имандылык- рухани тарбие
Өз халқының тарихын
және мәдениетін білу баланың дүниеге келген күнінен басталады. Бала қазақ болып
туылғанын өзінің өлең төсегі бесігінен сезеді. Анасының әлдиінін есітіп, туған
жерінің туған туысқанының, бауырларының аяулауынан бойына жан азық етіп алады.
Сәби өнегелі бала болып өсу үшін үлкендер оған денсаулық және рухани кеңестікті
әзірлейді.
Туылғанынан алты айға дейін
Нәресте дүниеге келгенде ол жаңа ортаға келеді. Сәбидің ағзасы оны өмір
бойы қоршап өтетін бактериялар мен микробтарға қарсы тұруға жаңа- жаңа үйрене
бастайды. Сондықтан да барлық екпелерді белгіленген мерзімде қабылдаудың маңызы
зор. Екпелер сәбилерді ауруға қарсы тұруға және дені сау, мықты болып өсуіне
көмектеседі.
3 айға дейінгі нәрестені
шомылдыру
Алғаш рет шомылдыру- бұл өте жауапты және біршама үрейлі кезең, өйткені
нәресте әлі кішкентай. Жолдасыңыз, анаңыз немесе мейірбикемен бірге 6 айға
дейін
Бесікке салу дәстүрі
Бесіктің сәби денсаулығына,
тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ
болады.Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да
қорғайды. Пәле жәледен сақтасын деп ырымдап оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі
қауырсынын тағып қояды. Бесіктің жабдықтары: жастық, мамық жөргек, түбек,
шүмек, қолбау,тартбау.
Бесік қасиетті, киелі құтты
мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да
халқымыз үшін елеулі дәстүрдің брірі. Бесікке салу жолы, үлкен немесе елдің
тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Олар бесікті отпен аластап
«тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі
таза зат жабылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый
беріледі.
Қырқынан шығару
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су
құйып шомылдырады. Сәбидің қарын шашы, тырнағы алынады. Баланы қырқынан
шығарудың маңызы мынада: қырық күннен кейін бала шира, көз тоқтатады, құбылыс,
дыбысты сезе бастайды.
Ит көйлек
Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «ит көйлек»деп атайды. Өйткені
ол жөрмелеп, іліп қана тігіледі. Бала қырқынан шығарғаннан кейін әлгі көйлекке
тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетеді де,
ұстап, тәттісін бөліседі. «Ит көйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып
алады.
«Ит көйлек» атының шығуы халық итті «жеті қазынаның бірі» деп
бағалағандықтан шыққан.
Көбінесе балаға ата- ананың мейірімі жетіспейді, сондықтан да оны
қолдарына алғанша жылай береді. Оларды қайтадан кереуертке жатқызса болғаны,
қайта жылай бастайды. Сәби үшін ата- ананың аялы алақанын сезінудің маңызы зор.
Баланы көбірек қолда ұстаңыз.Көптеген елдерде жас нәрестені күні бойы қолға
алып жүреді. Баланы қолға ала салысыменен, жылауын тоқтатады. Тоқтатпаса, оның
іші мен кеудесін сіздің кеудеңізге түйісінетіндей етіп, бауырыңызға басыңыз,
бұл бірден көмектеседі. Егер бала әлі де жылауын қоймаса, оны бөлме ішінде
көтеріп жүріңіз: жаймен тербету оны біртіндеп тыныштандырады.
6 айлық сәби:
-етпетінін жатып, басын, кеудесін көтере алады;
-ілініп тұрған заттарға қолын созады;
-заттарды ұстап, сілкейді;
-етпетінен шалқасына аунай алады;
-сүйеніп отыра алады;
-қолы және аузының көмегімен заттарды анықтап байқайды;
-дыбыстар мен бет- әлпет құбылыстарын сала алады;
Дені сау 6 айлық сәби
осы айтылғандардың біразын жасай алады. Егер сіздің сәбиіңіз олардың біреуін
істей алмаса, қауіптенбеңіз, әр баланың дамуы әр түрлі.
7-12 айлық сәби мыналарды жасай алады:
- отыру;
- еңбектену және
тұруға талпыну;
- сіздің қолыңыздан
ұстап аяғын басу;
- қарапайым сұрақтарға
жауап беру;
- екіден сегізге
дейін сөз айту;
- қолын шапалақтау,
тығылмақ, ойыншықтариен тойнау;
- дыбыстарды,
сөздерді және қимылдарды сізден кейін қайталау;
- бармақ және сұқ
саксақпен заттарды көтеру;
- қасықты қолына
алып, саптыаяқты ұстап, өз бетімен тамақ ішу.
1 жастағы сәби мыналарды жасай алады:
жүреді, өрмелейді,жүгіреді, шамамен 15 айдан
бастап қарапайым нұсқауларды орындайды,
заттардың түстері мен пішіндерін айтады, өз бетімен бас киім мен аяқ киім киюге тырысады, текшелер мен доптармен
ойнайды, басқалардың мінез- құлқына еліктейді, өз бетінше тамақ ішеді;
Бәсіре.
Баланың есі кіріп оң-солын таныған соң оған «бәсіре» тай атайды. Балаға
оны көрсетіп оған күтім жасауды үйретеді, су, шөп беру т.б. Мұның бәрі баланың
көңілін өсіріп, еңбекке ынталандырады.
2- жастағы бүлдіршіннің дамуы:
Бала екі жасқа тола
бастағанда дене бітімі балғадай болып, өте ықшам да сергек күйге ауысады. Оның
ойлау қабілеті ерекше күшейіп, тыным
таппай серуендеп жүріп,
айналасындағы адамдармен сөйлесуді, табиғатпен тілдесуді жақсы көреді. Оның бұл кезде еркін қимыл-
қозғалыс жасайтын уақыты да ( 5 сағ.) көбейеді. Өзінің іс-әрекетін өз еркіне
бағындыра алатын деңгейге жетеді,
тұлабойында өткен айлармен ешқандай салыстыруға келмейтін ғажайып өзгерістер
болады. Дене құрылысы мен психологиялық
түйсік, танымдарындағы күрделілік ерекше байқалады. Сәбидің бір жастағы
кезіндей дене салмағы мен тұрқы жылдам
өспесе де, аяқ – қолдары сұңғақтанып, кеуде қуысының ауқымдалуымен көкірек кеңістігі кемелдене түседі. Денесінің
тұрқы -
бір жастағысынан 12
Баланың қозғалыс қуаты артқан сайын, ойлау қабілеті
күшейе бастайды . Күннен күнге қиялы қанаттанып, ішкі түйсігімен сезіну қасиеттері де тереңдейді. Екі жасқа
толған кезінде баланың ойлау қабілеті арта бастайды .
Оның сөйлеп, тіл үйренуге ынтасы артып, 200-ден 500-ге дейін сөздік
хоры қалыптасады.
Бұл жасында балалар өздері тамақтануға тырысады . Қолымен
қасықты оңтайлы ұстауға, оны аузына апаруға жаттығады.Үлкен ас қасық та немесе
кішкентай шай қасық та балаға ыңғайлы емес. Оған орташа көлемдегі қасықты
берген жөн. Тәрелкенің түбі шұңғыл және
әр түрлі суреттер салынғаны
дұрыс.
Екі жас
аралығындағы балаларды жаз
айларында, тіпті ыңғайы келсе қыс айларында да таза ауада, ашық бөлмеде
жатқызған дұрыс. Таза ауадағы ұйқы жайлы болады. Баланың барлық киімдері өзіне
шақ ыңғайлы болуы керек. Баланың өзіне шақ, сұлу тігілген киімдері оның
көңілдерін ашып, әсерлендіріледі, тіпті тазалық пен ұқыптылыққа үйретеді. Ол
өзіне ұнайтын киімдерін кірлетпеуге тырысады. Сонымен қоса киімдерінің аттарын
тез жаттап алуға ұмтылады. Сөйтіп, киімдерінің аттарына қарай рет-ретімен
киінуге де әдеттене бастайды . Әйтсе де, екі жасар баланың өзін-өзі тазалыққа баулуы, жуына, сүртіне білуі, пайдаланған заттарын
орын –орындарына қоюы бірте –бірте қалыптасады. Олар бар ынта, жігерімен
үлкендердің айтқандарын түсінуге, тіпті, бұлжытпай орындауға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге өз
өтініштерін де сөзбен жеткізуге ерекше мән береді. Сондықтан бұл жастағы
балалардың ойын бұзбай, сөзін аяғына
дейін тыңдағаны дұрыс. Өйткені, ол сөзін аяқтатпаған адамға ренжіп, көңіл
күйзелісіне түсетін болады. Тәрбиеші оларды төзімді түрде тыңдап, сөйлесу
арқылы балалардың сөздік хорларын молайту мен тілін ұштауға ықпал
ететіндіктерін түсіндіргендері жөн. Бұл
жастағы балалар тәрбиешінің өзімен сөйлескенін ұнатады. Сөйлесу кезінде олар
жаппай қатынасып , жамырай жауап беруге тырысады.
Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойындағы
бала айналасындағы тұрмысынан не көрсе, соны істейді. Жалпы, ойын баланың
тілінің өркендеуіне көп пайда тигізіп, ойнағанда тоқтаусыз қозғалып, былдырлап,
күліп, сөйлей беруге әсер етеді. Жалпы ойын мен, жалпы тұрмысқа, яғни басқа
адамдарға бірігіп тұруға үйренеді,
тілегін біреуге тыңдатып, басқаның тілегін, сөзін өзі тыңдап, қысқасы тұрмыстың
бірінші шарты – жалпы заңдарды орындап , атқарып үйренеді.
Тәрбиесі мен күтімдері дұрыс балалар екі жасында әр ай
сайын 170 -190 граммнан қосып , жалпы салмағы 12 -13 килограммдай болады.
Оның бойы айына
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.