Орыс тілі 10 сынып. Тақырыбы: Рефлексивті есеп
В2 есебі
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған
тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.
Кембридж бағдарлама аясында тәжірибе тізбектелген
сабақтар топтамамның бір сабағына бағдарламаның жеті модуль идеясын кіріктіруді
мақсат еттім. Тізбектелген сабақтар топтамасының «Морфология.Части речи»
тақырыбындағы бірінші сабағымды талдауын ұсынамын.
Сабақта топта жұмыс жасау
арқылы морфология,сөз таптары туралы алған бұрынғы білімдерін қайталау арқылы сөз
таптарын анықтап,сұрақ кою дағдыларын жетілдіре отырып топтағы диалог арқылы
білімді өз бетімен меңгереді.
Сыныптағы бірлескен жұмыс
оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана
шектеліп қоймайды,ол сонымен қатар
мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Табысты оқу мен оқытудың мәні
оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай
жасаудан тұрады.
Осы сабақ бастамас бұрын
осындай орта қалыптастыру үшін«Сені көргеніме қуаныштымын» тренингін өткіздім. Оқушылар
бір- біріне тілектер айтып,
сәттілік тіледі.Оқушылар бір
біріне жақсы тілектерін,лебіздерін білдіре отырып, бірлесіп жұмыс жасауға дайын
екендіктерін айтты.Мысалы, Ғалымжан атты оқушым өз сыныптастарына төрт қатар
өлең шумағымен өз қуанышын айтып,достық сезімін білдірді. Бұл тренинг оқушылардың
өзара қарым қатынасы туралы ,жеке тұлға ретінде бір біріне деген шынайы
бағаларын,шығармашылық қасиеттерін білуіме мүмкіндік берді.,
(1-сурет)
Оқушыларды «Тіл білімінің
салалары» бойынша үш топқа бөлдім. Сыныпта бірден топта жұмыс жасау дағдылар
қалыптаспайды. Алғашқында оқушылар абдырап,неден бастарын білмей отырды.Топқа бір бірімен жұмыс істеуіне ,
мінез ерекшеліктеріне бейімделуіне көп уақыт
керек. Олар не жасап жатқандықтары туралы ойланғанымен,әлі де бәрін
түсінбейтіндіктерін жасырмады.Сол себепті топта жұмыс жасау ережесін бірлесе
отырып құрып алып,сол ережеге мойынсынды. « Яғни,ынтымақтастық оқыту барысында
білім алушылар құрбы -құрдастарымен қарым- қатынасқа түсуге,өз пікірін айтуға
және қорғауға мүмкіндік алады»
(Үлестірмелі материалдар , 8 –бет)Топтағы жұмыстың нәтижелі болмауының
тағы да бір себебі,мен оқушыларға
орындайтын тапсырмаларды жете түсіндірмегенім,сондықтан топтық тапсырманы толық
орындамады.Болашақта міндетті түрде әрбір оқушыға тапсырманы орындауға арналған
нұсқаулық беруді ескеремін,сонда сабақ табысты болады деп сенемін.. Жақсы
ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында қарым- қатынасты, тиімді араласу
және проблемаларды шешу дағдыларын
дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде
оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Топтық
жұмыстар кезінде орындалатын тапсырмалар орындау барысында олар тек қана өз
жұмысының ғана емес, топ жұмысының
нәтижесіне де жауапты екенін сезінеді.Осындай жағдайларда өз өзін реттеу, өзара
бақылау мен бір бірін оқыту үдерістері жүріп отырады екен.Мысалы бірінші
сабақтарымда орыс тілі мен үшін қиын деп араласпай отырған Дәуренбек,
Айберген атты оқушыларым топ мүшелерінің
жұмыстарын , бағалау кезеңдерінде өз үлестерінің болмай жатқандықтарын
біліп,келесі сабақтарда сұрақтар
құрастыру,ақпарат көздерінен мәлімет іздеу жұмыстарына, үй тапсырмасына
берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, орындауға тырысты.Оқушыларды
алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге
немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс
танымдылық және эмоциялық мақсаттарда жүзілуі керек. (2-сурет)
Сабағымның келесі кезеңінде «Сұрағым келеді» әдісі бастау алды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы
өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап,,
оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру жүзеге асырылды. Өйткені, үйрену
енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені белгілі. Оқушы сұрақ қою,бөлісу, ортаға талқыға салу арқылы
өз ойын ашады, таразылайды.
Мен сұрағым келеді деп
бастап,оқушылар тіл білімінің салалары туралы бұрынғы білімдерін еске түсіру
мақсатында бір біріне сұрақтар қойды.Мысалдармен түсіндіруін өтініп,бұрынғы
білімдеріне шолу шасады.
Осылайша оқушылар шыңдалған
ойлауға бірте- бірте қадам жасауды бастады. Оқушы бұл кезеңде жаңа тақырыпты
анықтап, оны бұрынғы біліммен ұштастырады. Бұл әдіс түрін сабақтың сәтті шыққан
кезеңдерінің бірі деп айтуға болады және бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлануына ықпалын тигізді.
"Жаңа тақырыптың таныстырылымы ”кезеңінде«Өкіл»
әдісі қолданылды. (3-сурет).
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.