Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының республикалық слетіне дайындық және оны өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының
республикалық
слетіне дайындық және оны өткізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1. Жалпы ережелер.
1. Қозғалыстың
жас инспекторлары жасақтарының республикалық
слеті (бұдан әрі – ҚЖИ слеті) Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беру мекемелерінің
оқушылары арасындағы командалық біріншілік болып табылады.
2. ҚЖИ
слетінің мақсаты:
балалар мен
жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік
оқиғаларын ескерту жөніндегі
жұмыстарды жетілдіру және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу мәселелеріне мүдделі
ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару.
3.
ҚЖИ слетінің міндеттері:
1)
Жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылар білімінің сапасын арттыру;
2) білім беру органдары мен ҚЖИ
жасақтарының
оқушыларға жолдарда қауіпсіздікті сақтау
ережелерін насихаттау
жөніндегі озық
тәжірибесін
қорыту.
4.
ҚЖИ слетін Қазақстан Республикасы Жол полициясы комитеті білім беру органдарының қатысуымен слет өтетін
аумақтың өңірлік жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі заңды
және жеке тұлғалармен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді.
5.
ҚЖИ-дің өңірлік слеті (Астана, Алматы қалалары үшін – қалалық, облыстар үшін –
облыстық) осы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізіледі.
2.
ҚЖИ слетін өткізуді ұйымдастыру.
6. ҚЖИ слетінің дайындығына жалпы басшылық етуді құрамын жол полициясына жетекшілік ететін Ішкі істер вице-министрі бекітетін Ұйымдастыру комитеті жүзеге
асырады.
7.
Ұйымдастыру комитетінің құрамы осы әдістемелік ұсынымдардың
4-тармағында көрсетілген
мүдделі адамдардың ұсыныстары бойынша құралады.
8. ҚЖИ слеті жыл сайын
оқу жылы аяқталғаннан кейін жазғы мектеп демалысының басында өткізіледі.
Кезекті слетті өткізу орнын мүдделі заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарының
негізінде Ұйымдастыру комитеті белгілейді, шешім хаттамамен ресімделеді және өткен ҚЖИ слетінің жабылуында хабарланады.
9.
ҚЖИ слетін тікелей өткізу Жұмыс тобына жүктеледі, Ішкі істер департаменті бастығының жол полициясына жетекшілік ететін орынбасары мен білім беру департаменті (басқармасы) бастығының орынбасары
басқарады және құрады.
10.
Барлық даулы
мәселелерді және форс-мажорлық
жағдайларды шешу үшін жұмыс тобы Апелляциялық комиссия құрады.
11.
Конкурстық тапсырмалары
бар билеттерді Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің Жол полициясы комитеті дайындайды және оны Ұйымдастыру
комитеті бекітеді. Билеттер конвертке салынады, оны Ұйымдастыру комитетінің
төрағасы мөрлейді және әрбір конкурстың басталуы алдында ғана ашылады.
12.
ҚЖИ слетін қортындылау Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
3.
Жарысқа қатысушылар.
13. Облыстық (Астана,
Алматы қалалары үшін - қалалық) ҚЖИ слеттері жасақтарының жеңімпаз командалары ҚЖИ слетіне қатысушылар болып
табылады.
14. Команда құрамы ҚЖИ слетін өткізу кезеңінде 14
жасқа толмаған орта мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушыларынан
құрылуы тиіс.
15. Команда құрамына 10 адам кіруі керек, оның ішінде:
1) жасақ командирі – 1 адам;
2) реттеуші – 1 адам;
3) велосипедші – 4 адам;
4) санитар – 2 адам;
5) эрудит – 1 адам;
6) жас тілші – 1 адам.
16. Команданы екі басшы алып жүреді: бірі білім беру департаментінен (басқармасынан), екіншісі Жол
полициясы басқармасынан.
17. Команданың ҚЖИ
слетіне қатысуы туралы ақпарат ҚЖИ слетінің Жұмыс тобына ашылуына дейін 1 айдан кешіктірмей
тапсырылады. Ақпаратты уақтылы ұсынбаған немесе
осы Әдістемелік
ұсынымдардың талаптарын сақтамаған
жағдайда Ұйымдастыру комитеті Жұмыс тобының ұсынымы бойынша кез-келген команданы ҚЖИ слетіне қатыстырмау туралы шешім қабылдауға құқылы.
18.
Әрбір команда
ҚЖИ слетіне келгенде ҚЖИ слетінің Жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынуы
керек:
1) білім беру органдары және
(немесе) Жол полициясы басқармасы растаған жарыстарға қатысуға арналған атаулы өтінім;
2) туу туралы куәліктің көшірмелері;
3) дәрігер растаған жарыстарға қатысу үшін берілген атаулы
анықтама (әрбір қатысушыға);
4) егу сертификаты немесе алдын алу егулері туралы
анықтаманың көшірмесі;
5) аумақтық
мемсанэпидқадағалау орталығынан жұқпалы аурулармен байланысы жоқтығы туралы анықтама;
6) іссапар құжаттары
(жетекшілер үшін);
7) Жол полициясы басқармалары мен Білім беру басқармаларының
(департаменттерінің) басшылары қол қойған балалар жол-көлік жарақаттануын
алдын алу жөнінде жұмысты ұйымдастырғаны және өңірлік ҚЖИ слетін
өткізгені туралы ақпараттық анықтама;
8) қайту уақыты және тәртібі туралы ақпарат (күні,
уақыты, көлік түрі), қайту билеттеріне өтінім (егер олар
алдын ала алынбаса).
19. Команданың ұсынған
құжаттары
мен жарыстарға қатысушылардың шынайы жастары арасында сәйкессіздік анықталған
жағдайда команда жарыстарға конкурстан тыс қатысады.
4.
Қозғалыстың жас инспекторының атрибутикасы.
20. ҚЖИ жасағының әрбір мүшесінде:
1) «Қозғалыстың жас инспекторы» белгісі;
2) жасақ мүшесінің куәлігі болуы тиіс;
Ескерту: реттеушіде – жезл, санитарда – медициналық қобдиша болу керек.
21. Нысанды киім:
1) насихаттық: көк (немесе
басқа да ұқсас түстер) кеудеше (китель) пагондарымен, шалбар
(белдемше), осындай түстегі пилотка, ақ белбеу және портупея, кеудешенің сол жақ жеңінде бағдаршамның үш түсі бейнеленген көк шеврон, пилоткада – белгі (ақ шеңберлі қызыл дөңгелек), омырауда – ҚЖИ белгісі.
2) парадтық: пилотка
ақ беретпен, портупея – ақ аксельбантпен ауыстырылып, ақ қолғаптар қосылады;
3) жасақ командирінің
сол жақ жеңінде шевроннан жоғары бір үлкен алтын түсті жұлдыз болуы тиіс.
22. Жасақтың барлық
мүшелерінде спорттық киім болуы керек.
5. ҚЖИ слетінің бағдарламасы.
23. Слет бағдарламасына 10
конкурс кіреді:
1)
саптық қарау;
2)
Жол қозғалысы ережелерінің (бұдан әрі – ЖҚЕ) білгірлері;
3)
жас насихатшылар;
4) қауіпсіз дөңгелек;
5) жас реттеуші;
6) жас тілші;
7) жас санитар;
8) командирлер конкурсы;
9) үгіт бригадаларының конкурсы;
10) эрудиттер турнирі.
6. ҚЖИ слетін өткізу шарттары.