Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
Қарағанды қаласы
№91КММ НОМ,
«Ботақан» шағын-орталығы
әдіскер және қазақ
тілі мұғалімі,
Мырзагулова Гулим
Жумабаевна.
Әдіссіз оқыту процесті жүзеге асыру мүмкін емес. Сол себептен баланы қазақ тіліне үйрету үшін, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру үшін, қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану керек. Жалпы бала ойын әлемінде дамиды, өмір сүреді, ойын баланың мінез-құлығын қалыптастырады, психикалық процесс кезінде гармониялық жетілуіне әсер етеді.
Қазіргі
уақытта қазақ тіліне үлкен мән берілетіні бәрімізге де мәлім. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
айтқанындай -«Қазақстанның
болашағы қазақ тілінде». Сондықтан болашақ
ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы, жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуіміз
керек.
Қазақ
тілін үйрету барысында балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен,
мәдениетімен таныстыру керек. Себебі осының бәрі баланың жан-жақты дамуына,
тілге деген көзқарасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар
ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Бала өз елін сүйюге, өзге ұлттарды
сыйлауға, құрметтеуге үйретеді.
Қазақ
тілін үйрету процесінде ана тілі басты ролді атқарады. Егер бала өз тілінде
жетік сөйлемесе, оның ерекшелігі мен айырмашылығын, дыбысталу жүйесін білмесе
және түсінбесе қазақ тілін меңгеруге қиын болады.
Бастауыш сыныптың оқушыларына
қазақ тілін үйрету барысында маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:
·
адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының
мәдени құндылығына қол жеткізу үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;
·
білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;
·
Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының
жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде
ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілің үйрету сабақтарын
құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар
принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбиелеу мен
оқутуды бірыңғай жүйеге біріктіру. Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық
тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында
қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде.
Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді,
диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы
белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Сонымен
қатар қазақ тіліне үйреткенде бастауыш буынның жас ерекшелігін ескеру
әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші
орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Адам
мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге
дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей, динамика ғасырында,
оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы
арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын дегеніміз не? А.
Макаренконың айтуынша: «Ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте
ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш
сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді.
Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертүді қажет
етеді» - десе, жалпы пікірлер бойынша ойын — қоғамдық тәжірибені
қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті,
өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту
ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру,
қызығушылығын тудыру. Пән бойынша басты мақсатым және міндетім
– қазақша сөйлей білуге үйрету, ауызекі сөйлей білу, игерілген білімдерін
қолдана білу, белгіленген талаптарды игеру.
Балаларды қазақша сөйлей білуге үйретуде
мынадай талаптар қоямын:
1. Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру.
2. Сөз балаларға таныс заттарға байланысты
болу керек.
3. Әрбір сөз үнемі пайдаланылып, қайталанып
отыруы тиіс.
4. Сөздік қорды молайтып отыру.
5. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
6.
Мақал-мәтелдерді, жанылтпаштарды оқу, жаттау.
Бұл талаптарды орындау үшін әр сабақ қызықты
құрылып, сабақтың әр кезені әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Тіл үйрену
баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын
жан – жақты дамытып, кеңейтіп отыру қажет. Балалардың сөздік қорын молайту
жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйеніп
мынадай тәсілдер қолданамын:
- Сөздік жұмыс (әңгімелесу, жумбақтарды
шешу, ребустар құру, салыстыру, қайталау,сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, оқу
т.б.);
- Көрнекі құралдар қолдану (сурет,
ойыншық);
- Ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс,
сюжетті – рольдік, логикалық, т.б.).
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді
меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік
жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын
ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді
жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі.
Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын
дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп,
күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі
қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай
сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық,
лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер
етеді.
«Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады. Бұл ойын сөздік қорларын
дамытады, дыбыстарды дұрыс табуға, айтуға үйретеді. Мысалы, кез келген
тақырыпты қайталаған кезде ойнатуға
болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс. Сөздік
жұмбақты өздері құрау керек.
«Ойлан
тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті тақтаға жазып, тақпақтағы қазақ тіліне тән
дыбыстарды алып тастап, дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып, сол дыбыстарды
көп нүктенің орнына дұрыс қойып шығу
керек. «Шешуін тап» ойындарында
қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту
мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Айта
кету керек , ойын әдісінің өте тартымды әрі тиімділігіне қарамастан,сезімді шектей
білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі және эмоционалды әсерді жоғалтуы мүмкін.Сонымен қатар сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау
деген мезетте сергіту,бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар
сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін
де байқамай қалады. Ойын
оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін- бірі
қолдау, жолдастық сезім,сондай- ақ бірқатар психикалық үдерістердің: есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау
т.б. дамуына әсер етеді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.