетінше ой қорытып, жауап табыға үйренеді
- Берілген білім оқушы санасында беріе қалыптасуға жағдай жасайды.
Модульдік оқыту технологиясының негізгі құрылымы:
КІРІСПЕ
(модульге, тақырыпқа енгізу)
СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ
(бақылау)
Әрбір оқу модулінде сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа , тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты . Неғұрлым тиімдісі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алдында айтып өткеніміздей оқу модулінің ерекшілігі- жалпы сағат санына қарамастан , кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағат беріледі. Қалған уақыт 3-10 сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Оқу мазмұнына «осу» бағытымен –қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен «білімді бағалау» деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға (4-7) оқушы арқылы өзара әрекет негізінде , осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады. Бұл бөлімде оқу материалы 10-нан 20 ретке дейін қайта оралып, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу материалына меңгеру 7 рет қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асырылады.
Оқу модулін құрудағы тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң ,оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай –ақ осы модуль сабақтаныр ұйымдастырудың формасын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады. Ол үшін мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет құрады.
1-қажам:Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуге тиіс көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-талдау, зеттеу.
3-қадам:Модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен бағыныштылығын табу.
4-қадам:Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру.
5-қадам:Оқу моделінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру.
7-қадам:Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу матеиалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға бірінші және орташа күрделірек дәрежедегі тапсырмалар мен оқытудың ізденушілік элементтері бар аса күрделі тапсырмалар әзірленеді.
Бағдарламаның тақырыбы :
Алғы сөз
Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді . тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын , пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе . Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсу – қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы , өзекті ісі болып отыр .
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығын , шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімдерінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі . Мұғалімдер бұрынғы қол жеткізген табыстарды негізге ала отырып , бір-бірімен оқыту әдіс-тәсілдерін үйреніп , жетілдіре беру , ұстаздық тәжірибені жетілдіре түседі .
Қандай да бір сабақ түрінің мақсатына жетуі , тілдік тақырыптың мән –мазмұнының жан-жақты ашылуы сабақ түрлерінің ұтымды әрі қызықты ұйымдастырылуына байланысты . Білім берудің негізгі сатысында тілін оқытудың мақсаты –тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңінен сан-салалы қоғамдық-әлеуметтік мәннін түсінген , қазақ тілінің қызметін меңгерген , коммуника-тивтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді деп ойлаймын. Соңғы жылдары М.М Жанпейісованың «Модульдік технологиясын» қолданып оқытудың дайындық сапасын жақсартып, оқушы білімін бағалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етудемін. Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы жыл бойына барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істеуіне мәжбүр болады. Оқушылардың білім сапасы төмен болған жоқ. Ұсынылып отырған 7-сынып қазақ тілі пәнін осы аталған технология бойын-ша жоспарланып өткізілген сабақ құрылымдары
Технологияның мақсаты :
• Өз бетінше білім ала білу
• Өзін өзі басқара алуы
• өз қызметін ұйымдастыра білуі
• өз көзқарасын қалыптастыруа білуі
• өзіне -өзі сенімді болуға қалыптасу
• оқушы өзінің білім деңгейін жақсы сезіне
• білуін қалыптастыру
• Өзара көмек пен бір –біріне жәрдем беруге дайын дағдысын қалыптастыру
• Белсенді сөздік қорын , ауызша және жазбаша
• тілін дамытуға мүмкіндік жасауы
• Өзіне -өзі баға бере білуге дағдылану
Технологияның міндеттері :
• Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,кешенді жұмыс жүргізу
• Өзара белсенді формаларды қолдану
• Жеке тәртіппен жұмыс жасау
• Технологияда ізденушілік, зерттеушілік оқыту элементтерін пайдалану
• Тапсырмаларды саралап беру
• Оқушының нәтижеге қол жеткізуіне бағытталуы
Технологияны қолданғаннан кейінгі нәтиже
• Білім дәрежесінің өсуі
• Танымдық қызметтен қанағаттанып, қуаныш сезіміне бөлену
• Өз деңгейінде екіліксіз жұмыс жасау мүмкіншілігі
• Білімге деген қызығушылығының артуы
• Оқушылардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге көтеріле бастауы
Технологияны қолдану
Күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне «Модульдік оқыту технологиясы» өте тиімді .
Оқыту технологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі – білімді меңгерту емес, оқушының өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығы , жадының алуан түрлері ( есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға , өзін -өзі өзектендіруге , шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға , сөздік қорын молайтуға (ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады .
Бұл технологияның маңызды шарты оқушылардың кез келген ғылыми көздерді , оқу құралдарын пайдалануға болатындығы және мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы . Бұл технологияда басты назар оқушыларды дамытуға арналған. Модульдің кіріспе бөлімінде мұғалім білімі мен біліктілігінің арқасында оқушыға неғұрлым қысқа , бірақ анық ақпараттар ағымын беруі тиіс. Сөйлесу бөлімінде мұғалім шеберлігінің арқасында оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыттайды . Бұл технологиямен жұмыс істегенде мұғалімнің рөлі де, оқушы рөлі де өзгереді.Бұл технологияны пайдаланғанда алатын нәтиже –оқушының сөйлеу тілі , ойлау қабілеті , өзіне деген сенімі артып , білім сапасының көтерілуін қамтамасыз етеді. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі –дарынды балалармен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде. Модульдік оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді жұмыс формаларын (топтық, топтық –жеке және жұппен жүргізілетін жұмыстар, диспуттар, пікірталастар ) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сабақтарда оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
Мұғалімнің алдын –ала жүргізетін жұмысы
• Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды , сондай –ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
• Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып –зерттеу
• Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды , тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін сөздерді табу
• Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру
• Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру
• Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру
• Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.
Қазақ тілі 7 –сынып
Сағат саны Сабақтың тақырыбы Уақыты
1- сабақ
2- сабақ
3- сабақ
Кіріспе сабақ
Әдеби тілдің лексикалық нормасы
Мәтін 45 мин
45 мин
45 мин
1 – сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Модульдің құрамын айту
3. Сабақтың мақсатын , барысын айту .
4. Грамматикалық тақырып .
Білімділік мақсаты : Қазақ тілі –қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл екенін ұғындыру . Қазақ тілі өте бай , көркем тілдердің бірі екенін түсіндіру .
Дамытушылық мақсаты : қосымша деректер және құжаттармен танысу арқылы оқушылардың ой -өрісін дамыту .
Тәрбиелік мақсаты :ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Тақтада тірек сызба ілулі тұр. Мұғалім осы сызба арқылы тақырыпты түсіндіреді . Содан соң оқушылар оны дәптерлеріне көшіріп жазады . Оқушылар оқулықтағы мәтінді қарап шығады , мағынасын ұғынады.
Тапсырмалар
1. Қазақ тілінің әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер ?
2. Қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен қолданылу аясы туралы айтыңдар ?
3. Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халықтар тұрады ?
Жаттығулар керуені
1- жаттығу .
а) Өлеңді мәнерлеп оқу ( мұғалім –оқушы)
ә) Өлеңнің тақырыбын ашу
2- жаттығу .
а) ауызша ана тілінің қадір –қасиеті жайлы әңгімелеу
ә) жазбаша ана тілінің қадір –қасиетін топтастыру
3- жаттығу .
а) мәтінді мәнерлеп оқу
ә) мәтінге тақырып қою
б) Мәтін мазмұнына сай мақал –мәтел айту
Үй тапсырмасы : Мәтінді оқу , Сызба бойынша әңгімелеп келу .
2 – сабақ
Тақырыбы : Әдеби тілдің лексикалық нормалары
Білімділік мақсаты : Әдеби тілдің лексикалық нормалары туралы түсінік беру . Әдеби тілдің лексикалық нормаларына жатпайтын сөздер туралы түсінік беру .
Дамытушылық мақсаты :Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып ,талдау қабілеттерін дамыту . Шығармашылық жұмыстарға
баулу, өз бетімен іздене білуге дағдыландыру .
Тәрбиелік мақсаты : оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, ұжымдық бағытта адамгершілікке , кішіпейілділікке тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру жұмысы
2.Сабақтың мақсатын, барысын айту
3.Үй тапсырмасын сұрау
4.Грамматикалық тақырып
Тірек сызба арқылы грамматикалық тақырып түсіндіріледі . Түсіндіріліп болған соң оқушылар оқулықты ашып , тірек сызбаға қарай отырып ережелерді оқып шығады . Дәптерлеріне жазып алады .
Тапсырмадар
1. Оқушылар топқа бөлінеді . Тапсырма жазылған үлестірме парақшалар үлестіріліп беріледі . Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғаны түсіндіріледі .
2. Тақтамен жұмыс . Мағынасын түсіндіріңдер
1- топқа 2- тоқа
жаны жақсы - жолын қу –
етегін баспа - бетін қақпа –
өмірдің арқауы - белін бу –
нанға тар - тірілерге санама –
Үй тапсырмасы : 6- жаттығу . Мәтінді оқып шығып «Арал теңізі неге тартылды?» ойтолғау жазу .
3- сабақ
Тақырыбы : Мәтін
Білімділік мақсаты : оқушыларға мәтін туралы түсінік беру .Жасалу ерекшелігі туралы ұғындыру .Мәтіннің негізгі бөлігін ажырата білуге
үйрету .
Дамытушылық мақсаты : оқушылардың көркем әдеби тілін ,танымдық көзқарасын ойлау, тыңдау қабілетін дамыту .
Тәрбиелік мақсаты : адамгершілік қасиеттерді бойға дарыту, табиғатты сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Тапсырмалар
1 . «Тәрбие мен амал» мәтіні бойынша жұмыс.
а) Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге талдау жасау.
ә) Мәтін неге бір ғана абзацтан жасалған .
2 . Мәтіндерге талдау жасау .
Үй тапсырмасы : 11 – жаттығу
№ 1 модуль 9 сағат
Бөлімі
Сағат саны Сабақтың тақырыбы Уақыты
кіріспе
1- сабақ
1.Орфография,орфоэпия
2.Дәптермен жұмыс 20 мин
25 мин
2- сабақ 1.морфология . Зат есім
2.жалғаулары
3.сөйлемдегі қызметі
4.Дәптермен жұмыс 10 мин
10 мин
10 мин
15 мин
Сөйлесу бөлімі
3-сабақ
«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны
45 мин
4-сабақ «Брейн –ринг» оқыта үйрету ойыны
45 мин
5-сабақ «Зат есімдер елінде» ойыны
45 мин
6-сабақ «Ғажайын алаң» ойыны
45 мин
7-сабақ
Бекіту (сайыс сабақ)
45 мин
Қорытынды
8-сабақ
Тест сұрақтары
45 мин
9-сабақ
Мазмұндама «Кішіпейілділік»
45 мин
Кіріспе бөлімі
1- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Модульдің құрамын айту
3. Сабақтың мақсатын , барысын айту.
4. Грамматикалық тақырып .
Тақтада тірек сызба ілулі тұрады . Мұғалім осы сызба арқылы тақырыпты түсіндіреді .
Орфография және орфоэпия
Сөздердің айтылу және жазылу нормасы
Орфография
Белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережелері-нің жиынтығы Орфоэпия
Жеке сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту ережелерінің жиынтығы
1 Фонетикалық принцип .Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады . Бұл принцип негізі-нен,сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі . Мысалы : адам+дар, ағаш+тар, қарт+қа
2 Морфологиялық принцип . Біріккен ,қос сөздер, күрделі сөздердің сөз тіркесінің арасында айтылуында олардың бір сыңарларының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырамауы мүмкін , бірақ жазылуда түбірлері сақталынып жазылады .
Мысалы: шегара –шекара, жер –гөк – жер-көк
3 Дәстүрлі принцип . Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де солай қалыптасқан күйінде жазылады . Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана , миуа .
Дәптермен, кітаппен жұмыс .
1.Тірек сызбаға қарай отырып, оқулықты ашып ережелерді қарап шығыңдар .
2. Тақтадағы тірек сызбаны дәптерлеріне сызады
3. Оқулық бойынша бекіту сұрақтарын дайындайды .
Үй тапсырмасы :Тірек сызбадағы ережені жаттап келу .
2- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Сабақтың мақсатын , барысын айту.
4. Грамматикалық тақырып .
Тақтада , оқушылардың алдында тірек сызба тұрады . Осы сызба арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі . Түсіндіріп болған соң , оқушылар оқулықтарын ашып, ережелерді түсініп оқып шығады .
Зат есім
Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағыналық топтары
Бір, екі ,үш құрамды болып келеді Негізгі
туынды Жалқы, жалпы деректі, дерек-сізНақты, нақты емес
Жалғаулары :көптік, септік, тәуелдік. жіктік
( жалғаулары жеке түсіндіріледі )
Дәптермен , кітаппен жұмыс
1 . Тірек сызбаға қарай отырып, оқулықты ашып ережелерді қарап шығады .
2. Тірек сызбаны дәптерге сызып алады .

1 . Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріңдер . Берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер .
Үй, киім, бала, Отан.
2 . Септіктерді еске түсіріңдер , жалғауларын қайталаңдар . Берілген сөздерді септеңдер .
Іні, әжесі, қала, сағат .
Үй тапсырмасы : зат есімнің ережесін оқып , жалғауларын жаттап алу .
Сөйлесу бөлімі
3- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
3. «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны
Құрал –жабдығы : 1)бағыттаушы парақтар
2)қатысушылардың нөмірі жазылған жетон
3)үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
4) бағалау парағы
«А» -үстеліне
а) Зат есімнің мағыналық ерекшелігі неде ?
ә) Зат есімнің жалғауларының ерекшелігі неде ?
б) Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер бола ма ?
«Б» -үстеліне
а) Зат есім нені білдіреді ?
ә) Тәуелдік жалғау қандай сөздерді байланыстырады ?
б) Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ?
Дайындыққа 10-12 минут уақыт беріледі . Уақыт біткен соң оқушылар орындарынан тұрып, бағыттау парағы бойынша жаңа орынға ауысып отырады . Өз парағына ең жақсы сөйлеуші нөмірін жазып алады . тур біткен соң мұғалім оқушылардың бағалау парақтарын жинап алып ортақ параққа жазады және ең жақсы ойыншыны анықтайды .
4- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі .
2.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
3. «Брейн –ринг» ойыны
Құрал –жабдығы : 1) Тапсырмаларға арнап төрт бөлікке бөлінген жаймалар
2)сандар жазылған тапсырмалар
3) фишкалар
4) жетондар
5) ортақ бағалау парағы
Ойынның жүргізілу барысы :
Сынып екі топқа бөлінеді . Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар беріледі . Әрбір топ жеке үстел басында отырады . Жүргізуші жайманы жаяды . Мысалы: «2» саны түсті делік , яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді . Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі . Ал егер жауап толық болмаса, онда кез келген оқушы толықтырып , жарты фишка ала алады . Үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты 10-12 минут . Ойын барысында әрбір оқушы фишка алып отырады . Солардың санына және түсіне қарай баға беріледі .
Тапсырма карточкалар 1- сектор
1. Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайтын сөздерді ата.
2. Төменде берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жаз .
қуанышым, әкеміз, орындығымыз, кітабың, дәптері, мектебің, туысқанымыз, көршісі, ауылдарың , добымыз, қарындаштарың, сыныбымыз.
3. Негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы неде ? 2 –сектор
1. Сөз таптары деген не ?
2. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жазбаша жікте
Дәрігер, азамат, инженер, оқушы .
3. Зат есімнің жіктелуінде қандай айырмашылық бар ? 3- сектор
1. Зат есім дегеніміз не ?
2. Берілген сөздерді жазбаша септеңдер
Отан, зейнетақы, бүркіт
3. Жалқы есім мен жалпы есімнің қандай ерекшеліктері бар ? 4- сектор
1.Зат есімнің қандай жалғаулары бар ?
2. Өлең жолдарындағы зат есімдер қандай мүшенің қызметін атқарып тұр және көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып жаз .
Ақ басты Алатаудың Жамбылы ... ,
Өлеңнің ұлы сүре даңғылы ... .
Көктемгі қызғалдақтай қызық думан,
Қайта туып жасарған балғыны ... .
3. Жуан , жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септіктікі ?
Үй тапсырмасы : 32 беттегі сұрақ –тапсырмаларға дайындалып келу .
5- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын , барысын айту
3. «Зат есімдер елінде» ойыны
Білімділік мақсаты : зат есімнен алған білімдерін пысықтау, зат есімнің құрамын мағыналық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету .
Дамытушылық мақсаты :Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік мақсаты :Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіш тікке , бауырмалдыққа ,туған жерін сүюге баулу.
Ойынның шарты .
Тақтаға «Зат есімдер елінде» атты суретті плакат іліп қоямын . Екі топқа бөлінген сынып оқушылары шаһарға дейін сегіз баспалдақтағы сегіз тапсырманы орындап жетеді .
1-тапсырма. Ережені білеміз бе ?
1.Зат есім дегеніміз не ? Қандай сұрақтарға жауап береді ?
2.Зат есім қалай жасалады ?
3.Зат есімнің жалғауларын ата және ерекшелігін анықта
2- тапсырма .Зат есім қатысқан жұмбақ .
Екі топ оқушылары зат есім қатысқан жұмбақ жасырып , талдап шығады Мысалы : Қаға берер таңдайды ,
Әдетінен танбайды . (сағат )
Сағат – дара, негізгі, жалпы, деректі зат есім .
3- тапсырма . Жұрнақ жалғанған зат есімдер .
58 – жаттығу ( тақтада орындау) Екі топ оқушыларынан екі оқушы шығады .
1 –топ : Есім түбірден жасалған зат есімдер.(төбе-шік,тал-шық)
2- топ: Етістік түбірден жасалынған зат есімдер .(қондыр-ма, қапта-ма)
4- тапсырма . Мақалдың екінші сыңарын табу.
1.Ата көрген ... жонар , 2. Жігітті ... өлтіреді,
Ана көрген ... пішер. Қоянды ... өлтіреді.
3. Ата балаға ... . 4. Опасызда ... жоқ .
5. ... – тозбайтын тон, 6. ... азбайды ,
... – таусылмайтын кен . ... тозбайды .
5- тапсырма . «Сөзтізбе»
Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін (зат есім ) жасау . Мысалы:
Көйлек-кеме-ерін-наурыз- зейнеткер – ракета – алмұрт т.с.с
6-тапсырма . Жұмбақтан-жұмбақ .
Көп нүктенің орнына сөздерді қойып, оның қай жалғауда тұрғанын , қай сөз табы екенін айтыңдар.
1. ... жатса да, ... жатпайды . (ел, елекем)
2. Қуып едім, - ... бұрмады (мойын)
Ұстайын деп едім ,- ... тұрмады . (қолыма)
3. ... бар,- ... жоқ (мұрты, сақалы)
... бар,- ... жоқ . ( тоны, шапаны)
4. Аласа ғана ... бар, (бойы)
Айналдырып киген ... бар (тоны) т.с.с
7- тапсырма. Зат есім бе , етістік пе ?
Төмендегі сөздер қай сөз табы ? Бұларды сөйлем ішінде келтіріп , қандай мағына беретінін ажыратыңдар .
Қала, мақта, кеспе, ою, асу, айтыс, жарыс , табыс, көсеу.
8- тапсырма. «Зат есім» сөзжұмбағы.
Плакатқа сызылған сөзжұмбақты оқушылар бірлесе отырып шешеді .
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау, марапаттау.
Үй тапсырмасы : келесі сабақтың жоспарына көңіл аударту, ережелерді қайталау, 52-жаттығу.
6- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын , барысын айту.
3. « Ғажайып алаң» ойыны .
Білімділік мақсаты : Зат есім тарауы бойынша алған білім деңгейін сараптау, тілдің тереңіне үңілу ,құдіретін ашу.
Дамытушылық мақсаты :Оқушылардың танымын кеңейту, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төсілдіруғ ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты : Өздерінің алдарына қойған мақсатына еңбек ету арқылы жететінін ұғындыру. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
«Ғажайып алаң « ойыны
Жасырынатын сөздер .
1-турға . «Толағай» әдеби ертегісіндегі таудың аты, 10әріп
(Тарбағатай)
2-турға . «Жаңа достар» әңгімесіндегі бас кейіпкер баланың аты ,
10 әріп (Қайыргелді)
3-турға. Абайдың «Қыс» өлеңіндегі кедей ауылдарының аты,
8 әріп . (Қондыбай)
Көрермендермен ойын жұмбақ
Республикамыздағы бір өзеннің аты бауыр сөзінің синонимі мен бастағы бір мүшенің атынан құралған . Ол қай өзен ? (Ертіс )
Қорытынды турға . «Бір адамға» өлеңінің авторы , 10 әріп
(Торайғыров)
Сабақты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау, бағалау.
Үй тапсырмасы : 56- жаттығу . 18- 31 беттегі ережелер
7- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын , барысын айту.
3. Бекіту, қайталау сабағы
Білімділік мақсаты : Зат есім тарауы бойынша алған білім деңгейін сараптау, тілдің тереңіне үңілу, құдіретін ашу.
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың танымын кеңейту, алған білімдерін одан әрі жетілдіру, ойын түрін пайдалана отырып, тапқырлыққа, іздемпаздыққа дағдыландыру.
Тәрбиелкі мақсаты : Сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы адамгершілікке имандылыққа , кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сынып екі топқа бөлініп отырады . Екі топ басшылары оқушылардың сабаққа қатысуын, жылдамдығын , білімдерінің тереңдігін ескеріп бағалау қағазына түсіріп отырады .
1. «Біліміңді бағалап көр»
а) негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы
ә)көмекші сөздер сөйлемде не себепті сөйлем мүшесі бола алмайды ?
б) сөз таптары деген не ? Қандай сөз таптары бар ?
в) Жалқы есім мен жалпы есімнің айырмашылығы неде ?
г) Жалқы есімдер қалай жазылады ?
ғ) жалқы есімдерге мысал келтір .
2. Шығармашылық жұмыс . «Мені әңгімеле»
Суретке өз беттерімен тақырып қойып , зат есімдерді қатыстырып, 5 минут ішінде қысқаша әңгіме құрайды .
3 . « Сен қалай ойлайсың ? »
Оқушылар берілген топшамаларды мақал- мәтелдерден , сөйлемдерден , нақыл сөздерден зат есімді тауып, мағынасын ашып, талдау жасайды .
Мысалы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас .
Жер, ел – дара, негізгі, сұрағы не? Жалпы есім, синтаксистік қызметі бастауыш Сабақты бекіту. Үлестірмедегі парақшалардағы сұрақтарға әр оқушы жауап береді
Үй тапсырмасы :Тест сұрақтарына дайындалып келу.
Қорытынды бөлімі
8- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын , барысын айту.
3. Тест жұмысы . Оқушыларға кесте –тест екі-үш нұсқада үлестіріліп беріледі .
9- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын , барысын айту
3.Мазмұндама
Білімділік мақсаты :оқушыларды ауызекі сөйлеуге , әрі жазуға мәдениеттіне машықтандыру . Қазақтың әдеби тілін мазмұндама барысында меңгерту
Дамытушылық мақсаты : есте сақтау қабілеттерін дамыту. Мәтіннің негізгі ойын ашуға, қандай бөлімдерге бөліп ажыратуға дағдыландыру.
Мазмұндама тақырыбы : «Кішіпейілділік»
1.Мәтін бойынша жұмыс .
а) мәнерлеп оқу
ә)мәтін тақырыбын ашу
б)Кішіпейілділік сөзіне түсінік беру
2.Мәтінге жоспар құру
а)қонақты қарсы алу салты
ә)Мәлік ағаның толқуы
б)Мұқаң бойынан көрген әдептілік
3.Мәтін талданып, мазмұндама жазылады .
4.Үй тапсырмасы: Келесі модуль тақырыбымен танысу .
№ 2 модуль 9 сағат
Бөлімі Сағат саны Сабақтың тақырыбы Уақыты
кіріспе
1- сабақ
1.Сын есім, түрленуі
2.сын есім шырайлары
3.Сын есім емлесі
4.Сөйлемдегі қызметі
5.Дәптермен жұмыс 10 мин
10мин
5мин
5 мин
15 мин
2- сабақ 1.Сан есім ,түрленуі
2.Мағыналық түрлері
3.Сөйлемдегі қызметі
4.Дәптермен жұмыс 10мин
15мин
5мин
15мин
Сөйлесу бөлімі
3-сабақ
«Сиқырлы сандықша» ойыны
45 мин
4-сабақ
«Қатені тап» ойыны
45 мин
5-сабақ
«Жаттығулар керуені» ойыны
45 мин
6-сабақ
«Даналық ағашы! Ойыны
45 мин
7-сабақ
«Бас қатырғылар ойыны
45 мин
Қорытынды
8-сабақ
Тест сұрақтары
45 мин
9-сабақ
Диктант
45 мин
Кіріспе бөлімі
1- сабақ
5. Ұйымдастыру кезеңі
6. Модульдің құрамын айту
7. Сабақтың мақсатын , барысын айту.
8. Грамматикалық тақырып
Тақтада тірек сызба ілулі тұрады . Осы сызба арқылы тақырып түсіндіріледі . Түсіндіріп болған соң , оқушылар оқулықтарын ашып, осы тірек сызбаны қарап , ережелерді оқып шығады .
1. Сын есім туралы ережені айтып , түсіндіру.
Сын есім
Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, ,көлемін білдіретін сөз табы .
Құрамына қарай
Тұлғасына қарай Мағынасына қарай
Дара
Күрделі негізгі туынды Сапалық қатыстық
Сын есімнің шырайлары
Жай шырай
Көк, қызыл, жасыл , ақ
Салыстырмалы
Үлкенірек, жақсылау, сарғылт
Күшейтпелі
Аса үлкен, тым аласа , біп-биік
2. Сын есім туралы сызба бойынша жұмыс
Оқушыларға үлестірме парақшалар беріледі. Оқулықтағы ережені оқып, талдау жасайды. Дәптерлеріне тірек сызбаны сызады. Оқулық бойынша бекіту сұрақтарын дайындайды .
3.Тапсырмалар .
а) Берілген сын есімдердің бір тектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтар жалғап жазыңдар.
Мысалы : қызыл-қызғылт. Қызғылтым, қызылдау, қызылырақ, тым қызыл, өте қызыл т.с.с
Көк, қымбат, ақ, ұзын, кіші, ащы, биік, қатты, ,ауыр, сары.
ә) Сөздерге күшейткіш буындар арқылы қос сөздер жаса.
Тап (5 сөз) Ап(6 сөз) Жап (10Сөз )
4. Үй тапсырмасы : Тірек сызба арқылы ережені оқу. 66- жаттығу.
2- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Сабақтың мақсатын , барысын айту.
4.Грамматикалық тақырып .
Тақтада оқушылардың алдына тірек сызба ілулі тұрады . Осы сызба арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі. Түсіндіріліп болған соң , оқушылар оқулықтарын ашып тірек сызбаға қарап, ережелерді оқып шығады .
1 Сан есім туралы ережені айтып түсіндіру
Сан есім
Заттың санын, ретін, білдіреді. Канша? Неше? Нешеу? Деген сұрақтарға жауап береді .
Құрамына қарай
Мағынасына қарай
Негізгі
Туынды
Қосарлану
тіркесу
Есептік, реттік,
Бөлшектік, жинақтық,
Болжалдық, топтау
2: Сан есім бойынша сызбамен жұмыс. Сан есімнің мағыналық түрлерін талдау
3. Тапсырмалар
а) Сан есімдерді құрамына , мағынасына , мағынасына қарай талда
Екі –үш, жүзей, мыңдағанғ жүз шақты, жүзден екісі.
ә) Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазып , құрамына қарай талдаңдар.
12,7 , 18 ,45 ,236, 60-70, 1912, 12346, 3000, 1964 ,1 ,0,05 , 3 ,
2 5
б)Сан есімнің емлесін рет-ретімен айтып беріңдер.
4. Үй тапсырмасы . Ережелерді оқу, келесі сабаққа мәліметтер жинау.
Сөйлесу бөлімі
3- сабақ
1.Ұйымдастыру жұмысы
2.Сабақтың мақсатын, барысынайту
3.»Сиқырлы сандықша! Ойыны
Білімділік мақсаты : сын есімнен алған білімдерін тиянақтау. Сын есім білдіретін мағынасын оқыту.
Дамытушылық мақсаты : ақыл-ойларын , іскерлік белсенділіктерін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты : ұжымдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы : 1) 5 балл, 4 балл, 1 балл, көрсетілген карточкалар.
2) «Сиқырлы сандықша»
3) сұрақтар жазылған тапсырмалар
Ойынның жүргізілу барысы :
1. «Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толтырылады .тапсырма саны оқушылардың санынан артық болады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де 1-5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады .
2. Ойынды аяқтай келе , әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпйын есептеп, соған сәйкес 1,2,3 орындарды анықтау.
«Сиқырлы сандықша» тапсырмалары
1- тапсырма :
1. Сын есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді ?
2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді ?
3. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жаса
Толық , биік, көк, сұр, жаман, жеңіл, тар, кіші.
2- тапсырма:
1. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды атап,
2. Сан есімдер нені білдіреді ?
3. Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жаса.
Биік, жақсы, қатты, терең,жарық, сары, көк, ақ.
3- тапсырма :
1. Сын есім қандай белгілеріне қарап сапалық және
қатыстық болып бөлінеді ?
2. Сан есімнің емлесін айтып бер .
3. Сан есімдерді құрамына , мағынасына қарай талда .
екі-үш, жүздей, мыңдаған, миллионнан астам,жүз шақты,
милионнан , қырық, сегіз жарым, оннан жеті, бір бүтін екі
бесеу, оннан бір, төрт-төрттен, он бес. бір мың, үш жүз .
4- тапсырма:
1. Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?
2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді .
3. Берілген сын есімдерді мағынасына , жасалу
жолына, шырай түріне талдаңдар.
Қалың қара сақалды, кіп-кішкентай, қоңырқай,
нарттай, қызыл қара торы, жан-жақты, бидай өңді,
талдырмаш, еріншек, ақшыл майысқақ, жауырынды,
атқыш, ойшыл, орманды .
5- тапсырма :
1.Сын есім қалай жасалады?
2. Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі
3. Берілген сын есімдердің жұрнағын дефис арқылы
бөліп жаз. Отты, ғылыми, ауыспалы, бөзғылтым,
күрмеулі, аласалау, саналы, сүзеген, білімді, ақшыл
6- тапсырма:
1. Сын есімнің шырайы дегеніміз не ?
2. сан есмінің мағыналық түрлері
3. 49 беттегі 92- жаттығу жазбаша орында
7- тапсырма:
1. Салыстырмалы , күшейтпелі шырай дегеніміз не ?
2. Сан есім дегеніміз не ?
3. 47 беттегі 88- жаттығу жазбаша орында
8- тапсырма :
1.Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады ?
2. Сан есімнің мағыналық түрлерін мысал келтіре отырып,
талдау жаса.
3. 48 беттегі 90- жаттығу жазбаша орында
9- тапсырма :
1. Сын есімнің емлесін айт
2. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
3. Сапалық және қатыстық сын есімдерді қатыстыру арқылы қазақ батырларының келбетін сипаттап, мінездеме жаз.
10- тапсырма :
1. сын есімнің заттануы деген не ?
2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгелерін білдіреді?
3. Берілген сан есімдерден мағыналық сан есім жасаңдар .
7,5,3,20,180,1000,39308,34,71,82.
3. Оқушылардың білімін бағалау, сиқырлы сандықшаның қызметін айту.
4. Үй тапсырмасы: Сын есім шырайларын қайталау.
76,77 – жаттығулар.
4- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың барысын, мақсатын айту.
3. «Қатені тап» ойыны
Білімділік мақсаты : оқушылардың алған теориялық білімдерін тиянақтау. Сын есім, сан есімдердің мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты :сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығаршылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау. Ақыл –ойларын, іскерлік белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты : ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Құрал жабдығы : тапсырмалар, қатені түзетуге арналған парақ,
бағалау жетондары .
Ойынның жүргізілу барысы :
1. Сынып екі топқа бөлінеді . Әрбір топ тапсырма алады . Мәтін құрастырылып, онда бірнеше сөз тастап кету керек немесе алмастыру .Жұмыс 15-20 минутқа созылады . Топтың барлық материалды қайталауына 7-10 минут уақыт беріледі . Қайталаудан кейін топтар тапсырмаларымен алмасып бір – біріндей қателерді тауып , түзетеді , түзету парағын толтырады .
2. Түзету парағы
Топтың № .
Тақырыбы
Қателері
1.
2.
3.
4. т.с.с
Тапсырмалар
1-топқа .
Көк мұнара
Алыстан көрінетін қызыл қоңыр... (мұнара) ханымның көзіне ...(оттай) басылды. Бұлар жақындай ...(түскен сайын) асқақ мұнара көкке өрмелей... (тым биіктеп) барады . Түбіне келіп күймеден түскенде, қызыл қоңыр қыш тастан қаланған тас бәйтерек ханымның жанарынан жарық дүниені қалқалап тұрғандай болды. Енді ханым күннен –күнге өзгеріп келе жатқан мұнараны нөкерімен бірге қызықтайтын болды . Мұнара әуелі көгіс тартты . Көк... (мұнара) көк аспанның өзімен астасып кеткендей . Күні кеше қожырайып тұратын қып-қызыл тас діңгектің орнына аспанды тіреп тұрғандай жып-жылмағай, жіп-жіңішке көк сырық шыға келіпті .
2- топқа . Қадірлі қонақ
Абай жайлаудағы ең ...(әнші),... (өнерлі) жастарды жиып отыр . Осындай ойын сауық ортасында ең ... (қадірлі ) бір топ отыр . Бұлар –қазір төрдің тап ортасында жағалай көрпе үстінде ...(үлкен) ақ жастықтарды шынтақтаған сал –серілер. Солардың ішінде аса көріктісі және жиынға ...(қадірді ), ... (сүйіктісі )-мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы , ...(қызғылт) жүзді ,...
(кең) маңдайлы , нұлы жігіт. Ол Арқаға аты шыққан , бүкіл Орта жүзді асыл саз , ...)әсем) әнімен ұйытқан Біржан сал.
3.Тақырып бойынша тапсырма орындау
а) Сын есімдерді тауып, астын сызыңдар
ә)мағыналық түрлерін ажырату.
4. Сабақты қорытындылау, бағалау.
5. Үй тапсырмасы : «Уақыт-таразы»деген тақырыпта сан есімдерді қатыстыра отырып мақала жазу.
5- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту
3.Жаттығулар керуені
Білімділік мақсаты: сын есім, сан есімнен өтілгендерді пысықтау үшін
жаттығулар орындату, білім-біліктілік дағдыларын бекіту.
Дамытушылық мақсаты : оқушылардың көркем әдеби тілін, танымдық көзқарасын ойлау, тыңдау қабілетін дамыту, жүйелі сөйлеу мен өз ойын сауатты баяндауға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты : адамгершілік қасиеттерді бойға дарытуға, табиғатты сүюге, тілді құрметтеуге, өнерді бағалауға тәрбиелеу.
Жаттығулардың сырын ашу.
1. 66- жаттығу бойынша жұмыс
а)мәтінді мәнерлеп оқу
ә)сын есімді байланысып тұрған сөзімен табу
б)қарамен берілген сөздердің мағынасын ашу.
2. 69-жаттығу бойынша жұмыс
а)мәтінді мәнерлеп оқу
ә)салыстырмалы шырайдың жасалу жолын еске түсіру
б)балалардың портретін салыстырмалы шырайға айналдырып жазу
3. 73- жаттығу бойынша жұмыс
а)сөз тіркесін құрап жазу
ә)сөйлем құрастыру
4. 81-жаттығу
а)мақал-мәтелдерді оқып шығу , мағынасын ашу
ә)заттанған сын есімдерді талдау
б)сөйлем мүшесінің қызметін анықтау
5. Жаман мен жақсы қасиеттерді сызба бойынша топтастыру.
6. 88-жаттығу
а)мәтінді мәнерлеп кезектесіп оқу
ә)Бөбектің тілегін ауызша талдау
б)сан есімдерді тауып, талдау жасау.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы : 61- жаттығу .
6- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын , барысын айту.
3. «Даналық ағашы» ойыны
Білімділік мақсаты :грамматикалық тақырыптардан алған білімдерін бекіту, ұжымдық жұмыс жүргізу, пысықтау жаттығулары арқылы
тақырыпты ашу.
Дамытушылық мақсаты :ұжымдық шығармашылық іс -әрекет арқылы бекіту, бағалау, деңгейлеп оқыту.
Тәрбиелік мақсаты :берілген жаттығу жұмыстары арқылы адамгершілікке , табиғатты аялауға , елін , жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Құрал –жабдығы : кесте, тапсырмалар, «Даналық ағашы»
түрлі-түсті ағаш суреті.
Ойынның жүргізілу барысы :
Тақтаға түрлі-түсті алма ағашының суреті ілінген . Ағашта қызыл, сары, көк түсті алмалар ілінген, астында деңгейлік тапсырмалар. Оқушы қай деңгейдің сұрақтарын аламын дейді өзі таңдайды. Ағашта көк, сары алмалар қалмаса сабақтың мақсаты орындалғаны деуге болады.
Алмаларға жазылған деңгейлік тапсырмалар .
1-деңгей
а)сын есімнің түрленуі дегеніміз не ?
ә)сын есімнің маңызды белгілерін атап көрсет және мысал келтір
б)сын есім жұрнақтарын мысал келтіре отырып талда
в)сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді
г)сан есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады , мысалдар келтіріп дәлелде .
2- деңгей
а)сын есімнің мағыналық түрлері және айырмашылығын мысал келтіре отырып дәлелде.
ә)сын есімнің емлесі
б)күрделі сан есімдер қалай жасалады ?
в)сан есімнің мағынасына қарай бөлінуі
г)сан есімнің емлесін ретімен айтып шық
3- деңгей
а)сын есім дегеніміз не?
ә)сын есімнің шырайларын атап, мысал келтір
б)негізгі сын есім деген не ?
в)сан есім деген не ? қандай сұрақтарға жауап береді?
г)реттік сан есімге мысал келтір ,жасалу жолына тоқтал
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үй тапсырмасы : сын есім, сан есім тарауын қайталау, сөзжұмбақ, ребустар құррап келу.
7- сабақ
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын, барысын айту
3. «Бас қатырғылар базары» ойыны
Білімділік мақсаты : Оқушылардың білімін одан әрі дамыту,тереңдету,
ізденгіштігін арттыра отырып, ой -өрісін кеңейту, тіл
байлығын молайту.
Дамытушылық мақсаты :ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,
сауаттылығын ,шығармашылық қабілетін дамыту.
Логикалық жақтан дәл ойлап жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты :оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке , ынтымаққа, халықтық педагогика негіздеріне баулу, өзара сыйластыққа ,достыққа тәрбиелеу.
Ойынның жүргізілу барысы :
1. Оқушылар үйден сөзжұмбақтар, ребустар дайындап келеді. Мұғалім газет- журнал кесінділерінен қосымша сөзжұмбақ, ребіутарды ортаға салады. Оқушылар бірлесе отырып шешеді.
2. Ойлау қабілеттерін дамытуға қызықты есептер, әзіл сұрақтар тақырып бойынша беріледі.
3. Сабақты қорытындылау, бағалау.
4. Үй тапсырмасы : Бақылау жұмысына дайындалу .
Қорытынды бөлім
8- сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
3.Тест жұмысы .
Тест сұрағы 15 сұрақтан құралып екі нұсқада беріледі .
Тест
1. Сын есім қандай сөз табы
А.Заттың санын білдіретін сөз табы
Ә Қимылды білдіретін сөз табы
Б.Заттың сапасын білдіретін сөз табы .
2.Сын есімнің сұрақтарын табыңыз
А.кімнің? ненің? Ә.қандай?қай?
Б.қандай ? не істеді?
3. негізгі сын есімді табыңыз
А.түрткіншек Ә.рухани
Б.батыл
4. дара сын есімді табыңыз
А.өткір көзді адам Ә.аппақ қар Б.теп-тегіс жол
5. сапалық сын есімді табыңыз
А.қайырымды Ә.білгіш Б.ыстық
6. қатыстық сын есімді табыңыз
А.ащы Ә.еріншек Б.көгілдір
7. Сын есімнің шырай түрі нешеу?
А.2 Ә.3 Б.4
8. Дара сан есімді табыңыз
А.үшінші Ә.отыз бес Б. Төрттен бір
9. Сан есімді тіркесті табыңыз
А.үйдің іші Ә.әденеше күн Б.ондаған адам
10. Сан есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметі .Жеті жұрттың тілін біл.
А. Анықтауыш Ә. Пысықтауыш Б Бастауыш
11. Күрделі сан есімді табыңыз
А. Мыңдап Ә. Екі бүтін оннан үш Б елулерде
12. Сан есімнің мағыналық түрі нешеу
А. 5 Ә .3 Б 7
13. Саны жетімен шектелетін сан есім түрін табыңыз
А. Реттік Ә. Есептік Б Жинақтық
14. Емлеге сай жазылған сан есімді табыңыз
А. Алты бүтін – үштен екі Ә. 6-ны 2- ге бөл
Б. Үш төрт
15. Қай қатардағы сан есімдерге дефис қойылмайды
А. Он оннан Ә. Еку үшеу Б.төрт мыңға жуық
Сабақты қорытындылау , бекіту.Тест сұрақтарын талдау, оқушылардың білімін бекіту.
Үй тапсырмасы : Диктантқа дайындалу
Мақсаты:Оқушылардың үстеулер туралы ,олардың түрлері бойынша Білімділік:алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімін практикамен
ұштастыру.
Дамытушылық: Тіл байлығын ауызша және жазбаша талдаулар
арқылы дамыту. Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Сиқырлы сандықша» , Ортақ бағалау парағы, фишкалар, гейм тапсырмалары, жауап үлгілері, кестелер.
Ойынның барысы:
Сыныпты екі топқа бөлу, әр топтың басшысын сайлау. Сабақтың мақсатын, ойын шартын түсіндіру.
1-гейм «Бой сергіту» Топтарға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут уақыт беріледі. Топтың мүшелері осы сұрақтарға беріп шығады, ал бәсекелес топ мүшелері жауаптарды қадағалап отырады да, дұрыс болмаған жағдайда түзетуге болады.Дұрыс жауап санына орай ұпай алады.
1-топқа арналған сұрақтар:
1. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
2. Күрделі үстеулер қалай жасалады?
3. Жорта сөзі мағынасына қарай қай үстеуге жатады?
4. Қайсысы туынды үстеуге жатады? әдейі, ертең, әрең, құстай
5. Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп қолданады?
6. Үстеулер түрлене ме?
7. Мөлшер үстеуі қатынасқан сөйлем құрастыр.
8. Үстеудің ерекшеліктері қандай?.
9. Үстеулердің сұрақтарын ата.
10. Үстеудің мағынасына қарай неше түрі бар?
2-топқа арналған сұрақтар:
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Дара үстеулерге мысалдар келтір
3. Сын есіммен тіркескен үстеулерді атап шық
4. Мекен үстеуінің сұрақтарықандай?
5. Бүгін үстеуінің тұлғасына, мағынасына қарай ажырат
6. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтарды атаңдар
7. Қимыл-сын үстеуінің ережесін айтыңдар
8. Күшейткіш үстеулерді қолданып сөйлем құрастыр
9. Тіркесу арқылы жасалған үстеулерді қандай түріне жатқызамыз?
10. Баяғыда бір сұлу қыз болыпты. Үстеуді тауып ,ажыратыңдар.
1-гейм сұрақтарының жауаптары:
1-топтікі:
1. Мезгіл үстеуі қимылдың, іс -әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді.
2. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады.
3. Жорта сөзі- мақсат үстеуі
4. Туынды үстеу –құстай
5. Үстеу етістікпен, сын есіммен тіркесіп қолданылады
6. Түрленбейді
7. Далаға әжептәуір қар жауды.
8. Етістіктермен тіркеседі. Етістіктің әр түрлі белгісін қасиетін білдіреді.
9. Сұрақтары: қашан?қалай?қайда?қайтіп?қалайша?не мақсатпен? Не себепті?
10. Үстеудің мағынасына қарай жеті түрі бар
2-топтікі:
1. Сөйлемде қимылдың , сын-сапасының әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге ,грамматикалық тұлғалармен тұрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстей дейміз.
2. Талай, соншалық, енді т.б
3. Ең әдемі, ерекше сұлу, керемет үлкен
4. Қайда?қайдан ?
5. Бүгін –туынды, тіркесу арқылы жасалған күрделі, мезгіл үстеуі
6. –ша;-ше;-лай;-лей;-дай;-дей; тай;-тей;-дайын;-дейін;-тайын;-тейін;
7. сын –қимыл үстеуі қимылдың амалын,сынын,бейнесін,тәсілін білдіріп, қалай? Қалайша? Кімше? Сұрақтарына жауап береді.
8. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді. Сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ.
9. Күрделі үстеуге
10. Баяғыда-мезгіл,туынды үстеу, керемет-күшейткіш үстеуі
2-гейм « Сиқырлы сандықша» ойыны Топ мүшелері сандықшадан нөмірленген шарлар алып шығады. Жүргізуші,яғни мұғалім әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ тапсырма береді. Жазбаша өз ішінде талқылаған соң, топ басшысы жауап береді.
№1 Жұмбақты шешіңдер, құрамынан үстеуді тауып, астын сызыңдар мағыналық түрін ажыратыңдар
Таңертең де, түсте де,
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене,
Тосады да тұрады. (күнбағыс)
№2 Жұмбақты шешіңдер, құрамынан үстеуді тауып, астын сызыңдар мағыналық түрін ажыратыңдар
Бірде төмен,
Бірде шығып жоғары,
Сөз сөйлесең,
Қозғалыста болады. (тіл)
№3 Жұмбақты шешіңдер, құрамынан үстеуді тауып, астын сызыңдар мағыналық түрін ажыратыңдар
Күндіз төбеңе шығады,
Түнде шекеге шығады (бөрік)
№4 Жұмбақты шешіңдер, құрамынан үстеуді тауып, астын сызыңдар мағыналық түрін ажыратыңдар
Жатса да үш ай көгенде,
Тіл үйірер жегенде. (қауын)
3-гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдам жауап берген топ ұтады. Егер жауап дайын болса, топ басшысы көк жалаушаны көтерді.
Жүргізушінің сұрағына кім жылдам жауап берген топ ұтады.
1- топқа:
1. Кезекпен кірді-үстеу қалай жасалынған?
2. Ғұрлым буынымен тіркесетін үстеуді атаңдар
3. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?
4. Қыстыгүні үстеуі қалай жасалған?
5. Мына тіркестер қандай мағынада айтылады?
Шай қайнатым, ел орынға отыра
2- топқа:
1. мақсат үстеуін атаңдар
2. Қанша?сұрағына жауап беретін үстеулерді атаңдар
3. Бостан-бос жүрді-үстеудің қай түрі?
4. Бүгін сөзі қандай сөздерден құралған?
5. мына тіркестер қандай мағынада айтылады?
Көз байлана, бие сауым
4-гейм: Командалар бір-біріне сұрақ қояды немесе үстеу қатынасқан жұмбақ жасырады.
5-гейм : Үстеулерді қатыстыра отырып ой толғау.
1-топқа "Табиғатты қорғау –парызымыз”
2-топқа " Астананың бүгіні мен ертеңі "
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасөткел орта мектебі
«БАҚЫТТЫ СӘТ»
ОҚЫТА ҮЙРЕТУ ОЙЫНЫ
Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау
Жұмабекова
Бибігүл
Төлешқызы
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік: Оқушылардың сын есім туралы төменгі сыныпта алған
білімдерін толықтыру.Сөйлем ішінен сын есімдерді
табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. 2.Дамытушылық: Сөздік қорын молайті, сын ттұрғысынан
ойлауын, өз бетінше жұмыс жасай білу дағдыларын жетіл-
діру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Сауатты әрі көркем жаздыра отырып, мәдениетті
сөйлеуге, әдептілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба –нұсқалар, кеспе қағаздар,үнтаспа, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру .
2.Өткенді қайталау.
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Зат есімнің құрамына қарай бөлінуі
- Дара және күрделі зат есімге мысал келтіріңдер
- Жалпы есім дегенімі не?
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Деректі және дерексіз зат есім дегеніміз не?
3.Жаңа сабақ
Ой қозғау. Ән тыңдау . «Сағынды Алматымды» әнінен үзінді
- Балалар, бұл ән не туралы?
- Алматы қаласы туралы
Интерактивті тақтада жазылған сөйлемдерге назарларын аударту.
Алматы - республикадағы ең көрікті, сәулетті қала. Алматының кең көшелері, зәулім үйлері қаламызға ерекше сән беріп тұр. Қаламызда әдемі көпірлер, салынып жатыр. Жасыл желекті Алматының ауасы таза. Алматының апорт алмасы қып-қызыл, тәп-тәтті, жесең тіл үйіреді.
Оқушылар сөйлем ішінен сын есімдерді тауып, сұрақ қояды. Сұраққа жауап беру арқылы сын есімнің ережесін шығарады. Алматының қаласы туралы тағы не айтуға болады? Оқушылардың жауабы.
4. Оқулықпен жұмыс. Жаттығу орындау .
5. «Кім тапқыр?»
Үлестірме парақтар таратылып беріледі. Оқушылар берілген жұмбақты көшіріп жазып , шешуін тауып, сын есімдердің астын сызады.
Жас кезінде қара орман,
Жыл озған сайын ағарған . (....)
Ұзын сырық қолында,
Секірер биік жолында. (...)
Өрмелеп биік шыңға,
Түсетіндер сынға . (...)
Мұзды алаң,
Билеп жүр екі адам. (...)
Қара құрым жайлы өзі кигеніңде,
Іздері жоқ біздің де түйменің де . (...)
6.Шығармашылық жұмыс.
Сэнкуэн әдісі бойынша жұмыс . Бес жолды өлең құрастыру.
1 Зат есім. Абай
2. сын есім. Дана , дара
3 етістік. Толғандырады, ойландырады. Қызықтырады.
4.Сөйлем . Абай-қазақтың ұлы ақыны
5. Синоним. Ақын
7. Сабақты бекіту. Тест сұрақтары
1.Сын есім қайсы сұрақтарға жауап береді ?
А.Қалай?қайда? қашан? Ә.Қанша? неше?
Б.Кімдер? нелер? В. Қандай
2. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді
А. 5 Ә.6 Б.3 В.2
3.Түбір сын есімді көрсет
А. Ұзындау Ә. Қып-қысқа
Б. Қара В. қара ала
4 .Дара сын есімді көрсетіңіз
А.Өткір көзді адам Ә.Ақ қар
Б.Теп –тегіс жол В. Қара ала сиыр
5. Күрделі сын есімді көрсет
А. Қызылдау Ә. Қара торы
Б. Таулы В. қарағайлы
8.Үй тапсырмасы: Сын есімнің ережесі.
76-жаттығу
« Менің ауылым» шағын шығарма

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.